Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2


Тақырыптың  зерттелу  деңгейі



Pdf көрінісі
бет48/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128
Байланысты:
Sbornik

Тақырыптың  зерттелу  деңгейі.  60  -  жылдардың  орта  шеніне  карай 
отандық  ғалымдардың  еңбектерінде  Қазақстандағы  социалистік  құрылыстың 
түрлі  кезеңдерінде  интеллигенцияның  қалыптасуын,  даму  мәселелерін, 
олардың  қызметі  мен  атқарған  рөлін  неғұрлым  кең  ауқымда  талдаушылық 
сипат  алды.  Ұлттық  интеллигенция  тақырыбын  зерттеудің  70  -  жылдардан 
бастап едәуір жандана түскені байқалады. 
Проблемалардың  жекелеген  қырларын  зерттеуге  арналған,  қазақ 
интеллигенциясы  өкілдерінің  өмірбаяндық  деректеріне,  олардың  саяси  және 
дүниетанымдық  көзқарастарына  тереңірек  бойлаған  еңбектер  шықты  (Қ. 
Бисембиев,  С.  Бейсенбаев,  Қ.  Жаманбаев  т.б.).  Солардың  ішінен  Р.Б. 
Сүлейменовтың  орыс  тілінде  жарық  көрген  «Мәдени  революцияның  лениндік 
идеялары  және  олардың  Қазақстанда  жүзеге  асырылуы»  деген  іргелі  еңбегін 
атап өткен жөн, оның екінші тарауы Қазақстанның революцияға дейінгі мәдени 
мүраларына арналған. 
Қазақ интеллигенциясы қалыптасуының күрделі проблемаларын жаңаша 
зерделеудің  егеменді  еліміздің  тарихнамасындағы  айтулы  кезеңі  80  - 
жылдардың  соңынан  басталады.  Осы  жылдары  жарияланған  басылымдарда 
«интеллигенция»  үғымы  мен  оның  тарихы  бір  қырынан,  коғамды 
жаңғыртудағы  интеллектуальдық  еңбектің  рөлі  екінші  қырынан  екі  басқа 
айқындама тұрғысынан қаралып, интеллигенция мен өкіметтің, интеллигенция 
мен халықтың өзара қарым - қатынасы туралы мәселелер көтерілді [2]. 
ХІХ  -  ХХ  ғасырлардағы  Қазақстанның  қоғамдық  өміріне  арналған  В.З. 
Ғалиевтің  еңбектерінде  қазақ  арасынан  шыққан  алғашқы  оқыған,  көзі  ашық, 
білімді  азаматтар  -  зерттеушілер  мен  публицистер,  аудармашылар  мен  жол 
нұсқаушылар хақында кұнды мәліметтер кеңінен қамтылған. Х.М. Әбжанов пен 
Л.Я.  Гуревич  өз  зерттеулерінде  қазақ  интеллигенциясының,  оның  мәні  мен 


84 
атқарған  қызметінің  бірқатар  проблемаларын  қарастырды,  интеллигенцияның 
қалыптаса  бастаған  кезеңі  туралы  жаңсақ  айтылған  пікірлерді  сынға  алды. 
Соңғы жылдары интеллигенция тарихының қадау - қадау проблемаларын жаңа 
тарихи  таным  мен  методология  тұрғысынан  саралауда  қыруар  істер 
тындырылды.  Академик  М.Қ.  Қозыбаев  өз  еңбектерінде  интеллигенция 
тарихындағы  «ақтаңдақты»  беттердің  сырын  ашып,  оның  жазықсыз  жазаға 
ұшыраған  қайраткерлерінің  мұрасын  зерттеудің  бағыт  -  бағдарламасын 
айқындап  берді.  Белгілі  ғалым  К.Н.  Нүрпейісовтың  дәйекті  зерттеулері  қазақ 
интеллигенциясына  таңылған  қатал,  әділетсіз  бағаның  ақиқатын  анықтап, 
тарихи шындықты қалпына келтіруге арналған [3]. 
Егеменді  еліміздің  жаңа  тарихи  танымын  қалыптастыруда  тындырымды 
ізденістері  мен  танымал  М.  Қойгелдиевтің  докторлық диссертациясында  және 
соның  негізінде  жарияланған  монографиясында  қазақ  демократиялық 
интеллигенцияның  XX  ғасырдың  алғашқы  20  жылындағы  қоғамдық  -  саяси 
қызметі  жан  -  жақты  терең  қамтылған.  Аманжолованың  Д.  «Казахский 
автономизм  и  Россия»  жуырда  шыққан  «Алашорда  на  изломе  ХХ  века»  атты 
монографиялар  аталған  тақырыпты  жаңа  пайымдаулар  тұрғысынан  қараумен 
ерекшеленеді,  әсіресе  деректемелік  базаның  ауқымдылығымен  көзге  түседі. 
Әбілхожиннің  Ж.Б.  еңбектерінде  ұлттық  -  демократиялық  интеллигенция 
өкілдерінің қазақтың әлеуметтік - экономикалық өмірін зерттеуге қосқан үлесі 
тиісті  бағасын  алған.  Көкшелік  айтулы  ұлт  тұлғаларын  зерттеуде  көп  еңбек 
сіңіріп,  бұрындары  көпшілікке  беймәлім  боп  келген  алаш  азаматтарының 
қызметін,  саяси  -  қоғамдық  келбетін  танытудағы  профессор  Әбуовтың  Қ 
еңбектерінің  орны  ерекше,  ғалымның:  Сұлтанғазы  Уәлиханов,  Мәмбеталы 
Шөбекұлы,  Науан  Хазірет,  Шәймерден  Қосшығұлов,  Айдархан  Тұрлыбаев 
турасында  жазған  мақалалары  мен  кітаптары  қазіргі  алаштануға  қосылған 
өзіндік үлес болып табылады [5]. 
Сондай  -  ақ  күнделікті  баспасөз  соның  ішінде  Өмірзақ  Озғанбайдың 
«Егемен  Қазақстан»газетінде  «Ресей  Думасындағы  қазақтар»  атты  көлемді 
мақала  жарияланып,  онда  көкшелік  алаш  азаматтары  Айдархан  Тұрлыбаев, 
Шаймерден  Қосшығұлов  турасында  біраз  материалдар  көпшілікке  танымал 
болды.  Зерттеуші  ғалымдар  мен  публицистердің  шығармашылық  ізденістері 
баспа жүзінде жарық көрді [6]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет