Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2


ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ



Pdf көрінісі
бет97/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128
ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ 
ҚОЛДАНЫЛУЫ ШАРАЛАРЫ 
 
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің  
«Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» 
Мамандығының 4 курс студенті  
Багаудинов С.М. - Ғылыми жетекшісі экология және өмір тіршілік  
қауіпсіздігі кафедрасының оқытушысы,  
Экология мамандығының 1 курс магистранты: Кариполлаев М.К. 
 
Желдету  деп  тұрғын,  қоғамдық  және  өнеркәсіп  үйлердің  бөлмелерінде 
есептелген  ауа  алмасуын  қамтамасыз  ететін  шаралармен  құрылғылардың 
жиынтығын  айтады.Желдетудің  санитарлы  -  гигиеналық  қызметі  бөлмелерде 
өнеркәсіп  кәсіпорындарды  жобалау  санитарлық  нормалармен  тережелерінің 
таланттарын қанағаттандыратын ауа ортасының күйін сақтауында тұрады.  
Тарамдалған  желдеткіш  үш  негізгі  элементтерден  тұрады:  күрек 
тарамдалған  дөңгелектен  (кейде  ротор,  турбина  деп  аталатын),  шиыршықты 
корпустан  (қаптама  немесе  улитка  деп  аталатын)  және  білігімен 
подшипниктары  бар  станинадан  әдеттегі  түрінің  тарамдалған  дөңгелектер 
күректерден,  алдынғы  дисктан,  артқы  дисктан  және  күпшектен  тұрады.  Сору 
жағынан  қарағанда  сағат  тілі  бойынша  дөңгелектері  дұрыс  айналатын 
желдеткіштер  оң  жақты  деп  аталады,  ал  сағат  тіліне  қарсы  айналатын  –  сол 
жақты. Тарамдалған желдеткіштерді төмен қысымды (

1000 Па дейін), орташа 
қысымды  (

3000  Па  дейін)  және  жоғары  қысымды  (

3000  Па  -  данартық) 
желдеткіштерге  бөлуге  болады.  Түтін  газдарды  ауыстыратын  желдеткіштерді 
түтін  сорғыш  деп  атайды,  ал  механикалық  қоспалармен  ластанған  ауаны 
ауыстыратын желдеткіштерді - шаң желдеткіштер [1]. 
Вентиляция түрлеріне байланысты әр жерде әр түрлі әдіспен қолданылады. 
Сыртқы  ауаны  шаң  мен  микроорганизмдерден  тазарту  үшін  сүзгіштер 
қолдануынсызбада  көрсетілген.  Оны  өндірісте  қолданған  өте  тиімді  (Сурет  1) 
[2]. 
 
 
 
Сурет 1. Майлы сүзгіш ФС2  
(Ф - ауа сүзгіш; С - торлы майлы өзі талгыш; 2 - өңдеудің реттік нөмері) 
 


187 
Суреттегі майлы сүзгіште сүзге элемент ретінде 4 шексіз метал торлар 4 
қолданылады.  Олар  электродвигатель  көмегімен  қозғалады.  Ауаны  шаңнан 
тазартылуі  майланған  –  шексіз  қозғалатын  торлар  арқылы  өткен  процесінде 
жүзеге асады. Майлы ванна арқылы торлар өткен кезде шаңнын тұнған қабаты 
жуулады  және  шлам  түрінде  май  бағының  2  түбіне  тұнады.  Сүзгі  торлар 
жылына 1 рет 70 - 80
о
  С  температурада  жуғыш  ұнтақтардың  немесе  пастаның 
10% - тік су ерітіндісімен жуулады. Сүзгіштің өткізетін қабілеті 10000 - 10600 
м
3
  (г•м
2
)  құрайды.  Ауаны  тазартудың  нәтижелілігі  –  10  мг/м
3
  дейін.  ФяРБ 
сүзгіштің маркасы білдіреді.: Фя – сүзгіш ұяшықты; Р – Г.В. Рекк инженерінің 
түрі; толтырғыш –винипласт торлары; Б – модификация. Сүзгі қабаты 12 болат 
немесе винипласт кеңірдектенген торлардан құралады. Торларда 2,5 - 0,63 мм - 
лі ұяшықтары бар. Ластанған сүзгішті 70 - 80
о
 С темпратурада сода ерітіндінде 
тазалайды.  
Желдетудің  бір  тағы  бір  түрі  шуға  қарсы  желдету  жүйелері.  Жұмыс 
істегенде  шудың  екі  түрі  –  аэродинамикалық  және  механикалық  –  пайда 
болатын желдеткіш қондырғы желдету механикалық жүйелерінде шудың және 
тербелудің негізгі көзі болады [3]. 
Аэродинамикалық  шу  дөңгелектің  қалақтарының  және  желдеткіштің 
қаптаманың қасында, ең алдымен, кіре берісте және шыға берісте, құйын пайда 
болдықтан,  сонымен  қатар,  шу  ретінде  сезілетін  ауаның  мезгіл  -  мезгіл 
пульсацияның есебімен пайда болады. 
Желдеткіш қондырғының қатты тербелуі адамның көңіл күйіне жағымсыз 
әсер еткеннен басқа, ол жиі өндірістің технологиялық процесінде бөгеуіл бола 
алады. Көп жағдайларда тербелу уақыттан бұрын тозудың, тіпті үйдің құрылыс, 
конструкцияларының қирауының себеп болу мүмкін [4]. 
Желдеткіш  қондырғы  жұмыс  істегенде  пайда  болатын  аэродинамикалық 
және шу каналдарда және ауа құбырларда жылжитып, ауа ортасында, олардың 
қабырғалары  бойынша  немесе  олар  салынған  массивінде  таралады.  Бұдан 
басқа,  шу  желдеткіш  қондырғының  табан  және  фундамент  арқылы  үйдің 
қоршау конструкциялары бойынша, кейде желдеткіш бөлмеден әжептәуір алыс 
орналасқан бөлмелерге таралады. Желдеткіш қондырғылардың шуымен күресу 
үшін  желдеткіштің  жұмыс  дөңгелегінің  айналу  айналма  жылдамдығын 
азайтады, сонымен қатар, конструктивтік пен монтаждық шараларды өткізеді. 
Салыстырмалы  шусыздық  шарт  бойынша  желдеткіштің  жұмыс 
дөңгелегінің  айналу  келесі  айналма  жылдамдықтар  ұсынылады:  тұрғын  және 
қоғамдық үйлерде орналасқан білік желдеткіштерге 35 м/с –ден аспау керек, ал 
тарамдалған  желдеткіштерге  –  25  -  30  м/с,  өндіріс  үйлерде  айналма 
жылдамдықтарды басқа көздерден шуды алып қабылдайды, бірақ 50% кем емес 
[5]. 
Конструктивтік  және  монтаждық  шарттар  үйдің  желдету  жүйелерін 
жоспарлау  процесінде  мұқият  түрінде  өңделу  керек.  Желдетудің  сапалы 
жүйелерін  құруға  мүмкіндік  беретін  кейбір  әбден  дәлелденген  нұсқаларды 
келтіреміз. 
1.  Құрамы 
бойынша 
оңай 
және 
мүмкіндігінше 
минимальды 
аэродинамикалық  кедергіге  ие  болатын  аса  тарамданбаған  жүйелермен 
пайдаланылуға  тырысу  керек.  Бұл  жоғары  емес  қысымымен,  шуы  аз  желдету 


188 
агрегаттарды пайдаланылу мүмкіндік береді. 
2.  Дыбыс қысымы қатал регламенттелетін бөлмелерде аа жіберетін және 
сорып  шығаратын  камерадан  алыс  орналастыру  керек.  Камерадан  бөлмеге 
дейін дыбыспен өтетін жолын ұзартуымен дыбыс қысым деңгейін 1 м - де 1 дБ 
- ге төмендеуіне жетеді. 
3.  Артқа  бүгілген  күректері  бар  тарамдалған  желдеткішпен  және  білік 
желдеткішпен пайдаланылу керек. 
4.  Тербелу подшипниктерді жылжу подшипниктермен ауыстыру керек. 
5.  Ауаны  сорып  шығаратын  камераларда қосалқы  бөлмелердің  (басқыш 
алаңдардың, сан тораптардың т.б.) үстінен орналастыру керек. 
6.  Желдету  камераларының  ішкі  беттерін  дыбысты  тартып  алатын 
сылақпен жабу керек немесе әртүрлі биіктілігімен дыбыстарды жақсы сіңіретін 
материалдармен қаптау керек. 
7.  Камера есігінің дыбысты изоляциялау қабілетін көтеру үшін олардың 
конструкциясын қалыңдығы 40 - 50 мм тақтайлармен ауырлату, қос есікті құру 
және есікті максимальды тығыз жабуын қамтамасыз ету мүмкін 
8.  Үйлердің  каркасына,  қоршау  конструкциясына  электродвигательді, 
желдеткіштерді  және  тербелуді  қоздыратын  басқа  жабдықтауды  тікелей 
бекітуге болмайды. 
9.  Ауа құбырларда арнайы шуды бастырғыштарды орналастыру керек. 
10. Желдеткіштерді  электродвигателімен  икемді  муфта  көмегімен  қосу 
керек немесе сына тәрізді беріліспен пайдаланылу керек. 
11. Желдеткішті  ауа  құбырына  резеңкеленген  матадан  жасалған  жұмсақ 
ендірме арқылы қосу керек. 
12. Желдеткіштің кіру тесігін жатық қылып істеуге керек. 
13. Тербелуді изоляциялау табандармен пайдалану керек. 
14. Метал  беттерінен  шығатын  шуды  азайту  үшін  оларды  тербелуді 
изоляциялау  мастикамен  (синтез  шайыпмен  толтырғыштың  қоспасы)  жабу 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет