Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2



Pdf көрінісі
бет93/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   128
ЛИТЕРАТУРА 
1. Оперативно  -  розыскная  деятельность:  Учебник.  2  -  е  изд.,  доп.  и  перераб.  / 
Под  ред.  Горяинова  К.К.,  Овчинского  В.С.,  Синилова  Г.К.,  Шумилова  А.Ю. 
М.: ИНФРА - М, 2012.  
2. Можаров А.В. К вопросу о сущности и научном определении термина «опе-
ративно - розыскная деятельность» // «За права военнослужащих», 2007. 
 
 
ХАЛЫҚТАР КӨШІ - ҚОНЫ, 
ХАЛЫҚТАРДЫҢ АУМАҚТЫҚ ЖЫЛЖУ КӨРСЕТКІШТЕРІ 
 
Тлеубердина У.Т., Мырзагалиева А.Б. 
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 
 
Көші  -  қон  –  жеке  адамдардың  Қазақстан  Республикасының  ішінде 
тұрақты  немесе  уақытша  қоныс  ауыстыруы.Көші  -  қон  саясатының  бүгінгі 
жағдайына талдау жасалды, ол бұл салада жедел шешуді талап ететін бірқатар 
проблемалар  бар  екенін  көрсетті.  Президент  тиісті  мемлекеттік  органдарға 
нақты тапсырмалар берді.  


177 
2006  жылдың  аяғына  дейін  республикада  іспен  айналысатын  шетелдік 
жұмысшы  күштерін  жария  ету,  ел  аумағында  еңбекпен  және  кәсіпкерлік 
қызметпен  айналысатын  шетелдік  азаттардың  еңбек  мигранты  мәртебесін  алу 
тетігін талдап жасау жөніндегі жұмыстар аяқталуы тиіс. 
Қазіргі  кезде  Мемлекет  басшысының  наурыздағы  Жолдауын  іске  асыру 
аясында  «Заңсыз  еңбек  мигранттарын  жария  ету  туралы»заң  жобасы  талдап 
жасалып,  Парламенттің  қарауына  енгізілді.  Әңгіме  бір  реттік  акция  туралы 
болып отыр. 
Көші  -  қон  мәселелері бойынша  ведомствоаралық  ықпалдасудың,  соның 
ішінде  ақпарат  алмасу  тәртібі  мен  жаңа  ақпараттық  технологияларды  енгізу 
мүмкіндігін  жетілдіруді  ескере  отырып,  ықпалдасудың  сайма  -  сай  жүйесін 
қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. 
Шетелдік кәсіпкерлік құрылымдардың республиканың салық, еңбек және 
көші  -  қон  заңнамасын  сақтауына  тиімді  бақылауды  қамтамасыз  ету, 
оралмандарды  өңірлік  еңбек  рыногының  қажетіліктерін  ескере  отырып, 
анықталған  алғашқы  қоныстану  орындарында  орнықтыру  жөнінде  шаралар 
қабылданған жөн. 
Бас  прокуратураның  көші  -  қон  саласында  заңдылықтың  сақталуын 
қадағалауын күшейту қажет. 
Көші  -  қон  үдерістерін  реттеу  жүйесін  ұйымдық  және  ресурстық 
қамтамасыз  етуді  дамыту,  Қазақстан  аумағына  кіру  барысын  миграциялық 
бақылауды  жетілдіру  жалғасып,  көршілес  елдердің  бейіндік  ведомстволдар 
арасындағы байланыстар белсенді бола түседі. Бұл ретте, бірінші кезекте, біздің 
азаматтарды  кәсіби  әзірлеу  жөніндегі  өзіміздің  мүмкіндіктер  анықталады. 
Қалған  сұранысты  жұмыс  күшін  импорттау  есебінен,  оның  ішінде  жаппай 
тұрғыда емес, нақты мамандықтар мен өңірлері мен экономикасының салалары 
тұрғысынан толықтыру жоспарланған [1]. 
Болашақ  әріптестерге  ол  елдерден  еңбек  ресурстарын  тартуға  нақты 
өтінімдер  ұсынылып,  мигранттардың  кепілдіктермен  қамтамасыз  етіледі. 
Сонымен  бірге  көші  -  қон  заңнамасын  бірнеше  рет  бұзып,  қоғамда  шиеленіс 
туғызатын  жасырын  мигранттар  мен  адамдарға  қатысты  саясат  қатаятын 
болады. 
Қазіргі  кезде  әлемнің  барлық  елдері  жұмыс  күшінің  импорты  мен 
экспорты процестеріне іс жүзінде белсенді ықпал етеді. Ең алдымен, заңнаманы 
тиімді қамтамасыз ету және миграциялық саясатты дұрыс жүргізу миграциялық 
процестердің теріс салдарын төмендетуге, халық ахуалының сапасын көтеруге 
және өсу қарқынының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретінін атап өткен 
жөн. 
Осыдан 
мемлекеттің 
миграциялық 
саясаты 
мен 
миграция 
қарқындылығының арасында тығыз өзара байланысты аңғаруға болады. Батыс 
елдерінің  миграциялық  заңнамасы,  біріншіден,  өз  елдерінің  экономикалық 
мүдделерін  қамтамасыз  етуді  көздейді.  Сонымен  қатар,  бұл  елдердің 
миграциялық саясаты саяси үрдістермен тығыз байланысты болғандықтан, көші 

қон  заңнамасын  қарастыруда  Қазақстанның  да  эмиграциясының 
қарқындылығы  шетелдердің  миграциялық  саясатына  тәуелді  болатынын  көре 
аламыз. 
 


178 
Миграцияны  көп  қабылдайтын  елдер,  оның  ішінде  Австрия,  Германия, 
Ұлыбритания,  Канада,  Франция  және  Солтүстік  Еуропа  елдері  соңғы 
онжылдықта  өз  заңнамасын  өзгертіп,  оны  қатаң  түрде  қолдана  бастады,  ал 
басқалары,  мысалы,  Нидерланды  мемлекеті  болашақта  бұл  шараларды 
қабылдауды  жоспарлап  отыр.  Заңнамалық  өзгертулерді  орындау  бұл  елдерде 
баспанаға  қол  жеткізуді  көздеп  жүрген  тұлғалар  санын  екі  -  үщ  жыл  ішінде 
айтарлықтай  азайтуға  әкелетін  фактор  болып  табылады.  Мәселен,  Батыс 
Еуропада баспана іздеп жүргендердің саны 1992 жылы 0,7 млнды құраса, 1994 
жылы 0,3 млнға дейін 2 есе төмендеген болатын. 
1990  жылғы  Еңбекші  мигранттары  мен  олардың  отбасы  мүшелерінің 
құқықтарын қорғау жөніндегі Халықаралық конвенциясы осы салада ауқымды 
құқықтық құжат болып табылады. Конвенция 2003 жылы 1 шілдеде өз күшіне 
еніп,  21  рет  ратификацияға  қосылу  және  мигранттардың  құқықтары  жөнінде 
мәселелер  уәкілетті  құрылымдарда  белсенділікпен  талқылануда.  Мәселен, 
Қырғызстанда. Ал, көпшілік елдерде бұл мәселе туралы әлі сөз қозғалмады [2]. 
Бүгінгі  күнге  дейін  аталмыш  Конвенцияны  ратификацияланған  елдердің 
көбісі  мигранттардың  шығу  елі  болып  табылады.  Мысалы,  Мексика,  Марокко 
және  Филиппин  елдерінің  азматтары  өзге  елге  жұмыс  іздеуге  көп  кеткеннен 
кейін, олардың еңбекші мигрант ретінде санаулы көптен орын алуда. 
Көші  -  қон  -  адамдардың  тұрғылықты  мекенінен  әртүрлі  себептермен 
басқа жерге қоныс аударуы, көшіп - қонуы. Көші - қон адамдардың белгілі бір 
аумақтың  шекарасынан  асып,  тұрақты  немесе  уақытша  тұрғылықты  мекенге 
қоныс  аудару  арқылы  жүзеге  асады.  Халықтың  әлеуметтік,  экономикалық, 
экологиялық,  саяси,  діни,  әскери  және  басқа  есептермен  ұйымдасқан  түрде 
(мемлекеттің  және  басқа  қоғамдық  құрылымдардың  қатысуымен)  және 
ұйымдаспаған  түрде  (көшіп  келушілердің  өздерінің  күшімен)  көші  -  қонуы 
мүмкін. Қазіргі кезде көші - қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы 
экономикалық  себеп  болып  отыр.  Қазақстан  да  бұған  экологиялық  апат 
аймақтарына  байланысты  себепті  де  қосуға  болады.  Халықтың  көшіп  -  қонуы 
ежелгі  заманнан  бері  бар.  Халықтың  көші  -  қоны  латын  тілінен  аударғанда 
қоныс  аудару  деген  мағынаны  білдіреді.Мамандар  көші  -  қоны  мағынасын  әр 
түрлі  қарастырады.Оған  тұрғылықты  орындарын  ауыстыруына  байланысты, 
тұрғындардың  қоныс  аударуы  жатады.  Көші  -  қон  алғашқы  қоғамдық  еңбек 
бөлінісімен  (бақташылар  тайпасының  бөлініп  шығуымен),  егіншіліктің 
дауымен,  егіншіліктен  қолөнердің  бөлінуімен,  халықтардың  ұлы  қоныс 
аударуымен,  ұлы  географиялық  ашылымдармен,  индустрияның  дамуымен  (19 
ғасырдың басында) байланысты болды. XX - ғасырда көші - қонға соғыстар зор 
әсерін  тигізді.  Көші  -  қон  адамзаттың  дамуында,  аумақтардың  халықтар 
арасында  қайта  бөлініске  түсінуде  зор  рөл  атқарды.Көші  -  қон  ағындарының 
бағыттары  бойынша  ішкі  және  сыртқы  болып  бөлінеді.Сыртқы  көші  -  қон 
мемлекеттік 
шекараларда 
қиылысады 
және 
континентарлық 
және 
континентішілік  болып  қарастырылады.  Халықтар  қозғалысының  ішкі  көші  - 
қоны күрт төмендеді. Ауданаралық көш - қон бағыттары қарама - қарсы өзгерді. 
Соның  нәтижесінде  ауыл  -  аймақтардан  Қиыр  Шығыс,  Сібір,  Орталық 
аудандарға  халықтың  қайтымды  қозғалысы  пайда  болды.  Көші  -  қон 
тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың 


179 
демографиялық  және  әлеуметтік  құрылымына,  қоныстануына,  этнографиялық 
құрамының  өзгеруіне  ықпал  етеді.  Тұрақты  тұрғылықты  мекенінің  түпкілікті 
ауысуына  байланысты:  -  тым  ұзақ  мерзімге  қоныс  аудару  мен  байланысты 
уақытша  көші  -  қон;  -  жылдың  белгілі  бір  кезеңінде  орын  ауыстыру  мен 
байланысты  маусымдық  көші  -  қон;  -  басқа  жердегі  жұмыс,  оқу  орындарына 
ұдайы  әрлі  -  бері  жүріп  тұратын  қатынамалы  көші  -  қон;  -  елден  сырт  жерге 
көшіп  кету,  елге  көшіп  келу  түріндегі  сыртқы  көші  -  қон;  -  ел  ішінде  қоныс 
аудару мен байланысты ішкі көші - қон түрлеріне бөлінеді. 
Қазақстандағы  тұрғындар  көші  -  қоны,  негізінен  өнеркәсіптік  сипатта 
болды. Яғни, көп жағдайларда қалалар мен қала типтес елді мекендерге көшіп 
келді [3]. 
Дүниежүзі  қазақтарының  қауымдастығы  сияқты  мемлекет  және 
беймемлекет мекемелер құрылды, шет жұрт таната көшіп келетін оралмандарға 
жыл  сайын  өсіп  отыратын  квота  белгіленіп,  олардың  белгіленген  аймақтарға 
қоныс  теуіп  жайғасуы  үшін  мемлекет  және  жергілікті  бюджеттерден  қаржы 
бөлініп  тұратын  болады.  Сондай  -  ақ,  Қазақстанға  мәжбүрлі  жағдайда  көшіп 
келіп,  тұрақтап  қалған  көптеген  өкілдері  өздерінің  атажұртына  көшіп  баруға 
мүмкіндік алды.  
Дүниежүзі  халықтарының  көші  -  қоны  жөнінде  айтсақ,  дамушы  елдерде 
ішкі  көші  -  қонның  қарқындылығы  төмен  және  қаладағы  аграрлы  халықтың 
шамадан  тыс  көп  аудандарынан  халықтардың  қашып  келуін  туғызды, 
экономикасы  дамыған  аудандарда  ішкі  көші  -  қон  коньюктураның,  көлік 
қатынасы  жоғары  дамыған  деңгейінің  және  коммуникация  жабдықтарының 
үнемі  өзгеріп  тұруына  мүмкіндік  беретін  халықтардың  көп  бөлігін  қамтыды. 
Бұлар ең алдымен жалдамалы жұмысшылар және олардың отбасы еді.  
90  -  жылдардың  басында  саяси  және  экономикалық  жағдайлардың 
ауысуына  байланысты  қөші  -  қон  өте  маңызды  түрге  өзгерді.  Мәскеуде  және 
Санк  -  Петербургте  көші  -  қон  сальдосы  теріс  бағытта  жүрді.  Сол  уақытта 
халықаралық  көші  -  қон  ағындары  өсті.  Бірінші  және  екінші  дүниежүзілік 
соғыстың  нәтижесінде,  сонымен  бірге  дүние  жүзі  саяси  картасының 
отаршылдық  жүйесінің  бұзылуына  байланысты  саяси  өзгеру  себептері 
бойынша халықтардың көші - қонына әкелді [4]. 
Қазақстан 
Республикасы 
тәуелсіздік 
алған 
жылдардан 
бастап 
дүниежүзілік  көші  -  қон  үрдестерінің  белсенді  қатысушысына  айналды. 
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарынан  бастап  көші  -  қон  процестерін  реттеу 
мемлекеттік  саясаттың маңызды бағыттарының  біріне  жатады.  ТМД  елдерінің 
шеңберіндегі  негізгі  көші  -  қон  ағыны  Ресей,  Украина  және  Орта  Азия 
елдерімен,  алыс  шет  елдердің  арасында  -  Германиямен  байланысты  болып 
отыр.  ТМД  елдерімен  оң  көші  -  қон  сальдосы  сақталды.  Көші  -  қон  шығыны 
Ресей Федерациясымен 1999 - 2007 жылдар арасында – 3 есеге, Беллоруссиямен 
–  6  есеге,  Украинамен  –  7  есеге  төмендеді.  Алайда,  2007  жылы  2006  жылмен 
салыстырғанда, көші - қонның оң сальдосы 3 еседен астам кеміген. 
Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  бері  алыс  -  жақын  шетелдерден  атажұртқа 
оралған қандастарымыздың саны миллионға жуықтаған. Бұл жері көп, халқы аз 
қазақ елі үшін үлкен күш екендігі даусыз. Ұлтымыздың мұндай демографиялық 
жаңғыруға қол жеткізуіне Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғасыр 


180 
тоғысындағы  стратегиялық  сәтті  шешімі  мұрындық  болды.  Содан  бері 
жалғасқан ұлы көш Нұрлы көшке ұласты [5]. 
Мұндай  демографиялық  жағдайының  жетуіндегі  Елбасы  бастамасы 
интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру  барысындағы  ірі  бағыттағы  қадамның  бірі 
деп түйіндей аламыз. Ұрпақтар сабақтастығында кейінгі кезеңдегі тарихта Ұлы 
көш деп бағалануы тарихтың еншісіндегі шындық.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет