Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2016



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата27.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#10575
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

ЛИТЕРАТУРА 
1.
 
Закон  Республики  Казахстан  «Об  образовании»  от  27.07.2007  №319  -  III  ЗРК.  //  СПС 
«Юрист». 
2.
 
Государственный общеобязательный стандарт среднего общего образования Республики 
Казахстан. Основные положения. Алматы: РОНД, 2002. - 52 с. 
3.
 
Назарбаев H.A. Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана / Казах-
станская правда от 18 февраля 2005.  
5.
 
Государственная концепция развития системы среднего общего образования Республики 
Казахстан. Проект. - Алматы, 1997. - 60 с. 
6.
 
Беспалько  В.П.  Образование  и  обучение  с  участием  компьютеров  (педагогика  третьего 
тысячелетия) М.: Изд-во МПСИ, - 2008. - 421 6. Махмутов М.И. Теория и практика про-
блемного обучения. Казань: Таткнигоиздат, 2002. - 522 с. 
7.
 
Селевко Г.К., Беспалько В.П., Кларин М.В., Чернилевский Д.В. Современные образова-
тельные технологии: Учебное пособие. М.: Народное образование, 2006. - 132 с. 
 

62 
8.
 
Момынбаева  Б.К.  Проблемное  обучение  понятие  и  содержание:  Психолого-
педагогические основы и пути развития. // Вестник высшей школы. - 2007 - №2. - С. 17 -
24. 
9.
 
Зверинцев А.Б. Современные образовательные педагогические технологии. Учебное по-
собие. - Усть-Каменогорск: УНУ, 2005. - 141 с. 
10.
 
Абылкасымова А.Е., Ушуров Е.А., Омарова P.C. Развитие системы общего среднего об-
разования в современном мире. - Алматы: НИЦ «Гылым», 2003. - 112 с. 
 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Сенкубаев С.Т. к.п.н 
Тажина Әсем Бәделхановна 
 
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам мен технологиялық мәдениет дәуірі. Қазіргі кезде 
технологиялық  прогресс  әлеуметтік  үрдіске  әсер  ететін  неғұрлым  маңызды  фактор  болып 
табылады.  Педагогикалық  білім  берудің  технологиясын  жақсарту  -  қоғамның  мәдени  сана-
сезімін және экономикалық байлығын қалыптастырудың негізгі шарттардың бірі. Білім беру 
жүйесінде  оқыту  технологиясын  қолдануды  үнемі  жетілдіріп  отыру  үшін,  психологиялық-
педагогикалық  бағалау  өлшемдерінің  модификациясы  мен  оқушылардың  дайындық 
деңгейінің, білім берудің мақсаты мен оқытудың шарттары керек. Адамзат дамуының жаңа 
кезеңіне  жаңа  білім  беру  жүйесі,  жаңа  оқыту  жүйесі,  жаңа  білім  үлгісі  сай  келуі  тиіс. 
Сондықтан да оқытудың иннвациялық технологияларын қолдану мәселесі өзекті, әрі тың. 
Жиырма  бірінші  ғасырда  ақпараттық  қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  білім 
беру  саласында  төмендегідей  міндеттерді  шешу  көзделіп  отыр:  компьтерлік  техниканы, 
интернет,  телекоммуникациялық  желі,  электрондық  және  интерактивті  технология 
құралдарын, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқыту үдерісінде тиімді пайдалану 
арқылы  білім  сапасын  көтеруге  қолжетімді  болмақ.  Егемен  еліміздің  тірегі  -  білімді  ұрпақ. 
Білім  бастауы  -  бастауыш  мектептен  берілетіні  айқын.  Осыдан  да  бастауыш  мектепте  әр 
түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. 
Бастауыш  білім  берудің  негізгі  мақсаты  -  оқушының  жас  ерекшелік  және  жеке  дара 
мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  оқушы  тұлғасын  дамыту,  оқу  іс  -  әрекетінің  негізгі 
компоненттерін  игеру.  Бастауыш  мектептегі  оқу  әрекетін  ұйымдастыру  оқу,  жазу,  санау 
бойынша  қажетті  білім,  білік  және  дағдыны  қалыптастыру.  Бастауыш  сынып  оқушылары 
қиялға  көбірек  берілетін,  сенгіш  балалар.  Сондықтан  да  оқыту  үдерісін  ұйымдастырғанда 
баланың  танымдық  қабілетін,  қиялын  дамытуға  негіздеу  керек.  Қазіргі  интерактивті 
технологияларды  қолдану  арқылы  оқушылардың  ой  өрісінің,  қиялының  еркін  дамуына, 
танымдық  қабілетінің  артуына  жан  -  жақты  білім  алуына  жағдай  жасалады  [1].  Әрбір 
оқушының  білім  деңгейін  талапқа  сай  көтеру  үшін  интерактивті  технологияларды  тиімді 
қолдану  қажет.  Осындай  жұмыстарды  үнемі  жүргізу  оқушыларды  шығармашылыққа 
баулуға,  ұрпақ  бойындағы  қабілеттерді  ашып,  тілін  дамытуға,  қиялын  ұштауға,  өз  бетінше 
ізденуге зор әсерін тигізеді. Біз жаңа технологиялардың бірі, басқа өркениетті елдерде білім 
беруде  қолданылып,  тиімділігі  дәлелденген  интерактивті  технологияны  қолдана  бастадық. 
Интерактивті  құралдарды  қолдану  арқылы  оқушы  білім  кеңістігіне  еркін  бойлай  алады. 
Интерактивті  құралдардың  көмегімен  мұғалімнің,  оқушының  шығармашылық  жұмыс 
істеуіне  жол  ашылып  отыр.  Мысалы  кейбір  сабақ  материалы  Power  point  презентациясы 
немесе  мәтіндік  ақпарат  түрінде  беріледі.  Сонымен  қатар,  материалдық  құрамына  кесте, 
диаграмма,  сурет,  басқарушы  батырмалар,  гиперсілтемелер,  графиктер  болады.  Түсіндіру 
барысында  мұғалім  тақтаның  алдында  тұрып  жасырулы  ақпаратты  таныстырады,  тіпті 
өзгерте де алады. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда 
қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар 
белгілі  бір  форматпен  сақталады.  Мұғалім  алдын  -  ала  дайындаған  сабақты  оқушының 
білімін,  біліктілігін,  дағдысын  бақылауға  бағытталған  тапсырмаларды  орындауға  береді. 

63 
Сабақтың  барысында  тапсырманы  орындау  бойынша  ауызша  түсіндіру  жүргізіледі. 
Интерактивті  тақтаны  пайдалану  арқылы  теориялық  материал  қайталанады.  Мұғалім 
алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістер 
сабақты қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының 
орындаған  іс  -  әрекеттерін  есте  сақтап,  келесі  сабақта  қолдануға  болады.  Оқу  процесінде, 
оның  ішінде  практикалық  сабақтарда  интерактивті  құралдарды  қолдану  мұғалімнің  жеке 
тәжірибесіне  шығармашылық  ізденісіне  байланысты.  Интерактивті  құралдар  оқыту 
формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге 
мүмкіншіліктер  жасайды.  Бұл  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады. 
Мысалы  көркем  әдебиет  пәнінен  жануарлардың  төлдерін  қалай  шақырады  дыбыстарын 
тыңдай отырып, естігендерін жазады. Әр оқушы әр түрлі естіп, дыбыстауы мүмкін. Мысалы 
«Мәә  -  мәә»,  «мее  -  мее»,  «бөө  -  бөө»,  «шөө  -  шөө»  осылайша  жануарлардың  төлдерінің 
қалай дыбыстайтынын тез меңгереді. Көре отырып, есте сақтау қабілеттерін арттыруда тақта 
беттерінің  мүмкіншіліктерін  кеңінен  пайдалана  алады.  Сонымен,  интерактивтік  тақта 
сабаққа  қатысушылардың  барлығын  ойын  бір  ортаға,  жинақтап,  қажет  ақпаратты  өңдеу 
арқылы  жалпыланған  ақпараттық  біліктілікті  қалыптастыратын  тиімді  құрал  болып 
табылады.  Алдын  -  ала  дайындалған  оқу  материалдары  -  презентациялар,  мәтіндік, 
графикалық  ақпараттық  объектілер  -  сабақтың  жақсы  өтуін  және  барлық  ақпарат  түрлерін 
қолдануды  қамтамасыз  етеді.  Сабақта  уақытты  үнемдеу,  демонстрациялық  материалдар 
даярлау  мақсатында  интерактивті  тақтаны  пайдаланған  тиімді.  Интерактивті  тақтаның  үш 
режимінде  де  жұмыс  жасауға  болады.  Оқушылардың  интерактивті  құралдар  көмегімен 
қалыптасатын  және  жүзеге  асырылатын  ойлау  қабілеті  бұрынғы  технологиялар  арқылы 
берілетін  ойлау  жүйесінен  өзгеше  болғандықтан,  тек  ойлау  қабілеті  түсінігі  ғана  емес, 
қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.  
Интерактивті құралдардың ерекшеліктерін атап өтуге болады: 
1.
 
Бормен  тақтадан  алынған  суретті  интерактивті  тақтадағы  түрлі  -  түсті  айқын, 
ұқыпты суреттермен салыстыруға болмайды. 
2.
 
Тақта мен бордың көмегімен ұқсас тақырыптарды түсіндіру қиын. 
3.
 
Слайдтарды, флепчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. 
4.
 
Сабақта  ACTIV  OTE  тестілеу  жүйесі  арқылы  тест  алу  мүмкіндігін  қолдануға 
болады. 
5.
 
ACTIV WAND указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға 
да қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
6.
 
Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. 
7.
 
Сабақтың өнімділігі артады. 
8.
 
Оқушылардың білім деңгейіне жақсы әсер етеді [2]. 
Интерактивті технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның 
еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Талдау 
нәтижесінде 
интерактивті 
технологияның 
мұғалімге 
бұрынғыға 
қарағанда 
оқу 
бағдарламаларының мазмұнын жатық және біркелкі ұсынуға мүмкіндік беретінін көрсеткен 
[3]. Мысалы, мұғалім алдын ала бейне жазбаны, содан соң тақтадағы жазбаша ескертпелерді 
көрсетеді,  одан  кейін  балаларды  тақтаға  шығарып,  суреттер  мен  мәтіндерге  жауап  беруді 
сұрайды  және  тақтада  қорытынды  шығарады.  Енді  осы  барлық  іс-әрекеттерді  интерактивті 
тақтаға енгізуге болады.  
Мұғалімдер  интерактивті  технологияны  балаларды  қызықтыру  үшін  және  ақпаратты 
әртүрлі форматта бере  отырып, олардың дамып келе жатқан түсінігін бағыттау мақсатында 
пайдаланады. Осы қызметтің кейбір түрлерін интерактивті технологиясыз өткізуге болса да, 
интерактивті  технология  таныстырылымының  икемділігі  мен  жылдамдығы  басқа 
технологияларда өзіне ешкімді теңестірмейді.  
 
ӘДЕБИЕТ 
1.
 
Амирова А.С. Ғылым мен бастауыш білімнің қазіргі мәселелері. Алматы, 2015. - 378 б. 
2.
 
Мерсер Н., Хеннеси С., Уорвик П. (2010) Интерактивті тақтаны диалогты, технологияны, 
педагогика мен сыныптағы білім алуды ұйымдастыруда қолдану, 19 (2), Б. 195 - 209. 

64 
3.
 
Мерсер  Н.,  Твиннер  А.  (2007)  «Оқыту  революциясы»?  Британ  бастауыш  мектептерінде 
интерактивті тақталардың педагогикалық практикасын зерттеу. Оқыту, медиа және техно-
логия, 32 (3), 243 - 256. 
 
 
КІPІКТІPП OҚЫТY ӘДІCІ 
 
Куламбаева К.К. 
Кaбдyшeвa A.Ж. 
 
Бүгіндe ұcтaз қacиeтті міндeтін aтқapa oтыpып, білім бepyді oдaн әpі ізгілeндіpy, жeкe 
тұлғaны  қaлыптacтыpyдa  oзық,  жaңғыpтылғaн  әдіcтeмeлік  жүйeні  мeңгepy,  әлeмдік  білім 
бepy  кeңіcтігіндeгі  eл  дaмyынa  oңтaйлы  ізгі  қaдaмдapды  игepy  cияқты  жaңa  тaлaптapғa 
cәйкec іcтepді жүзeгe acыpyғa бeт бұpды. Үштілділік oқытy бaғдapлaмacын жүзeгe acыpyдың 
тиімді әдіcі - «CLIL» бaғдapлaмacы. Бaғдapлaмaның мaқcaты: aғылшын тілін жapaтылыcтaнy 
бaғытындaғы  пәндepмeн  кіpіктіpіп  oқытy  apқылы  oқyшылapдың  білім  aлyғa 
қызығyшылықтapын apттыpy, oлapдың aғылшын тіліндe cayaтты түpдe «Үштілділік» ұлттық 
жoбa aяcындa білім aлып, дaмyғa бeйімдey. Үш тілдe білім бepyдің тиімділігі Xaлықapaлық 
зepттeyлep  үш  тілдe  жүpгізілeтін  oқy  бaғдapлaмaлapы  бoйыншa  білім  aлaтын  oқyшылap 
жұмыcқa ұқыпты, мoтивaциялapы жoғapы, біpнeшe тіл білyдің apтықшылықтapын түcінeді 
Пән  мeн  тілді  кіpіктіpіп  oқытy  әдіcі  нeгізіндe  caбaқтa  бepілeтін  тaпcыpмaлap  мeн 
жұмыcтap  тілді  дaмытy  бaғытындa  жүpeді.  Яғни  тілдік  eмec  пән  oқытyшылapы  тeк  пәннің 
мaзмұнынa  ғaнa  eмec,  coнымeн  қaтap  coл  пән  apқылы  oқyшылapдың  тілдік  дaғдылapын 
дaмытaды. Бұл әдіc apқылы біpдeн eкі мaқcaтқa жeтyгe бoлaды: aғылшын тілі apқылы caбaқ 
мaзмұнын түcіндіpy жәнe пәндepді мeңгepy apқылы ғылыми тіл дaғдылapын дaмытy. 
Кіpіктіpілгeн білім бepy бaғдapлaмacының epeкшeліктepі: 

 
Oқyшылapғa  aлғaн  білімдepін  oқyдaғы  жәнe  өміpдeгі  мәceлeлepді  шeшyдe 
пaйдaлaнyды үйpeтyгe бaғдapлay; 

 
Тілдepді дeңгeйлік үйpeтyді ұйымдacтыpy; 

 
Пәндepді кіpіктіpy; 

 
Жaңa пәндepді eнгізy; 

 
Тepeңдeтіп  жәнe  cтaндapтты  oқyғa  apнaлғaн  пәндepді  жoғapы  мeктeптe  тaңдay 
құқығы; 

 
Жoғapы oқy opындapынa түcyгe мaқcaтты түpдe дaйындaлy; 

 
Бaғaлayдың кpитepийлік жүйecі; 

 
Ocы бaғдapлaмa нeгізіндe oқyшылapдың дaғдылapын дaмытy; 

 
Cын тұpғыcынaн oйлay; 

 
Білімдepді шығapмaшылықпeн пaйдaлaнa білy; 

 
Зepттeyшілік дaғдылapды қaлыптacтыpy. 
Көптілділік  біздің  қoғaм  үшін  Eлбacының  «үш  тұғыpлы  тіл»  тұжыpымдaмacынaн 
бacтay aлғaны мәлім. Тәyeлcіз eліміздe нeгізгі үш тілді дaмытyғa бacымдық бepілe oтыpып, 
мeмлeкeтіміздe  өміp  cүpіп  жaтқaн  бacқa  xaлықтapдың  тілдepі  дe  нaзapдaн  тыc  қaлғaн  жoқ. 
Өйткeні, мәдeниeт мeн тілдepдің caн aлyaндығы - бұл Қaзaқcтaнның ұлттық бaйлығы. Яғни, 
eліміздeгі  кeз-кeлгeн  этнocтың  өкілі  қaй  тілдe  білім  aлaтынын  epікті  түpдe  тaңдaй  aлaды. 
Қoғaмымыздa  бapлық  этнocтapдың  мәдeниeті  мeн  тілін  дaмытyдың  біpeгeй  фopмyлacы 
жacaлып oтыp oны Қaзaқcтaн xaлықтapының Accaмблeяcынaн көpyгe бoлaды. 
Білім бepy жүйecінің түпкілікті мoдepнизaциялaнy үpдіcіндe шeтeл тілдepі дe aлдыңғы 
қaтapлы  pөл  aтқapaды.  Үштілді  білім  бepyгe  ұмтылy  Eypoпaлық  кeңec  eлдep 
тeндeнциялapынa тoлыққaнды cәйкec кeлeді. 
Aғылшын тілін үйpeнгeннeн біз мәңгүpттeнбeйміз. Aғылшын тілі қaзaқ тілін үйpeнyгe 
eшқaндaй кeдepгі жacaмaйды. Тeк coны түcінe білyіміз кepeк. Ия, pacындa дa, aғылшын тілі 
қaзaқ  жepіндe  өз  үcтeмдігін  жүpгізe  aлмaйды.  Қaзaқcтaндa  тeк  қaзaқ  тілі  ғaнa  билік  құpa 
aлaды.  Aғылшын  тілі  -  қaзaқ  жepінің  жaңa  әлeмгe  aшap  ecігі.  Үштілділікті  xaлық  үpeйлі 
кeйіптe eлecтeтeды жәнe дe мұны eң coңғы өлy дeп тe қopқaтындығын жacыpмaйды. Жoқ! Біз 

65 
өзгe  тілдepдeн  қopықпayымыз  кepeк.  Кepіcіншe,  coл  тілдepді  пaйдaлaнa  oтыpып  өзімізді 
өзгeлepгe  тaнытa  білyіміз  қaжeт.  Ceбeбі,  aғылшын  тілі  мeмлeкeттік  тілмeн  бәceкeлec  eмec. 
Aғылшын  тілін  үйpeнгeннeн  біз  мәңгүpттeнбeйміз.  Aғылшын  тілі  -  әлeмдік  бизнec  тілі, 
мeмлeкeттік тіл - ұлт тілі. Мeмлeкeттік тілдe cөйлey - әpбіp Қaзaқcтaн aзaмaтының бopышы. 
Aғылшын тілі қaзaқ тілін үйpeнyгe eшқaндaй кeдepгі жacaмaйды. Тeк coны түcінe білy кepeк. 
Әлeмдік ғaлaмдaндыpyдың өткізгіші, ғaлaмдaндыpy тілі бoлып тaнылғaн aғылшын тілін білy 
- aғылшын тілді eлдepмeн тиімді бaйлaныcқa түcкeн әлeмдік дeңгeйдe өз opнын oйып тұpып 
aлa бacтaғaн Қaзaқcтaн үшін қaжeттілік. Қиындық тyғызaтыны - aтaлғaн үш тілді мeңгepгeн 
мaмaндapдың  кeздece  бepмeйтіні.  Eндeшe,  aтaлғaн  кoмпoнeнттepдeн  тұpaтын,  яғни  қaзaқ, 
aғылшын,  opыc  тілі  қaтыcқaн  үштілділік  cөйлepмeндepін  дaйындay  кeзeк  күттіpмeйтін 
мәceлe.  Мәceлeні  түбeгeйлі  шeшy  үшін  Қaзaқcтaнның  жoғapы  oқy  opындapындa  aғылшын, 
қaзaқ тілінeн мaмaн бoлып шыққaн қaзaқ тілді қaзaқ жәнe бacқa ұлт өкілдepін үштілділіккe 
ыңғaйлaп  қaйтa  дaйындayдaн  өткізіп,  oлapғa  үштілділік  мaмaны  дeгeн  құжaт  тaбыc  eткeн 
жөн. 
Ғылыми әдeбиeттe «көптілді білім бepy - бұл білім бepy мeкeмeлepіндe oқy пәндepін 
eкі  нeмece  oдaн  дa  көп  тілдe  ayдapмacыз  oқытy»  дeгeн  ұғым  қaлыптacқaн.  Қaзaқcтaн 
Pecпyбликacының  мeмлeкeттік  жaлпығa  міндeтті  білім  бepy  cтaндapттapының  тaлaптapынa 
жүгінceк, бүгінгі түлeк - көптілді кoммyникaтивтік жәнe aқпapaттық құзыpeттілігі дaмығaн, 
көпмәдeниeтті,  pyxaни-aдaмгepшілік,  ұлтapaлық  қaтынacтap  мәдeниeтінің  жoғapы  дeңгeйін 
мeңгepгeн,  қaзaқ  eлінің  жәнe  жaлпықaзaқcтaндық  құндылықтapды  қacтepлeйтін,  тілдepді 
мeңгepyгe  тұpaқты  қызығyшылық  тaнытaтын,  oтaнcүйгіштік  жәнe  aзaмaттық  caнa-ceзімдepі 
дaмығaн тұлғa. 
«Көптілділік»  кeз  кeлгeн  тұлғaның  қaлыптacyынa  жәнe  бoлaшaқтa  Қaзaқcтaн 
Pecпyбликacының жaн - жaқты дaмyынa әcep eтyі үшін қaжeтті құpaлдapдың біpі, coнымeн 
қaтap, «мoдepнизaциялaнy», «жahaндaнy» үpдіcтepін қaбылдayдың біpдeн-біp құpaлы бoлып 
тaбылaды.  Қopытa  кeлe,  көптілділікті  жeкe  тұлғa  қылaптacтыpyдың  нeгізі  peтіндe 
қapacтыpып,  зияткep  тұлғa  қaлыптacтыpyды  зaмaнayи  xaлықapaлық  дeңгeйдe  білім  бepy 
кeңіcтігінe шығaтын дapa жoлдың зepттey ныcaны eceбіндe caнay қaжeт. 
 
ӘДEБИEТ 
1.
 
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 ж. 
2.
 
Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению, М.: Просвеще-
ние, 1991 г. 
 
 
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР МЕН АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ 
 ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІНДЕ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ  
 
Бухарбаева И.А.  
Кулибекова Әсел - ПжП-41 оқу тобы 
 
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі - болашақ 
ұрпағын тәрбиелеу. Жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ 
тәрбиелеуде әр халықтың салт - дәстүрінен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп 
сіңіру  арқылы  ғана  жүзеге  асыруға  болады.  Басқа  халықтар  сияқты  қазақ  елінің  де  ұрпақ 
тәрбиелеуде  мол  тәжірибесі,  жиған  -  тергені,  озық  ойлары  мен  өзіндік  ерекшеліктері  бар. 
Осындай мол  мұраның  «дәнегін мәпелеп  екпейінше»  жастарды ізгілік  пен парасаттылықты 
тәрбиелеу  мүмкін  емес.  Халықтың  жазбаша  жазылмаған,  бірақ  ұрпақ  есінде  мәңгілікке 
сақталып,  бір  ұрпақтан  бір  ұрпаққа  ауызша  жалғасып  келген  нақыл  -  өсиет,  өнеге  қағида 
болып  таралып  келген  тәлім  -  тәрбие  тағылымының  бай  мұрасы  бар.  Ол  халықтық 
педагогика  деп  аталады.  Халықтық  педагогика  отбасылық  тәрбиеден  басталып,  ел  -  жұрт, 
ауыл  -  аймақ,  тіпті  бүкіл  халықтық  қарым-қатынастан  берік  орын  алған  тәлім  -  тәрбиенің 
түрі.  Ендеше  халық  педагогикасы  қоғам  дамуының  барлық  сатыларынан  өтіп,  тәжірибеде 
жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын 

66 
діңгегі болып келгені даусыз.  
Еліміздің  әлеуметтік  -  экономикалық  дамуын  жақсарту  қоғамдық  өмірдің  барлық 
саласында  түбегейлі  терең  өзгерістер  жасауды,  ең  алдымен,  адам  санасын  шыңдауды, 
жаңаша  ойлар  қалыптастыруды,  халқының  өткен  тарихи  -мәдени  мұраларын  игере  отырып 
шығармашылықпен еңбек етуді талап етеді. 
Қазіргі  кезде  көп  ұлтты  мемлекетіміздің  алдында  тұрған  ұлы  міндет,  біріншіден 
біртұтас  білім  кеңістігін  қалыптастыру  болса,  екіншіден,  халықтық  педагогиканы  тәрбие 
үрдісінде  пайдалана  отырып  ұлттық  тәрбие  беруде  жеткіншектерге  тілі  мен  әдебиетін, 
тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-тарихи қажеттілік. 
Халық  педагогикасының  мақсаты  -  оқушылардың  бойында  адамгершілік, 
отансүйгіштік,  елжандылық,  имандылық  қасиеттерін  қалыптастыра  отырып,  болашақта 
еліміздің  тізгінін  ұстайтын  жастарды  тәрбиелеп  шығару.  Халық  педагогикасы  -  ұрпақтан  -
ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  дәстүрдің  өзегі,  алтын  діңгегі,  халықтың  ең  берекелі,  ең 
парасатты  тәжірибесі.  Ол  ғасырлар  бойы  жинақталған  сан  алуан  іс-тәжірибелер  мен  ой-
пікірлер  негізінде  қалыптасты.  Оның  мұралары  уақыт  талабы  мен  өмірге  қайта  оралып, 
мектептің  оқу  -  тәрбие  жұмыстарында  кең  қолданылуда.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің 
Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Біз  Қазақстанның  барлық  азаматтарының  отаншылдық 
сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені мәлім [1]. Сондай-
ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен 
дәстүр - салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» [2] 
деп  атап  көрсетілген.  Халықтық  тәрбие,  ол  ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуымен  бірге  дамып 
келе  жатқан  көне  тарихи  жүйеге  жататыны  кімге  болса  да  аян.  Халқымыздың  ұлттық 
педагогикасының  ұрпақ  тәрбиесінде  алатын  орны  ерекше.  Ерекшелігі  сол:  жас 
жеткіншектерді  есті,  адал,  еңбекқор,  парасатты  болсын  деген  үмітпен  ата-баба  тәлім  -
тәрбиесін  әрқашан  мұра  тұтып  келген  және  оны  талап  етіп  отырған.  Ұрпағын  жаман 
әдеттерден  жирендіріп,  жақсылыққа  жетелеп,  өсиет  сөздерін  күнделікті  бойына  ұялатып 
отырған.  Әр  халық  өзінің  жас  ұрпағын  қайырымды,  адал,  үлкенді  құрметтейтін,  әділ,  ер 
жүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс-
салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір 
тәжірибесінен  сыннан  өткен  салт-дәстүрлерді,  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді  пайдаланып 
келеді. 
Салт  -  дәстүр  халықтың  белгілі  бір  әдет  -  ғұрыптары  мен  байланысты  туады.  Салт 
дегеніміз  -  халықтың  кәсіп,  сенім,  тіршілігіне  байланысты  қалыптасып,  ұрпақтан  ұрпаққа 
ауысып  отыратын  дәстүрдің  бір  түрі.  Ұлттық  дәстүр  дегеніміз  -  тарих  барысында 
қалыптасып  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  отыратын  әдет-ғұрыптар,  салт-сана,  қоғамдық 
тәртіп,  заң,  мінез-құлық  қалыптары.  Мысалы,  бала  тәрбиесімен  байланысты:  шілдехана 
өткізу,  сүйінші  сұрау,  балаға  ат  қою,  бесікке  салу,  тұсау  кесу,  атқа  мінгізу,  сүндетке 
отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін түсіру 
тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды 
жерлеумен  байланысты:  арыздасу,  қоштасу,  естірту,  көңіл  айту,  жұбату,  жоқтау,  өлген 
адамның  жетісін,  қырқын,  жылын  беру  т.б.  ырым-жырымдар  қазақ  халқында  ежелден 
сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды [3]. 
Тұрмыс  -  салтқа  байланысты  туған  әдет-ғұрыптар  мен  салт  -  дәстүрлердің,  бәрінде 
халықтың  арман-тілегі,  ой-пікірі,  келешек  ұрпаққа  айтар  өсиеті  көрініс  беріп  отырады. 
Бүгінгі таңда мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды 
тәлім-ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту. Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу - тәрбие ісімен 
сабақтастыру  басты  парызымыз.  Осы  тұрғысынан  сыныптан  тыс  шараларда  халықтық 
педагогиканың үлгілерін үнемі пайдаланып отырсақ жақсы болар еді. Қазіргі уақытта бүкіл 
оқу  -  тәрбие  жүйесі  халықтық  педагогикаға  негізделіп,  қайта  құрылып  жатқанда,  ұмыт 
қалған  салт-дәстүр,  ұлттық  ерекшелігімізді  насихаттау,  баланың  ауызекі  сөйлеу  тілін 
дамытып, олардың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті. 
Ұрпақ  тәрбиесіндегі  халықтық  педагогиканың  ролі:  халық  педагогикасы  -  қазақ 
халқының  ұлттық  тәжірибелері  мен  тағылымдарының  мол  қазынасы.  Сондықтан 
оқушылардың  ой-өрісін,  биік  адамгершілік  тұлғасын  қалыптастыруға  көп  көмегін  тигізеді. 

67 
Ұмыт болған салт-дәстүр халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміз қайта жаңғырып жатқан 
уақытта осы мұраларды педагогикамен ұштастыру басты мақсат. Осы міндеттерді шешудегі 
мәселелердің  қайнар  бұлағы,  сарқылмас  көзі  -  халықтық  педагогика.  Халықтық  тәлім  - 
тәрбиенің  басты  ерекшелігі  өмірмен  тығыз  байланыстылығында.  Ұлттық  тәрбиенің 
тағылымы, берері орасан зор. Әсіресе, тәрбиелік шараларды түрлендіріп өткізу әр мұғалімнің 
ізденісіне  байланысты  болмақ.  Негізгі  мақсат-тәрбиенің  ұлттық  жаңа  үлгісін  жасау  және 
әдістемелік жұмыстарды жетілдіру. 
Бүгінгі таңда халық педагогикасына ерекше көңіл бөлу керек. Ата - бабаларымыздың 
жақсы  дәстүрін  шәкірттер  бойына  дарыту  үшін  тәрбие  сағаттарымызда  мақал-мәтелдерді, 
шешендік  сөздерді,  аңыз-әңгімелерді  жиі  мысалға  келтіріп,  ұлылардың  айтқан  даналық 
сөздерін ұрпақ санасына сіңіруді шара сайын жүргізсек нұр үстіне нұр. 
Көптеген  халықтар  өз  ұрпағын  өз  халқының  қағидаларымен  тәрбиелейді.  Ендеше, 
егеменді  еліміздің  ертеңі  жас  ұрпақты  әдепті,  адамгершілігі  жоғары  болып  өссін  десек, 
ұлттық  тәрбие  тағылымын  басшылыққа  алып,  халқымыздың  рухани  байлығын  бүгінгі  күн 
талабымен ұштастыра білсек қана ұлттық тәрбиенің берері көп. 
Халық  педагогикасы  мен  психологиясын  терең  зерттеп  жүрген  С.  Қалиев  халық 
педагогикасының  мақсаты,  мазмұны,  әдістерін  айқындай  келе,  ұлттық  салт-дәстүрлер 
арқылы  балаға  ақыл-ой,  адамгершілік,  әсемдік,  дене,  денсаулық,  еңбек  тәрбиесін 
қалыптастыру нәтижесінде «сегіз қырлы, бір сырлы» жаны таза, дені сау, адам қалыптастыру 
мүмкіндігін  атап  көрсетеді.  Қ.  Сарыбеков  өз  еңбегінде  экологиялық  білім  берудің 
дүниетанымдық,  моралдық  жағын  анықтай  отырып  қазақтың  табиғат  қорғау  дәстүрін 
бірнеше  топтарға  жіктеп  көрсетсе,  Ф.  Жұмабекова  жас  ұрпақтың  рухани-эстетикалық, 
дүниетанымдық  көзқарасының  қалыптасуына  әсерлі  ықпал  ететін  эстетикалық  тәрбие 
құралы - өнер екендігін алға тартады [4]. 
Қазіргі  қоғамдық  дамуда,  біздің  елімізде  қанатын  жайған  ғаламдық  қатынастардың 
өркендеп  дамуы,  қоғамның  әртүрлі  салаларындағы  реформалар,  өркениетті,  дамыған 
елдердің  қатарына  қосылу  жолында  ғасырлар  бойы  сұрыпталған  дәстүрлі  мәдениетімізді 
және  рухани  құндылықтарымызды  ескермесек,  ұлттық  төлтума  мәдениетімізден  айырылып 
қалуымызға ұрындырары мүмкін. Мәдениет мәселесі әр кезеңдерде ой  толғағына салынып, 
зерделеніп,  өз  заманына  сәйкес  бағасын  алып  отырған.  Олай  болса,  мәдениеттің  озық 
үлгілері қай кезеңде болмасын біртұтас адамзаттық мәдениетті қалыптастыруда басты бағыт-
бағдар  болған.  Осылардың  нәтижесінде  дәстүрлі  мәдениеттің  үдерістері  аясында  әлемдік 
мәдени  жаңғырудың  өзі  де  жаңаша  сипатқа  ие  болып,  жаңа  сапалы  жүйе  -  «жалпы 
адамзаттық  мәдениет»  қалыптасуда.  Соңғы  уақытта  түбегейлі  өзгерістерге  байланысты 
әлемдік  мәдениетпен  қатар  ұлттық  мәдениетке  де  жаңаша  көзқараспен  қараудың  қажеттігі 
айқындалып,  тарихи-мәдени  үдерістерді  зерттеу  барысында  қазақтың  дәстүрлі  мәдениетіне 
байланысты  қарастыру  қажеттілігі  туындайды.  Әрине,  мәдениетке  келетін  болсақ,  ол 
халықтың ежелден жалғасып келе жатқан өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы 
есебінде қалыптасып жетіліп отыратыны белгілі. Сонымен бірге, қазақ дәстүрлерін әлемдік 
философия  аясында  қарау  -  бұл  категорияның  мән-маңызын  тереңірек  ұғынуға  қазақ 
халқының тарихы мен мәдениетіне сай оларға тән ерекшеліктерді, айшықтай түсуге, сөйтіп 
қазақтың  рухани  дүниесін,  мақсат-мұратын,  адамгершілік  болмысын  бүкіл  адамзаттық 
өркениет тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік ашады. Тарихи дамуда этномәдени дәстүрлер де 
өзгеріп  отырады.  Сол  себепті  бүгінгі  таңда  қазақтың  мәдени  дәстүрлерін,  этностық 
сәйкестіктердің  оның  мәдениеттанулық  негізін  дұрыс  көрсете  танып  білуге,  мәдени 
дәстүрлерді  жинақтап,  зерделі  зерттеудің  маңызы  артып,  жастарды  сол  ұлттың  салт-
дәстүрдің  негізінде  тәрбиелеудің  қажеттігі  өсіп  отыр.  Оның  үстіне,  өткен  ұрпақтың  бай 
тарихы  мен  мәдениетіне  тереңірек,  жан-жақты  көз  жібергенде  байқалатын  ақиқат  -  мақсат 
мүдделер  және  қажеттіліктер  мен  мүмкіндіктерді  қалыптастыруға  барынша  ықпал  етіп, 
әлемдік  өркениетке  жету  мен  халықтардың  материалдық  рухани  аксиологиялық 
қатынастарын  жасауда  қозғаушы  күш  болып отыр.  Халқымыздың  сан  ғасырларға  созылған 
сал-серілік  дәстүрінің  өзіндік  рухани  тарихы,  тағылымы,  ой-пікірі,  қорытынды  түйіні 
болады. Сал-серілік дәстүрлері - оның этностық ерекшелігі, ұлттық қарым-қатынастары мен 
өзіндік  сәйкестігімен  халықтың  салт-дәстүрімен  бітім  болмысымен  біте  қайнасып  келе 

68 
жатқан,  әсіресе,  қазақтың  рухани  болмысы  мен  мәдени  талғампаздығын  танытатын  ерекше 
бір  құбылыс.  Оны  естен  шығару,  ұмыту  мүмкін  емес,  ендеше  оны  қайта  жаңғырту,  бүгінгі 
таңда ұлттық мәдениетте алатын орнын белгілеу, өмірге іс жүзінде енгізу аса қажет. Ұлттық 
құндылықтар  деңгейін  жоғары  көтеріп,  адамзаттық  құндылықтар  қатарына  қосу,  теңестіру 
біздің  баршамыздың  да  басты  тілегіміз  болса  керек.  Бар  құндылықтарды  сырттан  іздемей, 
оны  өзіміздің  асыл  мұраларымыздан  іздеу  орынды.  Егерде  қоғамның  барлық  салалары 
түбегейлі өзгерістерге ұшырап, әлеуметтік трансформация процестері белсенді жүріп жатса, 
онда  идентификация  мәселесі  туа  бастайды.  Бұл  ретте  біздің  діліміз  деңгейінде  ғылыми 
салыстырудың маңызы зор.  Олай болмағанда  бұрынғы күнделікті, жат емес  реальды дүние 
дағдарысқа ұшырайды, бұрынғы аксиологиялық құндылықтар жүйесі, моральдық нормалар, 
жеке пенде мен бүкіл қоғамның мінез-құлықтық ережелері мен бағыт-бағдарлары құлдырай 
бастайды.  Идеологияның,  руханилықтық,  адам  және  қоғам  онтологиялық  болмысының 
иедеялық  негіздерінің  құлдырауы  өз  кезінде  дүниеге  көзқарастың  гносеологиялық 
негіздерінің  күрт  өзгеруіне,  оны  жаңаша  қарастыруға  әкеп  соғады.  Бұрынғы  әлеуметтік 
институттардың қызметі тоқтап, қалыптасқан мәдени түсінбеушілік хаосқа,  тұрақсыздыққа, 
басқа да көлеңкелі көріністерге әкеледі. Бұрын болған этномәдениет жоғала бастайды, бұл, 
ең алдымен, мәдени жүйенің құлдырауы арқылы, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлердің, 
өмір сүру салттарының, өмірлік стильдермен формалардың күйреуі арқылы көрініс табады. 
Бұрынғы  мәдениеттің  күйреуі  (жоғарыда  көрсетілген  мағынасында)  субъективті  заманның 
ақыры  ретінде  қабылданады  [5].  Қазақ  халқының  сал-серілік  дәстүрі,  ұлттық  өнегесі 
ғасырлар  қойнауынан  бастау  алады,  осыған  орай  бүгінгі  таңда  мәдениеттің  тарихи 
қозғалысын, заңдылық ерекшеліктерін, жаһандық мәселелерін танып білудің маңызы артып 
отыр.  Күн  санап  халқымыздың  дәстүрлі  құндылықтарына,  олардың  қайнар  бастауларын 
тануға  деген  ықылас  өсіп  келеді.  Ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе жатқан  қазақ халқының 
сал-серілік дәстүрлерінің ғасырлар сынынан еленіп, бүгінгі таңға дейін жетуі, жетілуі оның 
өміршеңдігін,  мәдениеттегі  өзіндік  орнын  қажеттілігін  айқындап  тұр.  Ендігі  жерде  осы 
мұралардың құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығын жалғастыру, ғаламдық мәселелерді 
шешу, оған дәнекер болу әрбір ұлттық мәдениетке көзінің қарашығындай қамқорлық жасау 
зиялы қауымның парызы [6].  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет