Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


 Жеке кəсiпкерлiк саласындағы тəуекел дəрежесiн бағалау өлшем-



Pdf көрінісі
бет12/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77

4. Жеке кəсiпкерлiк саласындағы тəуекел дəрежесiн бағалау өлшем-

дерi бақылау жəне қадағалау органдарының жəне кəсiпкерлiк жөнiндегi 

уəкiлеттi органның бiрлескен бұйрығымен бекiтiледi жəне мемлекеттiк 

органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Тəуекел  дəрежесiн  бағалау  өлшемдерi – тексерiлетiн  субъектiнiң  тiке-

лей  қызметiмен,  салалық  даму  ерекшелiктерiмен  жəне  осы  дамуға  əсер 

ететiн  факторлармен  байланысты,  тексерiлетiн  субъектiлердi  əртүрлi 

тəуекел  дəрежесiне  жатқызуға  мүмкiндiк  беретiн  сандық  жəне  сапалық 

көрсеткiштердiң жиынтығы.



Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 

бастап  қолданысқа  енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V  (алғашқы  ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңдарымен.

14-бап. Ведомстволық есепке алу

1. Мемлекеттiк органдар мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң нысандары-

на қатысты актiлердi əзiрлейдi жəне бекiтедi.

Тексерiлетiн  субъектiлердi  тексеру  мəселелерi  жөнiндегi  мiндеттi 

ведомстволық есептiлiктiң нысандары мемлекеттiк орган, құқықтық статис-

тика жəне арнайы есепке алу жөнiндегi уəкiлеттi орган басшыларының бiр-

лескен бұйрығымен бекiтiледi.

Жеке  кəсiпкерлiк  саласындағы  тексерiлетiн  субъектiлердi  тексеру 

мəселелерi  жөнiндегi  мiндеттi  ведомстволық  есептiлiктiң  нысандарын  да 

кəсiпкерлiк жөнiндегi уəкiлеттi орган бекiтуге тиiс.

2. Бақылау жəне қадағалау органдары тексерiлетiн субъектiлердi тексеру-

лердiң  санын,  сондай-ақ  тексеру  парақтарына  сəйкес  анықталған  бұзушы-



Мемлекеттік тіл саясаты

96

лықтарды жəне оларға қолданылған əкiмшiлiк ықпал ету шараларын ведом-



стволық есепке алуды тұрақты жəне үздiксiз негiзде жүргiзуге мiндеттi.

Тексерiлетiн субъектiлердi тексеру жөнiндегi ведомстволық есептiлiктiң 

жиынтық деректерi мемлекеттiк органдардың ресми интернет-ресурстарын-

да жарияланады.

 

15-бап. Тексеру парақтары

1.  Бақылау  жəне  қадағалау  органдары  өз  құзыретi  шегiнде  тексерiлетiн 

субъектiлердiң бiртектi топтары үшiн тексеру парақтарын бекiтедi.

Тексеру парақтарының нысандарын бақылау жəне қадағалау органдары 

айқындап, бекiтедi жəне бұқаралық ақпарат құралдарында жəне мемлекеттiк 

органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялануға жатады.

Жеке  кəсiпкерлiк  саласындағы  тексеру  парақтарының  нысандары 

бақылау жəне қадағалау органдарының жəне кəсiпкерлiк жөнiндегi уəкiлеттi 

органның бiрлескен бұйрығымен бекiтiледi жəне мемлекеттiк органдардың 

ресми интернет-ресурстарында жариялануға жатады.

2.  Тексеру  парағы  осы  Заңның 5-бабына  сəйкес  Қазақстан  Республи-

касының  заңнамасында  белгiленген  тексерiлетiн  субъектiлердiң  қызметiне 

қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған 

ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне қатер 

төндiруге əкеп соғатын талаптардың толық тiзбесiн қамтиды.

 Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы рес-



ми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  ен-

гiзiледi) Заңымен.

 

16-бап. Тексеру түрлерi

 

1. Тексерiлетiн субъектiлердi тексеру мынадай түрлерге:



1) жоспарлы;

2) жоспардан тыс болып бөлiнедi.

Жоспарлы тексеру – уəкiлеттi орган тəуекелдердi бағалау жүйесiне сəйкес 

жəне адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды 

тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне төнген қатерлердiң алдын алу 

мақсатында алдыңғы тексерулерге қатысты белгiленген уақыт аралықтарын 

ескере отырып бекiткен тексерулердiң жоспары негiзiнде нақты тексерiлетiн 

субъектiге қатысты бақылау жəне қадағалау органы тағайындайтын тексеру.

Жоспардан  тыс  тексеру – бақылау  жəне  қадағалау  органы  адамның 

өмiрi  мен  денсаулығына,  қоршаған  ортаға,  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың, 

мемлекеттiң заңды мүдделерiне тiкелей төнген қатерлердi жою мақсатында 

нақты тексерiлетiн субъектiге қатысты тағайындайтын тексеру.

2. Егер осы тармақтың екiншi бөлiгiнде өзгеше белгiленбесе, жоспарлы 

жəне  жоспардан  тыс  тексерулер  iшкi  еңбек  тəртiбiнiң  қағидаларында  бел-

гiленген тексерiлетiн субъектiнiң жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

Жоспардан тыс тексеру жұмыстан тыс уақытта (түнгi уақытта, демалыс 

немесе мереке күндерi) бұзушылықтар жасалған кезде олардың тiкелей жо-

лын кесу қажет болған жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.



Мемлекеттік тіл саясаты

97

3. Жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер:



1) кешендi тексерулер;

2) тақырыптық тексерулер болып бөлiнедi.

Прокуратура  органдары  тағайындайтын  тексерулерге  қатысуға  тар-

тылатын  жағдайларды  қоспағанда,  бiрнеше  бақылау  жəне  қадағалау 

органдарының  тексерiлетiн  субъектiге  бiр  мезгiлде  тексеру  жүргiзуi  қажет 

болған  кезде  осы  органдардың  əрқайсысы  тексерудi  тағайындау  туралы 

актiнi  ресiмдеуге  жəне  оны  құқықтық  статистика  жəне  арнайы  есепке  алу 

жөнiндегi уəкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.

Бақылау жəне қадағалау органының бiр ғана мəселелер шеңберi бойын-

ша бiрнеше тексерiлетiн субъектiлерге бiр мезгiлде тексеру жүргiзуi қажет 

болған кезде мынадай:

1) салық органдарында тiркеу есебiне қою;

2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;

3)  акциздiк  жəне  есептiк-бақылау  маркаларының  болуы  жəне 

түпнұсқалылығы;

3-1)  алкоголь  өнiмiне,  мұнай  өнiмдерiне  жəне  биоотынға  iлеспе 

жүкқұжаттарының болуы жəне олардың түпнұсқалығы;

4) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа 



енгiзiледi) Заңымен;

5) лицензияның болуы;

6) этил спиртiн босатуға рұқсаттың болуы;

7) патенттiң болуы;

8)  Қазақстан  Республикасы  Салық  кодексiнiң 574-бабында  көрсетiлген 

тiркеу карточкасының болуы;

9) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыруға 

арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мəселелерi бойынша жүргiзiлетiн 

салықтық тексерулердi қоспағанда, осы орган тексерiлетiн əрбiр субъектiге

тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге жəне оны құқықтық статис-

тика жəне арнайы есепке алу жөнiндегi уəкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.

Кешендi тексеру – тексерiлетiн субъектiнiң қызметiн осы Заңның 5-бабы-

на сəйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптар-

ды сақтау мəселелерi кешенi бойынша тексеру.

Тақырыптық  тексеру – тексерiлетiн  субъектiнiң  қызметiн  осы 

Заңның 5-бабына  сəйкес,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  бел-

гiленген талаптарды сақтаудың жекелеген мəселелерi бойынша тексеру.

4.  Қазақстан  Республикасының  Бас  прокуратурасы  жоспарлы  тексеру-

лер  жүргiзудiң  жартыжылдық  жиынтық  жоспарын  қалыптастыруы  үшiн 

бақылау  жəне  қадағалау  органдары  тексеру  жүргiзудiң  жартыжылдық 

жоспарларын  жоспарлы  тексеру  жүргiзiлетiн  жылдың  алдындағы  жылдың 

10  желтоқсанына  дейiнгi  жəне  ағымдағы  күнтiзбелiк  жылдың 10 мамыры-

на дейiнгi мерзiмде құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу органына 

жiбередi.

5. Тексеру жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын өзгертуге жол берiл-

мейдi.


Қазақстан  Республикасының  Бас  прокуратурасы  жоспарлы  тексеру-

лер  жүргiзудiң  жартыжылдық  жиынтық  жоспарын  ағымдағы  күнтiзбелiк 



Мемлекеттік тіл саясаты

98

жылдың 25 желтоқсанына  дейiнгi  жəне  ағымдағы  күнтiзбелiк  жылдың 25 



мамырына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 

ресми интернет-ресурстарына орналастырады.

6.  Бақылау  жəне  қадағалау  органы  тəуекелдердi  бағалау  жүйесi iс-

шараларының  нəтижелерi  негiзiнде  бекiткен  жоспар  тексерiлетiн  субъек-

тiлерге жоспарлы тексеру тағайындау үшiн негiз болады.

6-1.  Шағын  кəсiпкерлiк  субъектiлерiне  қатысты  (қайта  ұйымдастыру 

тəртiбiмен құрылған заңды тұлғаларды жəне қайта ұйымдастырылған заңды 

тұлғалардың  құқықтық  мирасқорларын  қоспағанда)  мемлекеттiк  тiркелген 

күнiнен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргiзуге тыйым салы-

нады.


Осы тармақтың күшi:

1)  жарылғыш  заттардың  айналысы  мен  олардың  жұмыс  iстеуiнiң  бел-

гiленген қағидаларының сақталуына;

2) азаматтық жəне қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық 

пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың 

айналымы  саласында  жұмыспен  қамтылған  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың 

қызметiне;

3) атом энергиясына, радиоактивтiк заттарға;

4)  улардың,  қару-жарақтың,  əскери  техниканың  жəне  жекелеген  қару 

түрлерiнiң,  жарылғыш  жəне  пиротехникалық  заттар  мен  оларды  қолдана 

отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған 

жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  қызметiне  байланысты  бақылауды  жəне 

қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

7. Тексерiлетiн субъектiлердi жоспардан тыс тексеруге:

1)  тексерудiң  нəтижесiнде  жəне  бақылау  мен  қадағалаудың  өзге  де 

нысандарының нəтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою ту-

ралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орын-

далуын бақылау;

2)  жеке  жəне  заңды  тұлғалардан,  мемлекеттiк  органдардан,  Қазақстан 

Республикасы  Парламентiнiң  жəне  жергiлiктi  өкiлдi  органдардың  депутат-

тарынан адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды 

тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрiлгенi тура-

лы не зиян келтiру қатерi туралы ақпарат пен өтiнiштер алу;

3)  тексерудi  жүзеге  асыру  үшiн  қажеттi  ақпарат  алу  мақсатында,  тек-

серiлетiн  субъектiнiң  азаматтық-құқықтық  қатынастары  болған  үшiншi 

тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн қарсы тексеру;

4)  тексерiлетiн  субъектiнiң  өз  қызметiне  тексеру  жүргiзу  туралы 

бастамашылық өтiнiшi;

5) егер тексерiлетiн субъектiге қатысты жоспарлы тексеру жүргiзу бел-

гiленген болса, оны қайта ұйымдастыру жəне атауын өзгерту;

6)  тексерiлетiн  субъектiнiң  бастапқы  тексеруге  келiспейтiнi  туралы 

өтiнiшiне байланысты қайталама тексеру;

7)  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  iс  жүргiзу  кодексiнде 

көзделген негiздер;

8)  салық  төлеушiлердiң  өтiнiштерi,  Қазақстан  Республикасы  Салық 

кодексiнiң 627-бабында айқындалған мəлiметтер мен мəселелер;



Мемлекеттік тіл саясаты

99

 9) тексерiлетiн  субъектiнiң  «Əкiмшiлiк  рəсiмдер  туралы»  Қазақстан 



Республикасының  Заңында  белгiленген  тəртiппен  қызметтi  немесе  белгiлi 

бiр iс-əрекеттердi жүзеге асырудың басталғандығы туралы хабарлама беруi 

негiз болып табылады.

8.  Жоспардан  тыс  тексерулер  иесi  көрсетiлмеген  өтiнiштер  болған 

жағдайларда жүргiзiлмейдi.

9.  Жоспардан  тыс  тексеруге  нақты  жеке  кəсiпкерлiк  субъектiлерiне 

қатысты анықталған жəне осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз 

болған фактiлер мен мəн-жайлар жатады.

10.  Эпидемия,  карантиндiк  объектiлер  жəне  аса  қауiптi  зиянды  орга-

низмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, 

радиациялық  авариялар  туындаған  немесе  олардың  туындау  қатерi  төнген 

жағдайларда  объектiлерге  жоспардан  тыс  тексеру  алдын  ала  хабардар  ет-

пестен жəне тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен 

құқықтық  статистика  жəне  арнайы  есепке  алу  жөнiндегi  уəкiлеттi  органға 

келесi жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүргiзiледi.

10-1. Жалған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау),

тасымалдау, сақтау, өткiзу жəне қолдану, сондай-ақ жалған дəрiлiк заттарды, 

медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, са-

тып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу мəселелерi бойынша жоспардан тыс тек-

серулер тексерiлетiн субъектiге алдын ала хабарлама жасалмай жүргiзiледi.

11. Бақылау жəне қадағалау органдары жəне құқықтық статистика жəне 

арнайы есепке алу жөнiндегi уəкiлеттi орган орналасқан жерден шалғайда 

тұрған  объектiлерде  немесе  субъектiлерде  жоспардан  тыс  тексеру  жүргiзу 

үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала ха-

бардар етпестен жəне тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны 

кейiннен құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөнiндегi уəкiлеттi 

органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүзеге асырылады.

Тексерудi тағайындау туралы актi тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн

жерге дейiн жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы жəне тiркеу-

шi органдар орналасқан жерден едəуiр шалғайда орналасу болып есептеледi.

12. Жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер жүргiзу үшiн санамаланған 

негiздер  мемлекеттiк  органдардың,  заңды  тұлғалардың  құрылымдық 

бөлiмшелерiне,  резидент  емес  заңды  тұлғалардың  құрылымдық  бөлiмше-

лерiне, қызметiн əдiлет органдарында тiркелмей жүзеге асыратын резидент 

емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

13. Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тексерулер-

дi қоспағанда, осы Заңда белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге 

тыйым салынады.



Ескерту. 16-бапқа  өзгерiстер  енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 № 452-IV 

(2011.10.13  бастап  қолданысқа  енгiзiледi), 2012.04.27 № 15-V  (алғашқы 

ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 

енгiзiледi), 2012.06.21 № 19-V (2013.01.01 бастап  қолданысқа  енгiзiледi), 

2012.07.10 № 36-V (қолданысқа енгiзiлу тəртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.12.26 

№ 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 

№ 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен 

соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.


Мемлекеттік тіл саясаты

100


17-бап. Тексерулердi тағайындау туралы акт

1. Тексеру мемлекеттiк органның тексерудi тағайындау туралы актiсi не-

гiзiнде жүргiзiледi.

2. Тексерудi тағайындау туралы актiде:

1) актiнiң нөмiрi мен күнi;

2) мемлекеттiк органның атауы;

3) тексеру жүргiзуге уəкiлеттi адамның (адамдардың) тегi, аты, əкесiнiң 

аты (ол болғанда) жəне лауазымы;

4) тексерулер жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар жəне 

сарапшылар туралы мəлiмет;



РҚАО-ның ескертпесi!

2013  жылғы 1 қаңтарға  дейiн  осы  Заңның 2-тармағының 5) 

тармақшасындағы «сəйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «салық төлеушiнiң 

тiркеу нөмiрi» деп есептелсiн (31-бапты қараңыз).

5)  тексерiлетiн  субъектiнiң  атауы  немесе  өзiне  қатысты  тексеру 

тағайындалған  жеке  тұлғаның  тегi,  аты,  əкесiнiң  аты  (ол  болғанда),  оның 

орналасқан жерi, сəйкестендiру нөмiрi, аумағының учаскесi көрсетiледi.

Заңды тұлғаның филиалын жəне (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда 

тексерудi  тағайындау  туралы  актiде  оның  атауы  жəне  орналасқан  жерi 

көрсетiледi.

6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;

7) тексеру жүргiзудiң мерзiмi;

8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талапта-

ры тексеруге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;

9) тексерiлетiн кезең

10) осы Заңның 27-бабында көзделген тексерiлетiн субъектiнiң құқықтары 

мен мiндеттерi;

11) актiге қол қоюға уəкiлеттi адамның қолы жəне мемлекеттiк органның 

мөрi көрсетiледi.

 

18-бап. Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу

 

1.  Салық  қызметi  органдары  Қазақстан  Республикасының  Салық  ко-



дексiне  сəйкес  жүзеге  асыратын  қарсы  тексерулердi  қоспағанда,  тексеру-

дi  тағайындау  туралы  акт  құқықтық  статистика  жəне  арнайы  есепке  алу 

жөнiндегi уəкiлеттi органында мiндеттi түрде тiркеледi.

Тексерулердi тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында бо-

лады.  Осы  Заңда  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  құқықтық  статисти-

ка  жəне  арнайы  есепке  алу  жөнiндегi  уəкiлеттi  органда  тiркеусiз  тексеру 

жүргiзуге жол берiлмейдi.

Тексерудi  тағайындау  туралы  актiнiң  тiркелуi  осындай  тексерудiң 

заңдылығына дəлел болып табылмайды.

Жеке кəсiпкерлiк субъектiлерi бойынша салық қызметi органдары жүзеге 

асыратын  қарсы  тексерулердi  тағайындау  туралы  актiлер  жөнiндегi  жал-

пы мəлiметтер тоқсан сайын құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу 

жөнiндегi уəкiлеттi органға берiледi.

2. Бақылау жəне қадағалау органының тексерудi тағайындау туралы актiсi 

тексерулер басталғанға дейiн құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу 


Мемлекеттік тіл саясаты

101


жөнiндегi уəкiлеттi органда, оны тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi 

бойынша құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөнiндегi уəкiлеттi 

органның аумақтық бөлiмшесiне ұсыну, оның iшiнде электронды форматта 

ұсыну арқылы тiркеледi.

Тексерудiң  тағайындалғаны  туралы  актiлердi,  тексерудi  тоқтата  тұру, 

қайта бастау, оның мерзiмдерiн ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту 

жəне тексеру мен оның нəтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды 

ұсыну  туралы  хабарлау  тəртiбiн  тiркеудi  Қазақстан  Республикасының  Бас 

прокуратурасы айқындайды.

3. Тексерудi жүргiзу қажеттiгi қоғамдық тəртiпке, халықтың денсаулығына 

жəне  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  мүдделерiне  төнген  қауiптi  де-

реу  жоюды  талап  ететiн  қалыптасқан  əлеуметтiк-экономикалық  ахуалға 

байланысты  туындаған  жағдайда,  сондай-ақ  тексерулердi  жұмыстан  тыс 

уақытта  (түнгi  уақытта,  демалыс  немесе  мереке  күндерi)  жүргiзген  кезде 

бұзушылықтарды  жасау  кезiнде  тiкелей  олардың  жолын  кесу  қажеттiгiне 

қарай  жəне  айғақтарды  бекiту  үшiн  кейiнге  қалдыруға  болмайтын  iс-

қимылдар жасау үшiн тексерулер тағайындау туралы актiнi тiркеу құқықтық 

статистика жəне арнайы есепке алу жөнiндегi уəкiлеттi органда тексерулер 

басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы рес-

ми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  ен-

гiзiледi) Заңымен.

19-бап. Тексерудi жүргiзу тəртiбi

 

 1. Бақылау  жəне  қадағалау  органы  тексеру  жүргiзудiң  мерзiмдерi  мен 



нысанасын  көрсете  отырып,  тексерудiң  өзi  басталғанға  дейiн  кемiнде 

күнтiзбелiк отыз күн бұрын жоспарлы тексеру жүргiзудiң басталатыны тура-

лы тексерiлетiн субъектiнi жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

Жоспардан  тыс  тексеру  жүргiзу  кезiнде,  осы  Заңның 16-

бабы 7-тармағының 2), 3), 4), 7) жəне 8) тармақшаларында, 10-тармағында 

көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк орган тексеру жүргiзу ны-

санасын көрсете отырып, тексерудiң өзi басталғанға дейiн кемiнде бiр тəулiк 

бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерiлетiн 

субъектiге хабарлауға мiндеттi.

2.  Объектiге  тексеру  үшiн  келген  мемлекеттiк  органдардың  лауазымды 

адамдары:

1) құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөнiндегi уəкiлеттi ор-

ганда тiркелгенi туралы белгi қойылған тексерудi тағайындау туралы актiнi;

2) қызметтiк куəлiгiн;

3)  қажет  болған  кезде  режимдi  объектiлерге  баруға  арналған  құзыреттi 

органның рұқсатын;

4)  денсаулық  сақтау  саласындағы  уəкiлеттi  орган  белгiлеген  тəртiппен 

берiлген, объектiлерге бару үшiн қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;

5) жоспарлы тексеру кезiнде тексеру парағын көрсетуге мiндеттi.

Тексерудi тағайындау туралы актiнi тексерiлетiн субъектiге берген күннен 

бастап тексеру жүргiзу басталған болып есептеледi.


Мемлекеттік тіл саясаты

102


3. Тексерудi тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартқан немесе 

тексерудi  жүзеге  асыратын  бақылау  жəне  қадағалау  органдары  лауазымды 

адамының тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi 

келтiрiлген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыра-

тын бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамы жəне тексерiлетiн 

субъектiнiң уəкiлеттi адамы қол қояды.

Тексерiлетiн субъектiнiң уəкiлеттi адамы бас тарту себебi туралы жазба-

ша түсiнiктеме берiп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi 

тағайындау  туралы  актiнi  алудан  бас  тарту  тексерудi  жүргiзбеу  үшiн  негiз 

болып табылмайды.

4.  Тексерудi  тағайындау  туралы  актiде  көрсетiлген  лауазымды  адам 

(адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады. Бұл ретте тексеру жүргiзушi лауазым-

ды адамдардың құрамы бақылау жəне қадағалау органының шешiмi бойын-

ша өзгеруi мүмкiн, бұл туралы тексерiлетiн субъект жəне құқықтық статис-

тика  жəне  арнайы  есепке  алу  жөнiндегi  орган  тексеру  тағайындау  туралы

актiде көрсетiлмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейiн, ауыс-

тыру себебi көрсетiле отырып, хабардар етiледi.

Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы рес-

ми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгi-

зiледi) Заңымен.

 

20-бап. Тексеру жүргiзу мерзiмi

1.  Тексеру  жүргiзу  мерзiмi  алдағы  жұмыстардың  көлемi,  сондай-

ақ  қойылған  мiндеттер  ескерiле  отырып  белгiленедi  жəне  ол  Қазақстан 

Республикасының  салық  заңнамасында  көзделген  салықтық  тексерудi, 

сондай-ақ  санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау,  ветеринария,  ка-

рантин  жəне  өсiмдiктердi  қорғау,  тұқым  шаруашылығы,  астық  жəне  мақта 

нарығы  саласында  жүргiзiлетiн  тексерулердi  жүргiзу  кезiндегi  жекеле-

ген жағдайларды қоспағанда, отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс, олар үшiн 

салалық ерекшелiктерi ескерiле отырып, тексерулер жүргiзудiң мынадай:

1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – 

он бес жұмыс күнiне дейiн жəне он бес жұмыс күнiне дейiн ұзартылатын;

2) ветеринария, карантин жəне өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, 

астық жəне мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнiнен аспайтын жəне 

бес жұмыс күнiне дейiн ұзартылатын мерзiмдерi белгiленген.

Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасында  көзделген  салықтық 

тексерулердi  жүргiзу  кезiндегi  жекелеген  жағдайларды  жəне  осы  тармақта 

көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сарапта-

малар  жүргiзу  қажет  болғанда,  сондай-ақ  тексеру  көлемiнiң  ауқымды  бо-

луына байланысты бақылау жəне қадағалау органының басшысы (не оның 

орнындағы адам) тексеру жүргiзудiң мерзiмiн отыз жұмыс күнiнен аспайтын 

мерзiмге бiр рет қана ұзарта алады.

Тексеру  мерзiмдерi  ұзартылған  жағдайда  мемлекеттiк  орган  мiндеттi 

түрде құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөнiндегi уəкiлеттi ор-

ганда  тiркей  отырып,  тексерудi  ұзарту  туралы  қосымша  актiнi  ресiмдейдi, 

онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң нөмiрi мен тiркелген күнi 

жəне ұзартудың себебi көрсетiледi.

Тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн.



Мемлекеттік тіл саясаты

103


Тексеру жүргiзу аясында шет мемлекеттерден елеулi мəнi бар мəлiметтер 

жəне құжаттар алу, отыз жұмыс күнiнен асатын мерзiмде арнайы зерттеулер, 

сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған жағдайларда тексеру жүргiзу 

мерзiмi оларды алғанға не орындағанға дейiн тоқтатыла тұрады.

Тексерiлетiн субъектiнi тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы ха-

бардар ету құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөнiндегi уəкiлеттi 

органды  хабардар  ете  отырып,  тексерудi  тоқтата  тұруға  не  қайта  бастауға 

дейiн бiр күн бұрын жүргiзiледi.

Тексерудi  тоқтата  тұру  немесе  қайта  бастау  кезiнде  тексерудi  тоқтата 

тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады.

Тоқтатыла тұрған тексерудi жүргiзу мерзiмiн есептеу ол қайта басталған 

күннен бастап жалғасады.

Тоқтатыла  тұрған  жəне  осы  бапта  белгiленген  мерзiмдерде  қайта 

басталмаған  тексеру  бойынша  тексерiлетiн  субъектiнi  тексерудi  қайта 

жүргiзуге жол берiлмейдi.

Салық  қызметi  органдары  жүзеге  асыратын  тексерулердi  жүргiзудiң, 

ұзартудың  жəне  тоқтата  тұрудың  тəртiбi  мен  мерзiмдерiнiң  ерекшелiктерi 

Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет