Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


  Тұжырымдаманы  іске  асыру  тетігі  жəне  ресурстық  қамтамасыз



Pdf көрінісі
бет20/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77

6.  Тұжырымдаманы  іске  асыру  тетігі  жəне  ресурстық  қамтамасыз 

ету

Тұжырымдама  ережелері  заңдар,  стратегиялық  жəне  бағдарламалық 

құжаттар,  мемлекеттік  органдардың  стратегиялық  жоспарлары,  сондай-

ақ  кезекті  Сессияда  қараудың  қорытындысы  бойынша  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  мен  Ассамблея  Төрағасының  тапсырмалары 

негізінде  жасалатын  арнайы  жоспарлар  жəне  іс-шаралар  жоспарларын 

əзірлеу арқылы іске асырылады.


Мемлекеттік тіл саясаты

174


Осы  сияқты  іс-шаралар  жоспары  өңірлік  ассамблеялар  деңгейінде 

əзірленеді жəне оны тиісті ассамблеялар төрағалары бекітеді.



7. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нəтижелер

Тұжырымдаманы іске асырудың нəтижесі мыналар болуы тиіс:

қоғамдық келісім, тұрақтылық, барша халық игілігі үшін экономикалық 

даму,  қазақстандық  патриотизм,  мемлекет  өміріндегі  неғұрлым  маңызды 

мəселелерді демократиялық жолмен шешу сияқты Қазақстан Республикасы 

қызметінің  негізгі  ұстанымдарына  сүйенетін  этносаралық  толеранттылық 

пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін əрі қарай жетілдіру;

Тəуелсіздік,  мемлекеттілік,  Қазақстан  азаматтары  тағдырының 

ортақтығына  негізделген  азаматтық  жəне  ұлттық  құндылықтардың  жалпы 

жүйесін қалыптастыру;

Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын нығайту;

елдің  барлық  азаматтарының  қазақ  халқының  айналасына  топтасуын 

қамтамасыз ету;

қоғамдық  келісімді,  қазақстандық  патриотизмді,  ұлттық-мемлекеттік 

сəйкестік пен ұлттық бірлікті нығайту;

мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту жəне оның қоғамдық маңызын 

арттыру;

халықтың  бірлігін  нығайтуға,  демократияны,  мəдениеттер  мен 

өркениеттердің  ұнқатысуын  дамытуға  жəне  этносаралық  татулық  пен 

қоғамдық келісім үшін жағдай жасау тəсілдерін жетілдіруге, мемлекет пен 

азаматтық қоғам институттарының өзара байланысын нығайтуға сондай-ақ 

олардың қызметтерін үйлестіруге бағытталған құқықтық, саяси, мемлекеттік-

басқарушылық шаралардың тұтас жүйесін əзірлеу;

мемлекеттік  этносаясатты  жүзеге  асырудың  нормативтік  құқықтық 

базасын  дамыту,  этносаралық  қатынастарды  үйлесімді  ету  мəселелері 

бойынша  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  ұстанымдарын 

жетілдіру мен іске асыру;

этносаралық салада өңірлік саясатты жетілдіру;

іске асырылатын этносаясатты көрсету, ұлттық бірлікті, патриотизм мен 

толеранттылықты нығайту мақсатында ақпараттық жұмыстың тұтас жүйесін 

жасау;

білім берудің барлық деңгейіне арналған толеранттылыққа тəрбиелеудің 



біртұтас жүйесін жасау;

этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім мəселелері бойынша 

шет елдермен жəне халықаралық ұйымдармен өзара байланысты нығайту.

Осы  Тұжырымдаманы  іске  асырудың  басты  нəтижесі  қоғамды 

демократияландыруды  тереңдету,  оны  топтастыру,  азаматтық  татулықты, 

тұрақтылықты, əлеуметтік жаңғыртуды, этносаралық жəне конфессияаралық 

келісімді қамтамасыз ету негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік 

тəуелсіздігі мен егемендігін, қоғамдық келісімді жəне ұлттық бірлікті одан 

əрі нығайту болуы тиіс.


Мемлекеттік тіл саясаты

175


Қазақстан Республикасы Президентінің 

Өкімі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ 

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТУРАЛЫ

 1. Қазақстан  Республикасының  тіл  саясатының  тұжырымдамасы 

мақұлдансын. 

 2. Қазақстан Республикасының Баспасөз жəне бұқаралық ақпарат істері 

жөніндегі  Ұлттық  агенттігі  Қазақстан  Республикасындағы  тіл  саясаты 

тұжырымдамасының  мəтінін  «Егемен  Қазақстан»  жəне  «Казахстанская 

правда» газеттерінде жарияласын, сондай-ақ жеке басылыммен мемлекеттік 

жəне орыс тілдерінде шығарсын.



Қазақстан Республикасының 

Президенті

 Алматы, 1996 жылғы 4 қараша

 № 3186


Мемлекеттік тіл саясаты

176


Қазақстан Республикасы

Президентінің 1996 жылғы

4 қарашадағы № 3186

Өкімімен мақұлдаған



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ 

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Тұрақты  даму  барған  сайын  қазіргі  əлемдегі  қоғамдық  процестердің 

ұтымды  жүруінің  негізгі  өлшеміне  айналып  келеді.  Ал  тұрақты  дамудың 

шарттарының  бірі - ұлтаралық  қатынастардың  тұрақтылығы  болып 

табылады.  Көп  ұлтты  мемлекетте  этностардың  жарасты  өмір  сүруіне, 

ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің сақталуына тіл саясаты ықпал етуге 

тиіс.

Жекелеген  этностардың  үйлесімді,  тұрақты  дамуы  ұлттық  мəдениеттің 



негізі - этнос  тілінің  сақталуына  мүмкіндік  жасайтын  тіл  саясатының 

жүргізілуін керек етеді. Мұның өзі республикада мəдениеттердің бір-біріне 

ықпал  жасап,  бірін  бірі  байытуына  олардың  одан  əрі  дамуына  жағдай 

жасайды.


Қазақстанның  егеменді  мемлекет  ретіндегі  жаңа  əлеуметтік-саяси 

болмысы - елдің көп ұлтты халқының қажеттіліктерін өтейтін жəне тілдік, 

демографиялық,  сондай-ақ  саяси  ахуалдың  ерекшеліктерін  ескеретін  тіл 

саясатын талап етіп отыр. Ол өзекті тіл мəселелерін шешуде өзінің тиімділігі 

мен  нəтижелілігін  іс  жүзінде  көрсететін  пəрменді  факторға  айналуға  тиіс. 

Елде біртұтас тіл саясатын жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық 

бірлестіктердің, діни жəне басқа да ұйымдардың күш-жігерінің үйлесімділігі 

қажет.


Осы  тұжырымдаманың  мақсаты - өтпелі  кезеңде  тілдердің  сақталу 

жəне  қызмет  ету  саласындағы  мемлекеттік  саясат  стратегиясын  əзірлеу, 

мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілін  дамытуға  жағдай  туғызу  жөніндегі 

мемлекет міндеттерін айқындау.

Тұжырымдаманың  міндеті:  Қазақстан  Республикасының  Конституция-

сына сай тілдік дамудың басым бағыттарын, тілдердің қызмет ету тетіктерін 

айқындау.

Тілдік ахуалдың сипаттамасы

Тілдік ахуал - бұл тілдің қоғамда нақты қолданылуының көрінісі. Оның 

пайда  болуы  жəне  одан  əрі  қалыптасуы  түрлі  жағдайларға,  атап  айтқанда, 

тілдік  жəне  тілдік  емес  (əлеуметтік,  саяси,  экономикалық  психологиялық 

тарихи, географиялық т. б.) факторлардың өзара əсеріне байланысты.


Мемлекеттік тіл саясаты

177


Қоғамның  тіл  өміріне  саналы  түрде  араласуы,  жеке  адамнан  бастап 

мемлекетке  дейінгі  деңгейде  сан-саласы  ықпал  жасаудың  мүмкіндіктерін 

қамтиды.  Қазіргі  Қазақстан  қоғамында  əлеуметтік-коммуникативтік 

жүйені реттеу мен жетілдіру жүріп жатыр. Əркімнің өзі пайдаланатын ана 

тілін  қолдап  пікір  білдіру  мүмкіндіктері  артты.  Алайда  көп  жағдайда  бұл 

қолдану  субъективті  сипат  алып,  геосаяси  ерекшеліктерді,  мемлекеттік 

мүдделерді  жəне  өзге  де  этностардың  тілдік  мүдделерін  ескере  бермейді. 

Сондықтан да көп ұлтты қоғамда тілдік процестерді саясаттанушылардың, 

əлеуметтанушылардың,  заңгерлердің  жəне  тілшілердің  талдап  түсіндіріп 

отыруы маңызды болмақ.

Пəрменді  мемлекеттік  тіл  саясатын  жасау  нақты  тілдік  ахуалға  сəйкес 

келетін баға беруді көздейді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда іс жүзінде тілдердің саналуандығы орын алып 

отыр, мұнда жүзден астам тіл қолданылып жүр. Еліміздегі этникалық топтар 

тілдері  өздерінің  атқаратын  функцияларының  көлемі  жағынан  да  бірдей 

емес.


Қолданылып  отырған  шараларға  қарамастан,  қазақ  тілінің  мемлекеттік 

мəртебесін толық іске асыру əлі мүмкін болмай отыр. Мұның негізгі себебі 

-  тіл  мəртебесі  тек  ресми  тұрғыдан  жарияланғанмен,  оның  жер-жерде 

үйретілуі мен қолданылуын жүзеге асырар тетік күні бүгінге дейін жеткілікті 

дəрежеде іске қосылмай отыр. Мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік 

қарым-қатынас жасау қосалқы сипатта ғана.

  Қазақ  тілінің  өзекті  мəселелері  оның  шын  мəнінде  мемлекеттік  тіл 

мəртебесін  иеленуімен  шектелмейді.  Ең  алдымен,  қазіргі  қазақ  тілінің 

ахуалының  өзі,  оның  дамуы  мен  баюына  байланысты  проблемалар 

ғалымдардың,  мамандардың,  оқытушылардың  айрықша  көңіл  бөлуін 

қажет  ететін  мəселе.  Бұл  жерде  əңгіме  жаңа  əлеуметтік-мəдени  болмысты 

бейнелеуде  өзге  əлемдік  тілдермен  қарым-қатынас  жасау  жəне  тілдің  ішкі 

əлеуетін  пайдалану  арқылы  оның  мүмкіндіктерін  кеңейту  жөнінде  болып 

отыр.  Тілде  орныққан  кірме  сөздер  мен  халықаралық  терминдерден  бас 

тарту арқылы тіл «тазалығын» қамтамасыз етуді күйттейтін күмəнді ниетке 

де немқұрайлы қарауға болмайды.

Сонымен  қатар  республикадағы  өзге  ұлттық  топтардың  тілдерін 

қолдануда аса күрделі проблемалар бар.

Балаларға ана тілдерінде тəрбие беру жəне оқыту республиканың мектеп 

жасына  дейінгі  балалар  мекемелерінің  бесеуінде,  ал  жалпы  білім  беретін 

мектептердің  жетеуінде  жүзеге  асырылуда.  Ұлт  өкілдері  шоғырланған 

жерлерден 14 ана тілін мектеп оқушылары, 6 ана тілін мектеп жасына дейінгі 

балалар үйренуде.

Сонымен  қатар  этникалық  топтардың  балаларын  балалар  бақшасында, 

мектептерде  ана  тілінде  тəрбиелеу  қажеттіктері  де  толық  дəрежеде 

қанағаттандырылмай  келеді.  Оқулықтар,  үй-жайлар,  білікті  мамандар 

жетіспейді.  Қазіргі  таңда  республиканың  жоғары  оқу  орындарында  неміс, 

ұйғыр, поляк, түрік, корей, азербайжан жəне басқа тілдер бойынша мамандар 



Мемлекеттік тіл саясаты

178


дайындалып  жатқанына  қарамастан,  олар  сан  жағынан  да,  тіл  жағынан  да 

қажет мөлшерге жете алмай жатыр.

Қазақстандық 

этникалық 

топтардың 

негізгі 


бөлігі 

тұратын 


мемлекеттермен білім беру саласындағы байланысты едəуір күшейту қажет.

Тиісті  құқықтық  базаның  болмауы  салдарынан  тілдерді  дамыту  жəне 

қолдау  жөніндегі  жұмыстарға  жауап  беретін  мемлекеттік  органдардың 

үйлестіру жұмысына біртұтас негіз жасалынған жоқ.

Бүгінгі  жағдай  еліміздің  əр  түрлі  аймақтарындағы  тілдік  процестерді 

объективті  түрде  ғылыми  зерттеу  жəне  тілдік  орта  жасау  жөніндегі 

шаралар жүйесін əзірлеу қажеттігін талап етеді. Бұл ретте тілдің іс жүзінде 

таралуын жəне оның қоғамдық функцияларын кеңейту жөніндегі нақтылы 

мүмкіндіктерді ескеру қажет.

Тілдерді функционалды дамытудың қолайлы моделі

  Кез  келген  көп  этносты  жəне  көп  тілді  мемлекетте  тілдер  атқаратын 

қызметіне,  таралу  деңгейіне,  сол  тілді  тұтынушылардың  санына,  т.б. 

қарай  бөлінеді.  Мемлекеттің  қолайлы  тілдік  кеңістігін  жасау  тілдердің 

функциональдық  арақатысын  дəл  анықтауды  талап  етеді.  Оның  ішінде 

мемлекеттік тіл лайықты орынға ие болуға тиісті.

Мемлекеттік тіл мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдегі неғұрлым маңызды 

функцияларды атқарады.

Бұл, ең алдымен, осы мемлекеттің барлық заң актілері қабылданатын тіл. 

Бұл - ресми  шараларда,  қызметтік  хат-хабарда,  іскерлік  қарым-қатынаста 

қолданылатын  міндетті  тіл.  Азаматтардың  өтініштеріне  жауаптар  да 

мемлекеттік тілде беріледі.

Мемлекеттік  тілде  барлық  мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдар,  Қарулы 

Күштер жұмыс істейді. Есеп-санақ, қаржылық жəне техникалық құжаттары 

мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Мемлекеттік тіл елдегі сот ісін жүргізудің негізгі тілі болып табылады. 

Бұған  қоса  жеке  жəне  заңды  тұлғалар  арасындағы  жазбаша  түрде 

мəмілелердің барлығы міндетті түрде мемлекеттік тілде жазылады.

Мемлекеттік  тілде  елдің  дипломатиялық  өкілдіктерінің  қызметі  жүзеге 

асырылады, халықаралық шарттар жасалады, ресми қабылдаулар өткізіледі.

Мемлекеттік  бұқаралық  ақпарат  жəне  коммуникация  құралдарында 

мемлекеттік  тілдің  қолданылуы  міндетті  болып  табылады.  Қажетті  тілдік 

ортаны  қалыптастыру  мақсатында  мемлекеттік  арналар  арқылы  басқа 

тілдерде берілетін хабарлардың көлемі уақыты жағынан мемлекеттік тілде 

берілетін хабарлардың көлемінен асып кетпеуге тиіс.

Мемлекеттік  тіл,  сондай-ақ  төлқұжат,  тууы  туралы  куəліктерді,  білім 

жөніндегі  құжаттарды  бергенде,  тағы  басқа  ресми  ұйымдардың  атауларын 

жазуда,  олардың  мөрлері  мен  штамптарында,  сонымен  қатар  маңдайша 

жазулары мен бланкілерінде, хабарландыруларда, жапсырмалар мен көріністі 

ақпаратта міндетті түрде қолданылады.



Мемлекеттік тіл саясаты

179


Мемлекеттік  тілдің  мəртебесі  ол  тілді  барлық  азаматтардың  заңда 

белгіленген  көлемде  білуі  үшін  жағдай  туғызуды  көздейді.  Бұл  ретте 

мемлекеттік  қызметке  қабылдay,  əдетте,  міндетті  түрде  мемлекеттік  тілді 

қажетті мөлшерде білгенде ғана жүзеге асырылады.

Тілді  қорғау  тиісті  құқықтық  база  құрылу  арқылы  мемлекеттік  тілдің 

мəртебесінің бұзылуына немесе Тіл туралы заңның орындалмауына кінəлі 

адамдарды  жауапқа  тарту  жолымен  жүзеге  асырылады.  Мемлекеттік  тілді 

басқа тілге қарсы қоюға жол берілмейді.

Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сəйкес  қазақ  тілі 

мемлекеттік  тіл  болып  табылады,  сондықтан  жоғарыда  баяндалған 

мемлекеттік  тіл  мен  оның  мəртебесіне  қойылған  талаптар - қазақ  тілі 

біртіндеп,  əрі  дəйектілікпен  жетуге  тиіс  нұсқаның  негізгі  өлшемдеріне 

айналуы керек.

  Барлық  деңгейдегі  мемлекеттік  органдар  мен  оның  басшылары  қазақ 

тілінің  мемлекеттік  мəртебесін  іске  асыруда  негізгі  жауапкершілікті  өз 

мойнына  алады.  Қазақ  тілін  білу  оны  қолдану  мен  насихаттау  өкімет 

органдары  тарапынан  көтермеленіп  отыруға  тиіс.  Қазақ  тілін  меңгеру - 

қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі.

Мемлекеттік  ұйымдарда,  сондай-ақ  жергілікті  өзін-өзі  басқару 

органдарында мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады. 

Бұл орыс тілінің бүгінгі таңда иеленіп отырған əлеуметтік функцияларының 

толық  көлемде  сақталуына  кепілдік  береді.  Келешекте  ғылым  мен 

техниканың  алуан  саласы  бойынша  ақпарат  алудың  негізгі  көзі,  жақын 

жəне  алыс  шетелдермен  қарым-қатынас  құралы  болып  қала  бермек.  Елдің 

экономикалық  жəне  ғылыми-техникалық  даму  мүдделері  орыс  тілінде 

алынған білік пен білімнің қажетке асуын айқындап отыр.

Кез  келген  елдің  тілдік  кеңістігінде  мемлекеттік  тілден  басқа,  бір 

жерге  шоғырланған  этникалық  топтардың  тілдері  болады.  Бұл  тілдердің 

қолданылуы əдетте отбасылық-тұрмыстық сала аясынан аспайды.

Ана тілін білу - ана тілін сақтаудың қажетті шарты. Сондықтан Қазақстан 

халықтарының  тілдерін  оқытып-үйретуге  жəне  ол  тілдердің  қолданыста 

болуына жағдай туғызуды мемлекет өз міндетіне алады.



Тіл құрылысының міндеттері

Тілдерді  дамытуға  жағдай  жасау  мақсатындағы  мемлекеттік  саясат 

мемлекеттік тілді дамытуға артықшылық беру бағытында қазіргі қолданылып 

жүрген  тілдер  иерархиясына  түзетулер  енгізуді  көздеуі  тиіс.  Бұл  дегеніміз 

мемлекеттік тілге жəне басқа тілдерге қатысты міндеттері əр түрлі болады 

деген сөз.

Мемлекеттік тіл мəртебесін іске асыру үшін мемлекет барлық жағдайды 

туғызуды міндетіне алады. Бұл үшін барша қажетті қаржылық, материалдық, 

ұйымдастыру peсурстарын  осы  іске  тартуға  тиіс.  Осы  орайда  жекелеген 

азаматтардың  немесе  қоғамдық  бірлестіктердің  емес,  мемлекеттің  өзінің 



Мемлекеттік тіл саясаты

180


ықпалы  басым  болуға  тиіс,  өйткені  тек  мемлекет  қана  мемлекеттік  тілдің 

қоғам өмірінің барлық саласында қолданылу мəселелерін шешуге қабілетті.

Мемлекеттік  тіл  саясатының  басты  бағыттарының  бірі - мемлекеттік 

тілді  барлық  азаматтардың  арнайы  белгіленген  көлемде  меңгеруі  үшін 

жағдай туғызу. Осы мақсатта халық топтарының этникалық, демографиялық 

кəсіби ерекшеліктеріне сəйкес мемлекеттік тіпті міндетті жəне ақысыз оқыту 

орталықтарын құру қажет.

Мемлекеттік  ақпарат  құралдары:  теледидар  радио,  газеттер  арқылы 

мемлекеттік тілді үйрену жөнінде бағдарламалар, сабақтар жүргізуге, жаңа 

айдарлар енгізуге тиіс.

Барлық  мемлекеттік  жəне  мемлекеттік  емес  мектеп  жасына  кейінгі 

мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы орта жəне жоғары 

оқу  орындарында  мемлекеттік  тілді  оқытудың  тиісті  деңгейін  қамтамасыз 

ету керек, мұның өзі жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты, іскерлік 

қарым-қатынастағы  жəне  қазіргі  заманғы  іс  жүргізуді  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік береді.

Мемлекеттік  тілді  халықтың  меңгеруін,  оны  оқу  орындарында 

оқып-үйренуін  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  пайдаланушы  əр  түрлі 

этникалық  жəне  əлеуметтік  топтарға  бағдарланған  ұғымға  жеңіл  жəне 

тиімді əдістемелерді, көпшілік қолды өз бетінше оқып-үйрену құралдарын, 

сөздіктерді, тілашарларды көптеп шығару арқылы нығайту қажет.

Тілді  тиімді  үйрету  əдістемесін  өндіру  жөніндегі  орталықтардың 

жинақталған  жұмыс  тəжірибесі  республиканың  барлық  оқу  орындарының 

игілігіне айналуы керек.

Мемлекеттік  қызметшілер,  сондай-ақ  ғылым,  мəдениет,  білім  беру 

денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларының қызметкерлері 

үшін  мемлекеттік  тілді  меңгеру  жөнінен  тиісті  талаптар  белгілеу  керек. 

Мемлекеттік  мекемелер  мен  қызметкерлерін  материалдық  көтермелеудің 

тиімді жүйесін жасауды қарастырған жөн.

Мемлекеттік  тілді  мемлекетаралық  қарым-қатынас  практикасында 

қолдану міндетті нормаға айналуы шарт. Ресми адамдар қатысатын барлық 

іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізілуге тиіс, қажет болған жағдайда басқа 

тілдерге  ілеспе  аударма  жасалуы  керек.  Заң  актілерін,  ресми  адамдардың 

баяндамаларын, қызмет құжаттарын мемлекеттік тілде дайындау заңдылыққа 

айналуға тиіс.

Мемлекеттік  өкімет  пен  басқару  орындарында  тіларалық  қатынасты 

қамтамасыз  ету  мақсатында  мемлекеттік  тəржіме  қызметін  ұйымдастыру 

керек.  Барлық  мемлекеттік  мекемелердің  штат  кестелерінде  мемлекеттік 

тілден аударатын жəне мемлекеттік тілге аударатын аудармашылар қызметі 

көзделуге тиіс. Жоғары оқу орындарында аудармашы мамандар даярлауды 

кеңейту  қажет.  Еуразия  университеті  мен  Қазақ  мемлекеттік  əлем  тілдері 

университеті  аудармашылар  даярлайтын  орталықтардың  бірі  болуға  тиіс, 

мұнда Қазақстан этностарының мəдениеті мен тілдері жөніндегі мамандарды 

əзірлеуге арналған факультеттер құруға болар еді.



Мемлекеттік тіл саясаты

181


Мемлекеттік тілдің беделін, оны білу əрбір азаматтың өмірлік қажетіне 

айналатындай,  қазақстандық  патриотизмнің  құрамды  бөлігі  болатындай 

деңгейге  көтеру  қажет.  Мемлекеттік  тілге  ресми  қолдау  көрсетумен  қатар, 

оған  бүкіл  қоғамның  тарапынан  қамқорлық  жасау  керек.  Мемлекеттік, 

кəсіпкерлік,  банкі  құрылымдарының,  қоғамдық  бірлестіктердің  бірлескен 

күш-жігерімен  мемлекеттік  тілді  қолдау  жөніндегі  қайырымдылық  қорын 

құрған жөн.

Ресми  қолданыстағы  тілді  мемлекет  тарапынан  қолдау - оның  басқару 

органдарында  мемлекеттік  тілмен  қатар  қолданылуы  үшін  жағдай  туғызу 

болып  табылады.  Мұндай  мəртебе  заң  актілері  мен  басқа  да  құжаттарды, 

қызметтік  хат-хабарды  ресми  түрде  қолданылатын  тілге  аудару  арқылы 

қамтамасыз етіледі, екінші тіл ретінде осы тілде іс жүргізу, есеп-санақ жəне 

қаржылық құжаттаманы жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Орыс  тілінің  қызметі  аясының  сақталуы  Қазақстанның  интеграциялық 

процестерге бет алуымен, ТМД елдерімен біртұтас мəдени жəне білім беру 

кеңістігін сақтауы арқылы қамтамасыз етіледі.

Қазақстан  халықтары  тілдерінің  дамуы  үшін  қажетті  жағдайлардың 

іс  жүзінде  қамтамасыз  етілуі - ана  тілін  меңгеруге  тілек  білдірушілердің 

барлығына арнап мүмкіндіктер туғызу деген сөз. Мұның өзі ана тілінде орта 

білім беру немесе ана тілін міндетті пəн ретінде оқыту мұғалім кадрларын 

даярлау,  оқу  жəне  оқу-əдістемелік  құралдар  мен  көркем  əдебиет,  газет-

журналдар шығаруға жəрдем жасау жолымен жүзеге асырылады.

Мұндай  жұмыс  этностардың  мəдени-тілдік  мүдделерін  білдіре  алатын 

ұлттық-мəдени  орталықтардың  белсенді  қатысуымен  тиімді  болады. 

Сонымен  қатар  Қазақстандағы  этникалық  диаспоралар  этносының  негізгі 

бөлігі тұратын елдермен, саны аз халықтар тілдерінің Еуропалық бюросымен 

жəне басқа халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қою қажет.

Шет  тілдерін  оқып-үйрену  де  мемлекеттік  қолдауды  қажет  етеді.  Шет 

тілдерін  меңгерген  мемлекеттік  қызметшілерді  материалдық  көтермелеуді 

көздеген жөн болар еді. Сондай-ақ бұрын жұмыс істеп келген шет тілдерін 

тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектептер жүйесінен бас тартуға 

да болмайды.

Елдегі этностар тілдерінің жай-күйі мен жалпы тілді ахуалға нақты жəне 

ғылыми  талдау  жасалмайынша,  тіл  құрылысының  табысты  жүруі  мүмкін 

емес.  Əлеуметнамалық  жəне  əлеуметті-лингвистикалық  мониторинг  тілдік 

процестердің серпінділігі мен оның демографиялық, əлеуметтік, этникалық 

белгілері  бойынша  аймақтық  жіктелуін  бейнелейтін  тіл  саясатына  ұдайы 

түзету енгізіліп отыруын қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттік  тіл  мəртебесі  тілдің  əлеуметтік  функцияларын  кеңейте 

түседі,  тілдегі  жаңа  өзгерістерге  байыпты  ғылыми  талдау  жасауды  талап 

етеді. Қазақ тілінің бірізділігі мен тиісті стандартқа келтірілуін қамтамасыз 

ететін  орфографиялық,  орфоэпиялық,  тыныс  белгілері  ережелерін  жүйеге 

салу басты міндет болып отыр. Қазақ тілінің терминологиялық лексикасының 

жиынтығын  жасау  аса  қажет.  Қазақстанның  сөз  мəдениетін  жетілдіру 



Мемлекеттік тіл саясаты

182


орфографиялық,  орфоэпиялық,  түсіндірме  сөздіктердің  шығарылуын 

көздейді. Мемлекеттік тілді оқып-үйренушілер үшін бейне жəне дыбысты-

көріністі материалдар шығаруды қамтамасыз ету қажет.

 Тұжырымдаманы іске асыру оған заң актілері жəне ұйымдық шаралар 

арқылы қолдау көрсетілген жағдайда ғана табысты болмақ. Тұжырымдамамен 

бірге талқылауға Қазақстан Республикасындағы жаңа «Тіл туралы заңның» 

жобасы ұсынылмақ, онда тіл саясатының құқықтық негіздері баян етіледі. 

Содан  кейін  Азаматтық  кодекске.  Əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

кодекске,  ЕТЗК-ға  жəне  басқа  заңдарға  өзгертулер  мен  толықтырулар 

енгізу  қажет  болады.  Тіл  саясатын  іске  асыру  тетіктері,  мемлекеттік  тілді 

дамытуға  экономикалық  қолдау  жасау  проблемалары  үкімет  тарапынан 

əзірленіп жатқан қазақ жəне өзге де тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік 

бағдарламада көрінісін табуға тиіс.


Мемлекеттік тіл саясаты

183



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет