Мемлекеттік тіл саясаты
1
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ЯЗЫКОВАЯ
ПОЛИТИКА
(сборник нормативно-правовых актов)
Астана 2014
Мемлекеттік тіл саясаты
2
Мемлекеттік тіл саясаты (нормативтік - құқықтық актілер жинағы)-
Государственная языковая политика (сборник нормативных - правовых ак-
тов) / - Астана: «Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық
үйлестіру-əдістемелік орталығы» РМҚК, 2014. 910 – б.
ISBN: 978-601-7504-06-9
Тіл саясаты – мемлекеттік саясат, ол егеменді еліміздің берік арқауы,
демографиялық, əрі саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ықпалды
күш, сондықтан бұл жинаққа Қазақстан Республикасында тiлдердi қолданудың
құқықтық негiздерi, еліміздегі тіл саясатын құқықтық тұрғыдан реттеп, оны
тиімді жүргізуге қатысты қабылданған заң актілері, бағдарламалар жəне қаулы-
қарарлар топтастырылған.
Жинақ мемлекеттік қызметшілерге, жоғары оқу орындарының заң жəне
құқықтану факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, заң саласының
қызметкерлері мен мемлекеттік тіл саясатын терең білуді қалайтын қалың
оқырманға арналған.
Языковая политика – это государственная политика, которая является опо-
рой суверенности страны и демографической, политической стабильности. В
этом сборнике сконцентрированы правовые основы использования языков в
Республике Казахстан, а также законы, акты, программы и постановления, регу-
лирующие языковую политику страны.
Сборник адресован для государственных служащих, для студентов и магис-
трантов Юридического факультета, специалистам работающим в законодатель-
ной сфере, а также широкому кругу читателей.
© Тілдерді дамыту жəне қоғамдық – саяси
жұмыс комитеті, 2014.
© «Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың
республикалық үйлестіру-əдістемелік
орталығы» РМҚК, 2014.
УДК 811.512.122
ББК 81.2 Каз
УДК 811.512.122
ББК 81.2 Каз
М 44
ISBN: 978-601-7504-06-9
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі
Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы
бойынша
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында
шығарылды
Д.Таумұрат (жалпы редакциясын басқарған)
С.Сəлемов, Б.Қапалбек, А.Байбосын, С.Құлманов, Г.Тəуел
Д.Таумұрат (общая редакция)
С.Салемов, Б.Капалбек, А.Байбосын, С.Қулманов, Г.Тауел
Мемлекеттік тіл саясаты
3
АЛҒЫ СӨЗ
Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың
маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі, тіл саясаты, оның ішін-
де мемлекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның
мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты.
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында
сөйлеген сөзінде: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты
факторы болып табылатын қазақ тілінің одан əрі дамуы үшін барлық
күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын
барлық халықтардың өкілдері ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуы-
на, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет», - деп тіл дамыту
мəселесінің маңызын аша отырып, Үкіметке арнайы бағдарлама жа-
сау жөнінде тапсырма берген еді. Бүгінгі міндет - сол Тіл туралы Заң
мен Тілдерді қолдану жəне дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету
болып табылады. Ол үшін кəсіби қарым-қатынаста қазақ тілінде са-
уатты сөйлей білу – əрбір маманның алдына қойылар басты талап бо-
луы шарт. Бүгінгі күні елімізде халыққа заңгерлік көмек көрсете ала-
тын, қазақ тілінде еркін сөйлей білетін заңгерлерге, қорғаушыларға,
тергеушілерге т.б. жəне халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын
маман иелеріне де сұраныс көбейіп келеді. Сондықтан да, бүгінгі
күні өзекті мəселелердің бірі кəсіби қазақ тілінде дұрыс сөйлей білу-
мен қатар ісқағаздарын сапалы толтыра білетін мамандарды даярлау,
олардың сөздік қорларын заң терминдерімен толықтыра түсу басты
мəселелердің бірі болып табылады.
Тіл саясаты үш негізге сүйенеді. Ең бастысы - оның құқықтық
негізін жасау, екіншісі - қоғамда тіл саясатын кеңінен насихаттау. Ал
үшіншісі - үкімет тарапынан қаржылық қолдау. Еліміздің тіл саяса-
тында осы үшеуі де ескерілген. Бұл жинаққа тіл саясатын жүргізуге
қатысты шыққан заң актілері, қаулылар жəне ресми қабылданған
бағдарламалар топтастырылған.
Мемлекеттік тіл саясаты
4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ
Н.Ə. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Мазмұны
І. Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономи-
камыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік
көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сына-
луы
1. Қуатты да табысты мемлекет
2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі
3. Түрлі əлеуметтік, этностық жəне діни топтардың келісімі мен татулығы
4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз
5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті
əлеуметтік саясат
6. Əлемдік қоғамдастық таныған ел
7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз
8. Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар
ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері
1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі
2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
3. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы
5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы
7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция
8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен əлеуметтік тұрақсыздық
9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы
10. Оныншы сын-қатер – жаңа əлемдік тұрақсыздық қаупі
ІІІ. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағ-
дайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты
1. Міндеттердің жаңа парадигмасы
2. Қайда бет алдық? Жаңа саяси бағыттың мақсаттары
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестиция-
лар мен бəсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген
түгел қамтитын экономикалық прагматизм
Мемлекеттік тіл саясаты
5
1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Жаңа кадр саясаты
3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту
3.1. Бюджет саясаты
3.2. Салық саясаты
3.3. Ақша-кредит саясаты
3.4. Мемлекеттік жəне сыртқы қарызды басқару саясаты
4. Инфрақұрылымды дамыту
5. Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту
6. Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі
7. Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары
8. Ауыл шаруашылығын жаңғырту
8.1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде жəне саудада қожалықтар
мен шағын жəне орта бизнесті дамыту
9. Су ресурстарына қатысты саясат
2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кəсіпкерлікті жан-
жақты қолдау
1. Шағын жəне орта бизнесті дамыту
2. Мемлекеттік-жекеменшік əріптестігінің жаңа үлгісі –
«Қуатты бизнес – Қуатты мемлекет»
3. Жекешелендірудің жаңа кезеңі – мемлекет рөлінің өзгеруі
3. Əлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – əлеуметтік кепілдіктер
мен жеке жауапкершілік
1. Əлеуметтік саясаттың жаңа принциптері
1.1. Ең төменгі əлеуметтік стандарт
1.2. Атаулы əлеуметтік қолдау
1.3. Өңірлердегі əлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу
1.4. Жұмыспен қамту жəне еңбек саясатын жаңғырту
2. Ананы қорғау. Əйелдерге қамқорлық
3. Баланы қорғау
4. Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі
4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар
4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тəсілдері
4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту
4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы
4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту
4. Білім мен кəсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау
мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары
1. Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары
1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту
Мемлекеттік тіл саясаты
6
1.2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту
1.3. Білім беру саласындағы əлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту
1.4. Білім беру əдістемелерін жаңғырту
2. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты
2.1. Технологиялар трансферті
2.2. Ғылым мен бизнестің кооперациясы
2.3. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы
3.Жастарға үндеу
5. Мемлекеттілікті одан əрі нығайту жəне қазақстандық демократия-
ны дамыту
1. Мемлекетті басқарудың жаңа типі
1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру
2. Басқаруды орталықсыздандыру
2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің
ара-жігін ажырату
2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы
2.3. Ауыл əкімдерін сайлау
3. Кəсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру
З.1. Əкімшілік реформаның екінші кезеңі
4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының
жаңа жүйесі
5.Тəртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу
6. Жемқорлыққа қарсы күрес
7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау
6. Дəйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгеріле-
ту мен өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздікті нығайту
1. Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары
2. Экономикалық жəне сауда дипломатиясын дамыту
3.Өңірлік қауіпсіздікті нығайту
4.Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу
5. Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен əскери доктринаны нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты жəне
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
1. Жаңа қазақстандық патриотизм
2. Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы
3. Қазақ тілі жəне тілдердің үштұғырлылығы
4. Мəдениет, дəстүрлер жəне даралық
5. Ұлттық интеллигенциясының рөлі
6. ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін
7. Болашақтағы Қазақстанды қалай елестетемін?
8. Ұлтқа үндеу
Мемлекеттік тіл саясаты
7
Қадірлі қазақстандықтар!
Қымбатты отандастар!
Біз бүгін Тəуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз.
Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп ке-
леміз.
1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті,
бостандықты, əлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар
біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.
Сол кездері, сапарымыздың басында бəрі басқаша болды. Енді біздің
ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай болып өзгерді.
Біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік
ұстанымы бар табысты мемлекетпіз.
Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті.
Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс
істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты
аяқталды.
Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тəуелсіз əрі өзіне сенімді болып
отыр.
Жаһандық дағдарыстың жалғасуының əсерінен əлемде болып жатқан
өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі мін-
детіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып,
ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.
Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің,
дамыған экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде бере-
келі қоғам құру.
Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз
ету үшін аса маңызды болмақ.
Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен,
ұзақмерзімді дамумен жəне экономикалық өсумен айналысады.
Дəл осы себептен де Тəуелсіздік күні қарсаңында, қымбатты менің отан-
дастарым, мен сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отырмын.
Бұл – еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымда-
уым.
Бұл – жаңа саяси бағыт.
І. ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН – мемлекеттілігіміздің, ұлттық
экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық
келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық
беделіміздің дағдарыста сыналуы
Дəл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі страте-
гиясын қабылдадық.
Бұл 1997 жыл – кеңестік кезеңнен кейінгі бей-берекеттік түбегейлі
еңсерілмеген, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны жəне басқа да кейбір
нарықтарды сансыратқан кезең болатын. Бізге де аса қиын соқты.
Мемлекеттік тіл саясаты
8
Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан
ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сəуле шашып, алға
басуға жігерлендірді.
1997 жыл естеріңізде ме?
Парламентте мен сөз сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу болды.
Көпшілік: «Бұл не – насихат па? Əлде аспаннан түскен нəрсе ме?» деп
сауал қойып жатты.
Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін.
Дегенмен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой.
Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды мін-
дет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау керек болды.
Ол міндетті шешу үшін біз үш бірдей жаңғырту жүргізуге тиіс едік: мем-
лекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, əлеуметтік
мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік
жолымызды айқындауға тиіс едік. Бұл жол «Қазақстан-2030» Стратегия-
сында белгіленген болатын. Бұл құжат стратегиялық мақсаттар мен міндет-
терді пайымдаған, көзқарасымыздағы маңызды серпіліс болды.
Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат – жетістіктің желкені».
Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді.
Бүгін дұрыс таңдау жасағанымыз туралы айту мен үшін үлкен абырой.
2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыс осыны айғақтады.
Қазақстан оған төтеп берді. Дағдарыс жетістіктерімізді сетінете
алған жоқ, бізді қуатты ете түсті.
Біз таңдаған ел дамуының саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне
сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін дəлелдеді.
1. Қуатты да табысты мемлекет
Біздің басты жетістігіміз – тəуелсіз Қазақстанды құрғанымыз.
Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған
экономикалық кеңістігін құрдық. Елде өндірістік байланыстарды қайтадан
орнықтырып, нығайттық. Бүгінде барлық өңірлер бір-бірімен ажырағысыз
байланыста жұмыс істейді.
Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік
басқару жүйесін жасаған тарихи маңызды конституциялық жəне саяси ре-
формалар жүргіздік.
Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Бұл заманауи қала
біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің
мүмкіндігін əлемге көрсету үшін оның əлеуетін пайдалана алдық. Дəл
сол себептен де халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСПО-2017
Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана бол-
маса, бұл да болмас еді. Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бер-
мейді. Біздің еліміз кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте ЕҚЫҰ-
ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген жəне ғаламдық
ауқымдағы іс-шара – ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін
айтсақ та жеткілікті.
Мемлекеттік тіл саясаты
9
2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі
Біз «Алдымен экономика – cодан соң саясат» деген айқын форму-
ламен ілгерілеп келеміз. Саяси реформалардың əрбір кезеңі экономика
дамуының деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру
жолын дəйекті ұстанудамыз. Осылайша ғана елді жаңғыртып, оны бəсекеге
қабілетті етуге болады.
Қоғам əрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары
саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді.
Біз ел Конституциясында негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекіт-
тік. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар мен
мүмкіндіктерге ие.
3. Түрлі əлеуметтік, этникалық жəне діни топтардың келісімі мен
татулығы
Біз қазақ халқына, біздің мəдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи
əділдікті қалпына келтірдік.
Этникалық, мəдени жəне діни əралуандыққа қарамастан, елімізде бейбіт-
шілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық.
Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған
шаңырағына айналды.
Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты
құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мəдениеттер
мен діндердің үндесуі əлемдік эталон ретінде танылған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мəдениеттер үндесуінің бірегей
еуразиялық үлгісі болды.
Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналды.
4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің
роліміз
Біз Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке,
еркін бəсекелестікке жəне ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық
экономиканың заманауи үлгісін жасадық. Біздің моделіміз шетелдік инвес-
тицияларды тартудағы мемлекеттің белсенді рөліне негізделген.
Біз елімізге 160 млрд. доллардан астам шетел инвестициясын тарттық.
Кəсіпкерлік қызмет үшін негізгі талаптар мен заманауи салық жүйесі
қалыптасты.
Біз ұлттық экономиканы жоспарлы түрде əртараптандырудамыз. Үдемелі
индустрияландыру бағдарламасында екі бесжылдықта экономикамыздың
бет-бейнеcін өзгертіп, оны шикізаттың əлемдік бағаларының ауытқуына
тəуелсіз ету міндетін қойдым.
Стратегия-2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз
əлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді.
Нəтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі
жағынан біз əлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз.
Мемлекеттік тіл саясаты
10
Əлемнің барлық елдері өз дамуын салыстыратын мойындалған рейтинг-
тер бар. Осыдан алты жыл бұрын мен алдымызға əлемнің бəсекеге қабілетті
50 елінің қатарына кіру жөнінде жалпыұлттық міндетін қойдым. Қазақстан
Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 51-орынды иеленді. Біз
бүгін осы мақсатымызға таяқ тастам ғана қалдық.
5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті
əлеуметтік саясат
Мен үшін əрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды
əрі солай бола бермек.
15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті.
Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайды,
жұмыссыздар саны екі есе қысқарды.
Біз əлеуметтік бағдарланған қоғамның негіздерін қаладық.
Біз ұлт денсаулығын жақсарту ісінде едəуір ілгерілеуге қол жеткіздік.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін оны ұйымдастыру,
басқару мен қаржыландыру жүйесі реформаланды.
Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есе азайды, бала туу көрсеткіші
бір жарым есе өсті.
Білім алуға тең мүмкіндіктер жасалуда.
Соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті.
Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық
деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған Білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
Біздің адам капиталын дамытудағы ұзақмерзімді салымдар саясатымыз-
дың арқасында қазіргі талантты жас ұрпақты өсірдік.
6. Əлемдік қауымдастық таныған ел
Əлемдік саясатта біздің еліміз - талассыз халықаралық беделге ие жауап-
ты да сенімді серіктес.
Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды роль атқара-
мыз, халықаралық терроризмге, экстремизмге жəне есірткінің заңсыз ай-
налымына қарсы күресте əлемдік қауымдастықты қолдаймыз.
Біз өз қауіпсіздігіміз үшін халықаралық үнқатысу алаңы - Азиядағы
өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары кеңесін шақыруға бастамашылық
жасадық. Бүгінгі күні АӨСШК халқы 3 млрд-тан асатын 24 елді біріктіреді.
Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен
Ынтымақтастық Ұйымына, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына жəне
Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымына төрағалық етті.
Астана экономикалық форумында біз диалогтың жаңа форматын – G-
Достарыңызбен бөлісу: |