Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам



Pdf көрінісі
бет163/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   333
Байланысты:
sbornikkonferenczii19iyunya2023

Зерттеу мақсаты: 
операциядан кейінгі алып рецидивті вентралды 
жарықтарда, клиникада жетілдірілген тартылымсыз герниопластика 
нәтижелерін бағалау. 
Зерттеу материалдары мен тәсілдері
. Зерттеу 2018–2023 жылдары 
«Семей Медицина Университеті» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы 
университеттік госпиталінің (одан әрі, «СМУ» КеАҚ УГ) ересектер хирургия 


170 
бөлімшесінде операциядан кейінгі алып рецидивті вентралды жарықтарға 
(одан әрі, ОКАРВЖ) операция жасалынған 54 науқасты хирургиялық емдеу 
нәтижелері талданды. Зерттелуші топтардағы ерлер саны 36 (66,7%), әйел 
адамдар саны - 18 (33,3%). Науқастардың жасы 51-тен 78 жас аралығында, 
орташа жасы 67,3 ±2,3. 
Зерттеуге J.P. Chevrel және A.M. Rath (SWR classification) 
классификациясы таңдалынды, онда үш негізгі параметр ескеріледі — 
жарықтың орналасуы, жарық қақпасының ені, рецидивтің болуы:-локализация 
бойынша: 
M – орта
, CL — бүйір, ML- аралас; - жарық қақпасының ені 
бойынша: W1 (5 см-ге дейін), W2 (5-10 см), W3 (10-15 см) және 
W4 (15 см-ден 
жоғары)
; - қайталану жиілігі бойынша: 
Rl, R2, R3 және одан көп
. Сондай-ақ, 
барлық науқастар үшін біз 30x30 см «Premilene® Mesh» полипропилен 
торшасын қолдандық. Зерттеу көрсеткіштеріне байланысты 4 топқа бөлінді
негізгі және үш бақылау тобына. 
Бірінші топта (негізгі топ) 
14 (25,9%) науқасқа операциядан кейінгі 
алып рецидивті вентралды жарықты емдеу мақсатында клиникада 
жетілдірілген құрсақ қабырғасының кернеу көрсеткішіне байланысты 
тартылымсыз герниопластика жасалынды. Зерттеу әдісі авторлық патетке 
ұсынылған, экспертиза әдісі оң. Топтағы ер адамдар 9 (64,3%), әйел адамдар 
саны - 5 (35,7%). Науқастар 55 – 72жас аралығында. 
Екінші топта (бақылау тобы) 
15 (27,8%) науқасқа жарық қабын сылып 
алу және полипропиленді синтетикалық торы жарық қақпасының тігілген 
жиектеріннің үстіне орналастырылған «Оnlay» әдісі бойынша пластика 
жасалынды. Топтағы ер адамдар 10 (66,7%), әйел адамдар саны - 5 (33,3%). 
Науқастар жасы 51- 69 жас аралығында. 
Үшінші топта (бақылау тобы)
12 (22,2%) науқасқа жарық қабын сылып 
алу және полипропиленді синтетикалық торы жарық қақпасының тігілген 
жиектеріннің астына орналастырылған «Sublay» әдісі бойынша пластика 
жасалынды. Топтағы ер адамдар 8 (66,7%), әйел адамдар саны - 4 (33,3%). 
Науқастар 58 - 78 жас аралығында. 
Төртінші топта (бақылау тобы) 
13 (24,1%) науқасқа жарық қабын 
сылып алу және полипропиленді синтетикалық торы жарық қақпасының 
жиектеріне «Inlay» әдісі бойынша пластика жасалынды. Топтағы ер адамдар 9 
(69,2%), әйел адамдар саны - 4 (30,8%). Науқастар 57- 70 жас аралығында. 
Барлық топтарда тері асты май қабаты Редон бойынша дренирленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет