338
Хамзина Р., Жалгасбай А.Ж.
НУО «Казахстанско-Российский медицинский университет»,
г. Алматы, Республика Казахстан
БОЛАШАҚ ҮЗДІК МЕДИЦИНА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Х
амзина Р., Жалғасбай А.Ж.
"Қазақстан-Ресей медициналық университеті" ҰБО, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Кілт сөздер:
медицина, нанотехнология, инсулин, қатерлі ісік.
Инсулинді робот.
Қандағы глюкозаның мақсатты деңгейін ұстап тұру
дене мүшелерін зақымданудан сақтауға көмектеседі. Ол сонымен қатар I типті
қант диабетімен ауыратын адамдарды гипогликемиядан қорғайды. Сол себепті
зерттеушілер магнитті робот жүйені ойлап тапты. Бұл жүйенің жұмысы:
науқастың ішегіне роботты бекітіп, сайкесінше инсулинге тола магнитті
капсулаларды сырттан енгізеді. Капсула мен робот негізі әрекеттесе отырып
инсулинді барлық организмге толықтай тасымалдайды. Зерттеуді шошқаларға
жүргізгенде, қандағы қант бірнеше уақыт қалыпты болады.
Кардиостимуляторлар
- бұл адам жүрегінің жұмысын реттеуге
қолданылатын қарапайым және арзан құрылғылар. Өкінішке орай, шамамен
жеті жылдан кейін бұл құрылғының қуат көзі таусылып, оны хирургиялық
араласу арқылы ауыстыру қажет, бұл егде жастағы адамдарда қосымша
проблемалар тудыруы мүмкін. Доктор Амин Карами бұл мәселенің шешімін
тапты. Ол жүрек соғуынан электр қуатын өндіретін және кардиостимуляторды
қуаттандыруға болатын құрылғы жасады. Қазіргі уақытта ол өз құрылғысын
сынақтан өткізілуде, ол сәтті болса, денедегі медициналық құрылғылар
саласында төңкеріс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: