135
IV. ОФТАЛЬМОЛОГИЯ / ОФТАЛЬМОЛОГИЯ
УДК: 617.7
МРНТИ: 76.29.56
QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH DIABETIC RETINOPATHY
Berdisheva A., Berlibek D., Rakhimova M., Serikova Zh.
NAO «Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov»,
Almaty, Republic of Kazakhstan
КАЧЕСТВО ЖИЗНИ ПАЦИЕНТОВ С ДИАБЕТИЧЕСКОЙ
РЕТИНОПАТИЕЙ
Бердышева А., Берлибек Д., Рахимова М., Серикова Ж.
НАО «Казахский Национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова»,
г. Алматы, Республика Казахстан
ДИАБЕТТІК РЕТИНОПАТИЯМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢ
ӨМІР САПАСЫ
Бердишева А., Берлібек Д., Рахимова М., Серікова Ж.
«С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Түйін сөздер:
қант диабеті,
диабеттік ретинопатия, өмір сапасы,
сауалнама, шкала.
Кіріспе:
Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының қорытындысы
бойынша, 2030 жылға қарай қант диабеті әлемдегі өлім-жітім себептері
арасында 7-ші орынға шығады, диабеттік ретинопатия (ДР) көру қабілетінің
нашарлау себептері арасында әлемде 5-ші, ал
пациенттердің соқырлық
себептері арасында 4-ші орында. Сонымен қатар, уақытылы профилактикалық
және емдік шаралар кешені көру қабілетінің төмендеуіне және пациенттердің
мүгедектігіне жол бермейді.
Материал және әдістер:
С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ
университеттік клиникасының базасында ем алатын 315 пациентте қант
диабетімен ауыратын науқастар арасында
диабеттік ретинопатиямен
сырқаттанушылыққа талдау жүргізілді. Олардың 80 - і SF-36 сауалнамасының
қысқартылған орыстандырылған бейімделген нұсқасын пайдалана отырып,
өмір сапасын зерттеу бойынша әлеуметтанулық зерттеу жүргізді. Барлығы 80
респондент, 25 (31,2%) ерлер және 55 (68,8%)
әйелдер зерттелді, олардың
орташа жасы 48±6 жасты құрады.
136
Пайдаланылған сауалнаманың үш деңгейі бар: 36 сұрақ; 2-10 сұрақтан
құралған 8 шкала; шкалаларды біріктіретін 2 жиынтық өлшем.
КЖ талдауы келесі шкалалар бойынша жүргізілді: 1. Физикалық жұмыс
2. Рөлдік физикалық жұмыс 3. Ауырсыну шкаласы 4.
Жалпы денсаулық
жағдайы 5. Өміршеңдік шкаласы 6. Әлеуметтік қызмет 7. Рөлдік эмоционалды
қызмет 8. Психологиялық денсаулық
Достарыңызбен бөлісу: