Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам


ЭКҰ-ДАН КЕЙІН ДАМЫМАҒАН ЖҮКТІЛІКТІҢ ДАМУЫ ҚАУПТІ



Pdf көрінісі
бет142/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   333
Байланысты:
sbornikkonferenczii19iyunya2023

 
ЭКҰ-ДАН КЕЙІН ДАМЫМАҒАН ЖҮКТІЛІКТІҢ ДАМУЫ ҚАУПТІ 
ФАКТОРЛАРЫ
Бодыков Ғ. Ж., Ержан З. Е., Нургалиева Л. И., 7 курс студенті 
Абдрахманова С. М. 
"Қазақстан-Ресей медициналық университеті" ҰБО, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 
Кілт 
сөздер

дамымаған 
жүктілік, 
көмекші 
репродуктивті 
технологиялар, акушерлік асқынулар 
Кіріспе
. Көмекші репродуктивті технологияларды қолдану арқылы 
дамыған жүктілік жоғары қауіп тобына жататыны белгілі. Көптеген 
зерттеушілер ЭКҰ және ЭТ кейін жүкті әйелдердің 50% -дан астамы түсік 
тастау мәселелеріне тап болатынын растайды және бұл жағдай пациенттердің 
әлсіреген репродуктивті денсаулығына одан ары зиянын тигізеді. 
Материалдар. 
2015-2020 
жылдар 
аралағындағы 
әртүрлі 
дерекқорларына жан-жақты жүйелі шолу жасалды, содан кейін енгізілген 
зерттеулердің әдебиеттеріне қолмен іздеу жүргізілді. 
Тәсілдер.
20-дан 
астам сәйкес зерттеулерді тауып, көмекші 
репродуктивті технологиялар қолдану нәтижесінде дамыған жүктіліктің жиі 
акушерлік асқынуларының даму себептерін зерттеу, нәтижелерін талдау 
арқылы негізгі қауіп факторларын анықтау. 


148 
Зерттеу нәтижелері. 
Көмекші репродуктивті технологияларды қолдану 
нәтижесінде дамыған жүктіліктің жиі акушерлік асқынуы – дамымаған 
жүктілік және ол ЭКҰ бағдарламасынан кейін 30%-дан 60% құрайды. Зерттеу 
нәтижесінде дамымаған жүктілік дамуының негізгі себептері бұл: 1) ұрықтағы 
генетикалық бұзылыстар, 75% ұрықтанған аналық жасушасы хромосомды 
бұзылыстарға ие болатыны және жасы ұлғайған сайын сау жасушалар 
санының азаюы нәтижесінде бұл көрсеткіш жоғарылайтыны белгілі болды; 2) 
гормональды бұзылыстар: ЭКҰ кезінде гормональды стимуляция 
нәтижесінде, гормондар дозасын әртүрлі факторларға байланысты нақты 
анықтау мүмкін емес, соның нәтижесінде эндометрийдің секреторлы 
трасформациясы бұзылып, трофобласт инвазиясына қолайсыз фон тудырған, 
30–35% жағдайда жүктіліктің үзілуіне әкелді; 3) инфекциялық және 
созылмалы қабыну аурулары. Созылмалы эндометрит кезінде эндометрийдің 
қалыңдығын және құрылымын 100% қалпына келтіру мүмкін емес, содан 
дамымаған жүктілік дамуы жоғары болды; 4) гемостаз жүйесінің бұзылысы. 
Зерттелген деректерге сәйкес MTHFR С677T ген мутациясы (71%), 
тромбогенды полиморфизм PAI-1 (64%) және Лейден, MTR, фибриноген 
мутациясы анықталды; 5) экстрагенитальды патологиялар, зиянды әдеттер, 
өндірістік қауіптер; 6) кеш репродуктивті жас: 35 және одан жоғары жас 1,55 
есе жүктіліктің ерте үзулуіне, ал ЭКҰ әдісін қолдану 2,34 есе үзулуіне ықпал 
еткен, бұл көрсеткіш 20–24 жаста - 9 %, 45 жасқа дейінгі әйелдерде - 45%, 
45жас және одан жоғары –75 % құрады; 7) асқынған акушерлік анамнез, соның 
ішінде жиі оперативті әдістермен емделген әйелдер; 8) көпұрықтық жүктілік 
және акушерлік асқынулардың дамуында әйелдердің психологиялық статусы 
да әсер еткен. 
Қорытынды: 
Зерттеу нәтижемізге сәйкес, көмекші репродуктивті 
технологиялар бағдарламасының нәтижесі бұл - әйел организміне әсер ететін 
мультифакторлы әсерлердің қорытындысы болып табылады. Сондықтан, 
экстракорпоральды ұрықтандыруды жоспарлаушы әйелдер мұқият дайындық 
пен емдеуді қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет