148
Зерттеу нәтижелері.
Көмекші репродуктивті технологияларды қолдану
нәтижесінде дамыған жүктіліктің жиі акушерлік асқынуы – дамымаған
жүктілік және ол ЭКҰ бағдарламасынан кейін 30%-дан 60% құрайды. Зерттеу
нәтижесінде дамымаған жүктілік дамуының негізгі себептері бұл: 1) ұрықтағы
генетикалық бұзылыстар, 75% ұрықтанған аналық жасушасы хромосомды
бұзылыстарға ие болатыны және жасы ұлғайған сайын сау жасушалар
санының азаюы нәтижесінде бұл көрсеткіш жоғарылайтыны белгілі болды; 2)
гормональды бұзылыстар: ЭКҰ кезінде гормональды стимуляция
нәтижесінде, гормондар дозасын әртүрлі факторларға байланысты нақты
анықтау мүмкін емес, соның нәтижесінде эндометрийдің секреторлы
трасформациясы бұзылып, трофобласт инвазиясына қолайсыз фон тудырған,
30–35% жағдайда жүктіліктің үзілуіне әкелді; 3) инфекциялық және
созылмалы қабыну аурулары. Созылмалы эндометрит кезінде эндометрийдің
қалыңдығын және құрылымын 100% қалпына келтіру мүмкін емес, содан
дамымаған жүктілік дамуы жоғары болды; 4) гемостаз жүйесінің бұзылысы.
Зерттелген деректерге сәйкес MTHFR С677T ген мутациясы (71%),
тромбогенды полиморфизм PAI-1 (64%) және Лейден, MTR, фибриноген
мутациясы анықталды; 5) экстрагенитальды патологиялар, зиянды әдеттер,
өндірістік қауіптер; 6) кеш репродуктивті жас: 35 және одан жоғары жас 1,55
есе жүктіліктің ерте үзулуіне, ал ЭКҰ әдісін қолдану 2,34 есе үзулуіне ықпал
еткен, бұл көрсеткіш 20–24 жаста - 9 %, 45 жасқа дейінгі әйелдерде - 45%,
45жас және одан жоғары –75 % құрады; 7) асқынған акушерлік анамнез, соның
ішінде жиі оперативті әдістермен емделген әйелдер; 8) көпұрықтық жүктілік
және акушерлік асқынулардың дамуында әйелдердің психологиялық статусы
да әсер еткен.
Қорытынды:
Зерттеу нәтижемізге сәйкес, көмекші репродуктивті
технологиялар бағдарламасының нәтижесі бұл - әйел организміне әсер ететін
мультифакторлы әсерлердің қорытындысы болып табылады. Сондықтан,
экстракорпоральды ұрықтандыруды жоспарлаушы әйелдер мұқият дайындық
пен емдеуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: