Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам



Pdf көрінісі
бет311/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   333
Байланысты:
sbornikkonferenczii19iyunya2023

Зерттеу нәтижелері.
 
Қалақайларға негізінен тропиктік аймақта 
таралған 60-қа жуық тұқым және 1000-нан астам өсімдік түрлері жатады. 
Тұқымдас әдетте 5 туысқа бөлінеді, олар: Қалақай (Urticaceae), Прокрис 


327 
(Procrideae), Бемерия (Boehmerieae), Форскаолылар (Forsskaoleae) және 
Постенництілер (Parietarieae) болып табылады. Солардың ішіндегі - Қалақай 
(Urtica dioica L.) - көпжылдық шөптесін өсімдік, жапырақтары құнды 
мультидәруемендердің көзі болып табылатын шикізат. Олардың құрамында 
аскорбин қышқылы (270 мг%), каротиноидтар (50 мг%), В1, В2 және В5, К 
дәрумендері (200 мг%), Е, алкалоидтар (0,019–0,29%), кумариндер (эллаг 
қышқылы), флавоноидтар (3-о-гликозидтер және 3-Орутинозидтер кверцетин, 
кемпферол, изорамнетин), органикалық қышқылдар (қымыздық, кәріптас, 
фумар, сүт, лимон, құмырсқа, хин), кремний қышқылы және оның тұздары, 
фенолкарбон қышқылдары (өт қышқылы, п-кумар қышқылы, кофе, ферул), 
таниндер (2% - дан астам), фитонцидтер, гликозид уртицин, стеролдар, 
порфириндер (протопорфирин, копропорфирин), ситостерол, бетаин, 
фитонцидтер, ацетилхолин, гистамин, шәйір, микроэлементтер (ванадий, 
хром, темір, мыс, марганец, алюминий) болатындығын әдеби шолу 
нәтижелерінен көріп отырмыз. Сонымен қатар, қалақайдың құрамында β-
каротинге есептегенде 78±6 мг% каротиноидтар, 8,0±0,7% полифенолдар, 
рутин бойынша 1,7±0,3% флавоноидтар, 0,89±0,06 мг / г ванадий, 0,06±0,01 
мг/г хром және 10,5±1,6 мг/г селен анықталған. 
Қорытынды. 
Қалақайдың құрамындағы бай биологиялық белсенді 
заттар көзі оны гипо және авитаминозды емдеуде халық және ғылыми 
медицинасында ішкі қан кетуде, атап айтқанда, жатырдан, асқазаннан, тік ішек 
жолдарынан қан кету кезінде және асқазан жарасын емдеуде, Еуропа, Азия, 
Африка елдерінде диабетті емдеуде кең қолдануға мүмкіндік беруде. Сонымен 
қатар Қосүйлі қалақай өсімдігінің шикізаты көптеген елдерде, атап айтқанда 
Украина мемлекеттік фармакопеясы, Европа фармакопеясы, Британия 
фармакопеясы, РФ фармакопеясында ресми шикізат болып есептелетіндігі 
оның қолданыс аясының ресми екендігінің көрсеткіші. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет