Менің Отаным
«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен,
асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы
ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп
күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы
дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік
пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық
жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.
Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары
талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп,
еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай
күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік
танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс,
ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш
азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары.
Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты
азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін. Еліміздің көгінде
тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта
тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын
389
Сочинения школьников Карагандинской области
болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 22
жыл өтті.
Қазақстанның жиырма екі жылдық ғұмырына көз салсақ,
ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кер-
неп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен
бағындырған жаңа белестері бар. Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас
қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның
орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап,
дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен
ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі
елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан
қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан
– 2050» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан
мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады де-
ген сенімдемін. «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам
баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген
сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын
алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін
және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай
болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Барша Қазақстандықтарды
елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан
көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және
шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.
Сағындық Нұрхат
2сынып, Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп
Жетекшісі: Сұраған А.С.
Қазақ елі
Қазіргі қазақ елі қандай бақыттысың! Аспаның ашық, жерің
байтақ. Осыншама кең жер мен алтынға теңер табиғи байлығың
бар. Ешкімнен қорықпас егеменсің. Бұдан артық мен үшін мақтаныш
сезімі жоқ. Әрбір адам, елін сүйген, елі үшін мақтанып, елі үшін жан
күйдірген адам. Өз елі жайлы әңгіме болғанда жүрегі тебіренбей
тұра алмайды. Қазақстан – Еуразия материгінің қақ жүрегінде
орналасқан тамаша, бірлігі мен достастығы берік мемлекет. Қазақстан
390
Казахстан, армия, патриотизм
– тәуелсіздік жолында көптеген қиындықтар, ызғарлы, қара күндерді
басынан өткізді. Ал бүгінгі күнде еліміз − алдағы дамушы елдердің
бірі. Тәуелсіздік алғалы еліміз тез бой көтеріп, еліміздің ұлттық ва-
лютасы, әнұранымыз, байрағымыз, өз елтаңбамыз бекітілді. Сонымен
қатар еліміздің бас қаласы Астанамыз бой көтерді. Дүниежүзінде ел-
басымыз Н.Назарбаев білікті саясатшы,ақылдылығы мен азаматтығы
тең түсіп жатқан тәжірибелі басшы. Халықтың болашағын болжай
білетін көреген және қазіргідей алмағайып кезеңде елдің бірлігін
сақтап,тұңғиықтан жарқын кезеңге алып шығар Президент ретінде
бағаланады.
«Сан ғасырлар бойы қазақ халқының күш жігері даму жолын-
да емес, тәуелсіздік жолында жұмсалып келді. Мүмкіндіктер бізде
әрине бар. Бүгінгі күні қазақстандықтар өз-өздерінің тағдыры мен
бас бостандықтарының иелері... Жаңа ғасыр Қазақстан тарихының
алды болады. Бұл ғасыр бейбітшілік пен жасампаздықтың ныша-
ны болып біздің тарихымызға енеді.»Халқымның болашағы қалай
болмақ деген ой жиі мазалайтын болар. Осындай ақылды, жігерлі
Елбасы барда бойымызды тік, аяғымызды нық басуға болады.
Міне бүгінгі күнде Елбасымыздың бастауымен біртіндеп елу елдің
қатарына қосылудамыз. Бұл бастама жаңа жас мемелекетке үлкен
жетістік.
Ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен алған
тәулсіздігімізді Елбасымызға мұра еткендей. Менің ойымша Елба-
сымыз жасаған ерліктері мен данышпандылығын ұрпақтан ұрпаққа
қалып отыратын сарынды дәстүр болып сақталатын сияқты. «Ел
болғың келсе бесігіңді түзе» - деген қазақтың асыл сөзін Елбасы ерте-
рек түсінген, оған дәлел «Мен жастарға сенемін» ұраны. Елбасымыздың
осындай сенімін біз келешек ұрпақ терең түсініп, өмірлік міндетіміз
бен мақсатымызға алған жөн.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бұл есімді кішісі мен кәрісінің
барлығы біледі. Сеніммен, үмітпен өзінің уайымын, дауасын, қуанышын
Қазақстан Республикасының халқы өздерінің қөзқарастарымен
білдіреді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының
тұңғыш Президенті. Тап осы Нұр аға біздің мемлекетіміздің және
халқымыздың тәуелсіздік жолындағы жаңа жаңғыруының, тәуілсіз,
зайырлы мемлекетте тұрамын деп жар салатын, болашаққа нық
сеніммен дұрыс жолға бастау алып, тұғырын биік көтеріп қарайтын
намысты азаматтардың куәгері мен алға бастар басшысы.
391
Сочинения школьников Карагандинской области
Менің ойымша, ең бастысы – бұл кең байтақ қазақ жерімізде
бейбітшіліктің орнауы. Сол себепті біз достық пен түсіністікті
сақтауымыз қажет. Осы мақсатта қанша күш-жігерін біздің елбасымыз
сіңдірді. Нұр ағаны біздің халық мақтан етеді, аса бағалайды. Әрқашан
Қазақстан халқының пікіріне құлақ шалады, халықпен үздіксіз бай-
ланыста болады. Нұр аға ұлы ойшыл, өз елінің жарқын болашағының
нағыз жақтасы.
Елбасының қатты дәйекті саясатының арқасында, Қазақстан абы-
ройлы және дамушы мемлекеттер қатарына қосылды. Біз болашаққа
нық қараймыз, ал болашақ – біздің қолымызда. Қазақстан – менің
елім, ол әрдайым Қазақстан азаматтарының жүрегінде. Мен Қазақ
елінің азаматымын!
Садыкова Тоғжан
10 сынып, М. Горький атындағы мектеп-гимназиясы
Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы
Жетекшісі: С.Д.Тажибеков
Шежіре тұнған сырлы өлкем
Қасиетті қазақ даласы! Бабамнан қалған қастерлі мұрам, кіндік
қаным тамып, ес біліп етек жиған ардақты атамекенім. Мен өзіңе
мәңгілік борыштармын. Осынау жер бетіне шыр етіп дүниеге кел-
ген әрбір адамзат баласының тұғыры болған, ес біліп, етек жеңін
жиып, ат жалын тартып мінер азамат қылған, бұл дүниедегі мәңгілік
тұрағы, туған жері өзгеден гөрі ыстық болары хақ. Сол себепті, қилы
ғасырларды басынан өткерген, топырағынан елі мен жері үшін на-
мысын найза қылып, қылышын қанға суарған текті тұлғалар түлеп
ұшқан, қойнауына қазына тұнған, тарих беттерін парақтап қарасаңыз
өзіндік ойып алар орны бар шежіреге толы Шет өңірі елдіктің үлгісін
танытар құдіретті ордам, аяулы алтын бесігім. Ауданымыз сайын
Сарыарқаның төсінен оңтүстік,оңтүстік батыс аумағынан орын теуіп
1928 жылы 17 қаңтарда Қарқаралы округінің болыстарының негізінде
құрылған. Жері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі, белесті, аласа таулы,
қырлы келеді. Оңтүстігінде Балқаш көлі, шығысында Қарқаралы
тауларының сілемдері, оңтүстік шығысында Қызыларай таулары
мен Тоқырауын өзені, Нұра өзенінің бастауы жатыр. Ауданның орта
бөлігінде ақындарға жыр жазғызып, әншілерді таңдай қақтырып
392
Казахстан, армия, патриотизм
тебіренткен Бұғылы, Тағылы, Қотыр, Қызылтау таулары орналасып,
Тектұрмас шоқыларымен аяқталады. Қазіргі таңда ауданымыз облыс
көлеміндегі 48 елді мекенді біріктіретін 25 әкімдік аумақтық бірліктен
тұратын ең іргелі, ірі аудандар санатында. Жерінің қазынасына
құмарта көз тіккен қаскөй жауларына жанын аямай ұрыс салған батыр
бабаларымыздың ерлігі өз алдына бір төбе. Талды өзенінің бойында
Сеңкібай батыр, Нұра өзені бойында Абылайханның ту ұстаған баты-
ры Жидебай батыр мазарлары көздің қарашығындай қорғалуда.
Жасыл тулы Жарылғап батыр, ат көтере алмас Сазанбай,
Дерібсалы батырлар туралы заманында туған тарихи жырлар ел
есінде сақталған. Кенесары ханның қолбасшысы Ақжолтай, Ағыбай
батыр ел мақтанышы. Ресей империясына алғаш қару көтерген Кене-
сары ханның ағасы Саржан Бұғылы тауының бойында жыл жарымнан
аса уақыт орда тігіп, елді күреске дайындаған. Кенесарының қамалы
да, Кенеханның өзі ғана су ішкен құдық та Манақа бойында Кенехан
бойын сергіткен Қарасу да, атасы Абылайхан демалған орын да осы
өңірде. Қазақ әдебиеті тарихында «зар заман»ақындарының айрықша
танымал тұлғасы Шортанбай Қанайұлы да өмірінің соңғы сәттерін осы
өлкеде өткізген болатын. Ақтентек сері серілігімен, жомарттығымен
ел аузына іліккен. Атақты Қақпан ақын, Жуасбай, Дияқажы, Бабас, Оқа,
Түсетай, Ғаббас, Күмісбек ақындар сөз өнерінің биік шыңы іспеттес.
Дия қажы артында «Шахарбану»дастаны қалды. Оқа шежіреде « Абы-
лайхан» атты дастан жазған. Түсетай «Сарыарқа» толғауын қалдырған.
1943 жылы алғашқы Республикалық ақындар айтысында бірінші
орын алған Маясар ақын туралы сол кезде М.Әуезов деректі фильм
түсірткен екен. Кешегі Кенесары ханмен үзеңгілес болған Бәйсейіт би,
Дүйсенбай, Жанқұтты шешен, Қара билер туралы аңыз мол. Арқадағы
шертпе күй өнерін аса биікке көтерген, шертпе күйдің бір мектебін
қалыптастырған Қыздарбек күйші, оның шәкірттері Әбди, Сембек,
Ақмолда, Кәрібек, Мақаштардан қалған күйлерге бүгінде бүкіл қазақ
тамсанады. Өңіріміз көне заман суреті мен сөйлеп тұрған тарихи
ескерткіштердің тілсіз мұрасына аса бай.
Егіз қойтастағы үш қабат үйдің биіктігіндей жартас басына
қолмен қашалып салынған 72 ұялы дойбының тақтасы әлем тарихын-
да дойбы, шахмат ойынының шығуына жаңа көзқарас тудырары хақ.
Ауданымызда осы түрлі тарихи 35 ескерткіш мемлекет қорғауында.
Халықтың көңілін көтеріп, мәдениетіміздің дамуына үлкен үлесі бар
орталықтағы мәдениет үйі ,оның ішінде орналасқан кітапхана,өткеннен
сыр шертетін аудандық этнографиялық мұражай халық игілігіне
393
Сочинения школьников Карагандинской области
жұмыс атқарып келеді. Ауданның келбеті мен кемелденуіне айтарлық
еңбегі сіңген,академик ағаларымыз бен апаларымыз Яхия Әубәкіров,
Шәрбан Батталова, Баян Рақышев, Дәурен Сембаев, Жамбыл Ақылбаев
есімдері алты алашқа танымал. Сонымен қатар, өмірден ерте озған
айтулы ақын Дәулет Рысбайұлы, бүгінде көзі тірі кезіңде ұрпақ
ұлағатына айналған жазушы ағаларымыз К.Жүністегі, Т.Майбас,
ақын-компазитор З.Сүйіндікұлы, ақын Т.Амандықұлы сияқты т.б.
ағаларымызды айта кетпесек болмас. Ұрпақты инабаттылық пен
имандылыққа тәрбиелеп отырған ауданымыздағы жаңадан салынған
«Жаңғұтты би» атындағы мешіт,бүлдіршіндердің өмірлік бет алысы-
на бағдар жасайтын, жаңа құрылыс «Нұрдәулет» балабақшасы мен
жастардың спортқа бейімделуіне үлкен үлес қосқан «Спорт сарайы»
ауданымыздың көркіне көрік қоса түскендей. Жалпы қай жағынан
алсақ та ауыз толтырып мақтана аларлықтай ауданымыздың абы-
ройы асқақ, мәртебесі биік. Сол себепті тәңір сиындай болған тәуелсіз
Қазақстанымызда емін – еркін тамыр жайып, гүлденіп келе жатқан
ауданымыздың келбеті мен керегесі кеңейіп, жылдар өте үлкен қалаға
айналып, отанға пайдасын тигізер орда болғанын іштей тілеп, ерінбей
еңбек етуге тырысатын боламын.
Даналықтың үлгісі болған Абай атамыз: «Оңдай болмақ қайда деп,
айтпа ғылым сүйсеңіз» деген екен. Кім білер арман орындалар. Аян-
бай еңбек етсек сол күннің де ауылы алыс бола қоймас. Алтын бесік
атамекенім, ардақты Аюлы – Ақсуым, мен өзіңді қадір тұтып, мәңгілік
мақтан етем!
Санжарова Аида
3 сынып, №76 ЖББОМ Қарағанды қаласы
Жетекшісі: Сарсекеева Б.Е
Қазақ жерінің хикметтері, Карлаг оқиғасы
Өткен ғасырдың 30-шы жылдарның соңында Қарағанды көмір
бассейн мен бірге ірге қалаған Карлаг түрмесі салынды. Қарағанды
қаласынан оңтүстікке қарай 25 шақырым қашықтықта орналасқан.
Спасск елді мекені қазір еліміздің ішкі әскерінің бөлімшесі
орналасқан маңызды нысана болып саналады. Осыдан жарты ғасыр
бұрын Спасскіде Карлагтың әскери тұтқындарға арналған ар-
найы түрмесі ашылды. Қарағанды көмір кеніштерімен Жезқазған,
394
Казахстан, армия, патриотизм
Балқаштың бай мыс қазынасын теру үшін, тегін еңбек күшімен азық-
түлік базасын жасауға жоспарланып ашылған Карлагтың қақпасы
Қарағанды, Жезқазған теміржолы бойында орналасқан Қарабас бола-
тын.
30-шы жылдардан бастап Інжілдегі, Спасскідегі және осы маңдағы
ондаған түрмеге, Қарабасқа пойыз арқылы жеткізілген тұтқындар
қысы-жазы жалаң аяқ, жалаңаш шеру тартатын болған. Спасскіде Кар-
лагтан бөлек «Песчанный» деген үрейлі лагерь болған. Бұл жерден
ешкім тірі шықпаған. Қарабас Карлаг қақпасы болса, Спасск оның ба-
уырлар зираты болған. Сырқаттанып қалған тұтқындарды өлу үшін
сонда жіберген.
Бұрынғы қазақ «Інжіл» деп атаған,қазір ескі аты ұмытылып
«Долинка» деген атауымен ел жадында сіңірілген ауыл Карлагтың
астанасы ретінде тарихқа енгізілген. 1911 жылдары онда 2630 адам
тұрған. Неміс, орыс, украин ұлттары да болған. 4 мың қазақ киіз үй
құрған, 1200 неміс, орыс, украин үйлері болған. 1930-1931 жылдары
халықты зорлап көшірген. Олар Тельман, Осакаров, Нұра аудандары-
на қоныс аударған. Халық көшірілгеннен кейін бос қалған жерлерде
мыңдаған тұтқындар мекендеді. Олар лагерьдің бүкіл аумағына орна-
ластырылды. Теміржол салды, өздеріне барактар,мал қоралар, күзет
жауынгерлеріне казармалар салды, бастықтарға тұрғын үйлер салды.
Жалпы аумағы қазіргі Қарағанды облысының сексен пайызын
алып жатқан Карлаг, оның Жезқазғандағы Сеплаг, Астана маңындағы
Алжир бөлімшелері туралы жазу бірер. Бір ғана Қарағандының
іргесіндегі Спасск – әскери тұтқындар түрмесі туралы әңгіменің өзі
дәуір тарих.
Сванкулова Енлик
11класс, средняя школа № 15 г. Балхаш
Руководитель: Ш.Ш. Сатенова
Моя родина – Казахстан
Моя Родина-Казахстан, и я очень горжусь этим. Независимая, сво-
бодная, наша страна смело идет вперед, расправив свои гордые пле-
чи, навстречу своему будущему. Олицетворяя собой барса, Казахстан
решителен и тверд в свое политике, но наша политика миролюбивая.
Наш народ протянет руку дружбы, помощи, сотрудничества любому
395
Сочинения школьников Карагандинской области
государству. Казахстан-государство перспективное, развивающееся.Я
считаю, что в будущем он станет еще лучше, еще крепче. Миролюби-
вая политика государства, развитие интеллектуального и экономиче-
ского потенциалов являются залогом будущего процветания.
Мы, молодое поколение, будущее Казахстана. Нам его строить и
беречь, нам укреплять мир и дружбу между народами не только Казах-
стана, но и народов всего мира. Нам продолжать стратегию развития
Казахстан-2050. И сейчас Казахстан – государство, с которым считает-
ся весь мир, государство, демонстрирующее разумную, миролюбивую
политику нашего Президента.
Двадцать лет для истории, изучающей события, которые происхо-
дили на Земле миллионы лет назад,- срок микроскопический. Но ведь
не скатилась наша молодая республика за это время в пропасть, не по-
полнила ряды стран «третьего мира», а, наоборот,- развивается, зани-
мает достойное место в мировом сообществе. Двадцать лет- это толь-
ко начало пути. Но «главное в этом мире не то, где мы стоим, а в каком
направлении движемся». А направление нашей страной выбрано пра-
вильное- это процветание всех нации и народностей, проживающих на
территории республики, благосостояния людей, развитие экономики,
образования, здравоохранения, культуры, мирное сосуществование с
другими государствами.
В нашей стране есть все для успешного продвижениявперед:земля
Казахстана богата полезными ископаемыми,есть народ, готовый тру-
диться на благо своей Родины. И если каждый из нас отдаст частицу
своего труда и своей души родной стране,то рано или поздно наша
Республикастанет одной из богатых и уважаемых мировых держав.Я
люблю свою Родину – Казахстан.Я верю в светлое будущее Республики.
Каждый прожитый мною день – это прожитый день моей Родины. Мое
будущее – это твое будущее, Казахстан! Прошлое – это наша история,
настоящее – это претворение в жизнь идей всех казахстанцев, это об-
щая работа над благополучием Республики Казахстан. А будущее – это
2050-ый год, в который мы верим и к которому будем идти шаг за ша-
гом, день за днем.
396
Казахстан, армия, патриотизм
Сейткамал Назерке
8 сынып, № 15 орта мектебі Балхаш қаласы
Жетекшісі: Бақытқызы П.
Гүлдей жайнаған мектеп ауласы
Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпақты өзі мекен ет-
кен табиғи ортаның әсемдігін сезінуге тазалығын сақтауға қоршаған
ортаға мейірімділікпен жанашырылықпен қамқор болуға тәрбиелеу.
Осы бағдарлама аясында мектептебімізде «Жасыл мектеп»
бағдарламасы арқылы мектеп іші мен ауласын көгалдандыру, гүл
мәдениетін дамыту арқылы оқушыларды табиғатты аялап, қастерлеуге
үйрету, жауапкершілікті қалыптастыру міндеті қойылған. Көктем ай-
ынан басталысымен мектеп ауласында көгалдандыру жұмыстары
жүргізіледі. Оқушылар өсімдіктермен жұмыс жасай отырып оларды
өсірудің қыр-сырын үйренеді. Ауламызда үйеңкілер, қарағайлар алаңы,
қарағаштар қоршауы, жеміс ағаштар телімі, көпжылдық гүлдейтін
ағаштар мен бозкілемдер алаңы, көгал, 14 гүлзар көпжылдық және
біржылдық гүлдердің түрлері егілген. Осы өсімдіктерді күтіп баптауға
агроном Орлова Нина Николаевна мен гүл күтумен айналысатын ата-
аналар Касибаева Сауле, Токбаева Анаргүлдің ақыл-кенестерін тыңдай
отырып, оқушы мен ата-аналар ұстаздардың көмегімен ауланы
гүлдендіреміз. Биылғы жылы 11 сынып түлектерінен естелік ретінде
раушангүлдер аллеясы немесе ғылыми тұрғыдан розарий жасалынды.
Онда 17 әртүрлі раушангүлдер егілді. Былтырғы жылы бөртегүлдер
егілсе биылғы жылы дәстүрлі түлектер аллеясы раушангүлдермен
толықты. Жаз айында осы егілген гүл мен ағаштардың күтімі осы
оқушылар күнделік жүргізеді, соңынан ең жақсы зерттелген өсімдік
бойынша зерттеу жұмысы жасалынып, оқушының өз жаз бойы
жасалынған еңбегі зертеу жұмысымен аяқталады. Оқушы өзінің
өсірген гүлі мен ағашына қамқорлық жасай отырып, өсімдіктерді тани
алады және бос уақытын зая кетірмейді, басқа зиянды әдеттерден
өзін қорғайды және психологиялық жағынан өзіне сенімділігі мола-
яды. Себебі онда өзін-өзі үйрету, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту
арқылы балада өсімдік әлеміне қызығушылық туындайды. Мектеп
ауласында былтырғы жылы егілген 7 түп раушангүлі мектеп ауласын-
да ерекше тартымдылық береді. Себебі оны осындай аптап ыстық пен
желді жерде өсіру өте қиын және көп еңбекті қажет етеді, сондықтан
да бұл гүл оқушылардың мектепке деген шынайы сезімі мен еңбегінің
397
Сочинения школьников Карагандинской области
нәтижесінде бүгінгі күнде бүр жарып тұр. Сондықтан да мектептегі
экологиялық бағыттағы жұмыстарға оқушыларды жұмылдыру, гүл
мәдениетін үйрету, олардың өзіне деген сенімін қалыптастырып,
жарқын болашағының негізі деп білемін. Жасыл желекке оранған,
әсем қаламды, мемлекетімізді гүлдендіре беруге үлесімді қоса береміз.
Серік Мейрам
6 сынып, № 15 орта мектебі Балқаш қаласы
Жетекшісі: Амирова А.А.
Бауыржан Момышұлы - әйгілі батыр
Адамзат баласы жер бетінде пайда болғалы бері көптеген
оқиғаларды басынан кешті. Қазіргі біздің өмір сүріп отырған
заманымызға дейін жер бетіндегі халық қалыптасу процесін басы-
нан кешірді. Міне, осы оқиғаларды мен 5 сыныпта тарих пәнінен
оқып білдім. Тарихтан қазақ елінің көптеген соғыстарды бастарынан
кешкендерін білдік. Сонда мен өз Отанына, еліне адал қызмет атқарып
қана қоймай, қосымша жазушылықта да қабілетімен тарихта қалған
Бауыржан атамызды танып білдім.
Әлемдік тарихта ІІ Дүниежүзілік соғысқа көптеген мемлекеттер
қатысқан. Олардың қатарында Қазақстанның жауынгерлері де бар
болатын. Ондағы Ұлы Отан соғысына жай ғана қатысып қойған жоқ,
ерлігі мен батырлығын дәлелдеген «Кеңес Одағының батыры» де-
ген атақты қан майдандағы ұрыстардан кейін еліміздің 500 адамы
иеленді.Өкінішке орай, қазақ халқының жанашыры, батырлардың
бірі және бірегейі, әскери маман Б. Момышұлына сол тұста «Кеңес
Одағының батыры» атағын берген жоқ. Тек 1990 жылы ғана еліміздің
тәуелсіздікке қадам басқан шағында Н. Ә. Назарбаевтың тікелей ара-
ласуымен «Кеңес Одағының батыры» деген атақ берілді. Бұл заңды
құбылыс еді. Себебі, кеңестік қызыл империяның әміршіл-әкімшіл
басшылары ұлттар арасынан шыққан ұлтжанды азаматтарды шет
қағатын немесе жалған жала жауып, тұншықтыруға тырысатын да
әдіс-тәсілдері бар еді. Мұндайда қазақ: «Алтынды, құм бүркей алмас»
деген ғой. Яғни, барлығына уақыт төреші екендігін ұмытпағанымыз
абзал.
Б.Момышұлы 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен ге-
нерал И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған
398
Достарыңызбен бөлісу: |