Казахстан, армия, патриотизм
атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасына тікелей араласуы-
мен болған.
Ел ордасы болып Астана бой көтерді.Бұл қала өзінің әсем сәулет
өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени ескерткіштерімен,
сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. Мұндай тамаша
сәулет өнері туындылары, солардың ішінде «Ақорда”, «Бәйтерек”,
«Бейбітшілік және келісім сарайы”, «Думан” орталығы секілді
көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. Әсем қаламыз
– Астананың жылдан-жылға жаңарып, көркеюіне Елбасымыз-
дың қосқан үлесі орасан зор. 1998 жыл «Халық бірлігі мен тарих
жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған,
анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды. 1999 жылдың
«Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы бекерге емес.
Президентіміздің тапсырысымен көптеген Қазақ азаматтары өзінің
ата-бабаларының тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ Қазақ
еліне келіп, өмір сүрулеріне мүмкіндік алды. 2000 жыл «Мәдениетті
қолдау» болып жарияланған. Мәдениет – әрқашан адамзаттың ұлы
мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы. Жаңа ХХІ ғасырға
қадам басқан шақта Қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін
басқа елдерге таныту игіліктің басы. Елбасының Н.Ә.Назарбаев сол
туралы: «Біз – талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз».
Ата-дәстүрін, ана тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып
жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. Халық өнері –
қазына. Біз сол өнерді жалғастырушыларымыз» - деп, барлық елді
мәдениетті қолдап, атадан қалған қазынаны ұмытпауға үндеді және
оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады. Президентіміз белгіленген
«Қазақстан – 2050» бағдарламасы және жыл сайынға Жолдауы біздің
адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жол-
дауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында»,- деп бізге
үлкен сенім білдірді. «Хан біреу болса керек, қалғандары тіреу болса
керек», - деген есті сөз бар. Американдықтар Дж.Вашингтоның, оры-
стар Бірінші Петрді, түріктер Ататүркті қастерлейді. Оларды шын
мәніндегі мемлекеттерінің негізін қалаушысы, ел тағдырының ең
бір қиын кезеңінде тізгін ұстапшысы, ту көтерген тарихи тұлғасы
ретінде құрметтейді. Сондай текті де дара тұлға – Н.Ә.Назарбаев.
Нұрсұлтан Әбішұлының «Тарих толқынында» еңбегі барысында
1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхамедке берген сұхбатында: «Мен Ел-
басы болсам да, Қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған,
әруағын қастерлеп, Алласынасыйынған елдің бір перзентімін»,-
637
Сочинения школьников Павлодарской области
дейді де Президентіміздің ұлылығы мен көрегенді-лігін айқын
түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен
ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. Мен осы ізгілікті жадыма
сақтай отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөлек қарауға
болмайтын егіз ұғым екенін түсіндім.
Қабен Қымбат
8 сынып, Баянауыл мектеп – интернат Баянауыл ауданы
Жетекшісі: Рымхан А.
Кемеңгер атам, Мәшһүр бабам!
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шоқтығы биік, дара тұлғалардың бірі.
Ол – ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ
мәдениеті мен қазақ әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлы бес – он бес жас аралығында Алланың ғылымын, араб – пар-
сы, шағатай, түрік тілдерін жетік меңгерген.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ойлары өзіндік бір деректілікке
негіздейді, себебін түсіндіреді, құпия сырына үңіледі. Сондықтан
да Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «айдан – жарық, күнінен – раушан»
түйінді ой- пікірлері айрықша маңызды. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының
мұрасын зерттеушілердің айтуына қарағанда оның еңбектері шама-
мен 30 томдық еңбекті құрайды. Бірақ сол еңбектерінің түгелі дерлік
біздің қолымызға өкінішке қарай жеткен жоқ. Осы еңбектерінің көбі
ескі қаріппен жазылған, сондықтан да ғалымдар оны толық оқи ал-
мады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің 73 жасында қайтыс болатынын
білді, сол себепті де өзінің жерлейтін орнын көрсетіп кеткен. Мен
Мәшһүр атамды үлгі тұтам және де шығармаларын сүйіп оқимын.
Өткен жылғы жаз айында жолым түсіп, Мәшһүр атаның туған жеріне
барған едім. Онда мен Мәшһүр атамыздың басына арнайы салынған
кесенеге бардым. Ол кесене Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Жаңажол ауылында 1999 жылдың 23 қазанында ірге тасы қаланған
екен. Кесене орналасқан алаң 6,2 гектар жерді қамтиды. 2006 жылы
қайтадан күрделі жөндеуден өткізіліп, халықты қуанышқа бөлген еді.
Шаңырақ түрінде көгілдір түсті күмбез алтын жарты айды қиып тұр,
аспанға ұмтылған көгілдір мұнаралары мен зор баспалдақтар жаңа
мешітті көркемдете түсті. Мешіт ғимаратының мөлшері 48х48 метрді
638
Казахстан, армия, патриотизм
құрайтын сегіз қырлы жұлдызды бейнелейді, мұнараларының биіктігі
– 63 метр, жарты айлы күмбездердің биіктігі – 54 метр. Мешіттегі хру-
сталь «Зумрад» люстрасы Ташкентте жасалған екен. Кесененің ішінде
434 шам бар. Кесененің архитектурасы жайлы бірсөзбен айтыпжеткізу
мүмкін емес. Ол жерге келген адамдар риза болып, жан ләззатын алып
қайтады. Тіпті, сол жерге барғандар айықпас ауруларынан айығып,
өлең жазатын адамдарда шабыты оянып, керемет бір күйге енеді екен.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы аты бүкіл елге жайылған. Ондай
адамдар дүниеге көп келе бермейді, тіпті жоқ деуге болады. Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлы – әулие адам. Ол болашақты болжай алған. Мысалға
келтірсек: 1916 жылдың 25 маусымында қалың елдің дариядай
толқуы басталған болатын. Ал Мәшһүр атамыздың жазбаларында бы-
лай делінген:
Қаракесек Бекболаттың Заманы
Қасқыр деген Заман еді,
Жамандық пен бұзықты
Басқа ұр деген Заман еді.
Айдабол Тайкелтірдің Заманы
Түлкі деген Заман еді,
Ойын мен мәжіліс
Күлкі деген Заман еді.
Қаракесек Алшынбайдың Заманы
Қарсақ деген Заман еді,
Біреудің бір нәрсесін алдап
Алсақ деген Заман еді.
Шұршіттің темір қақапаны,
Мұжықтың кендір арқаны - делінген болатын.
Міне, көріп отырғанымыздай Мәшһүр атамыздың осы сөзін
астарлап ашып көрсек, атамыздың айтқаны дәл келеді. Сондықтан да
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өлеңдерін жалықпай оқи бергің келеді.
Мен осындай Ұлылардың кіндік қаны тамған Баянауыл құт мекенінде
туғаныма, Аллаға мың да бір ризашылығымды білдіремін!
639
Сочинения школьников Павлодарской области
Қадырхан Ақерке
8 сынып, «Жас дарын» мектеп Павлодар қаласы
Мәңгілік ел
Жалғыз Отан - тәуелсіз Қазақстан.
Н. Ә. Назарбаев
Шіркін, мен қандай бақыттымын!
Елеулі елдің ерке қызы болып туғаныма... Неге маған қолыма ақ
қағаз бен қалам алып көсіліп бір шаппасқа? Неге маған бақытыммен
бөліспеске...?
Арайлап атқан таңдарың, әсем батқан күндерің, дариядай
суларың, туған жер, әр түкпірің керемет қой біз үшін. Туған жер –
кіндік қан тамған жер. Ондай жер пендеде жалғыз ғана. Адам өмірінде
киелі орын алатын жер. Алғаш тәй-тәй басқан, тұңғыш «ана» деп күлім
қаққан киелі жер. Нақты осы азғантай жер пендені елімен, өткенімен,
болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық
шақтан адам бойында туған жерге деген махаббат сезімі оянады.
Әрбіріміз үшін Отан – ошақ басынан басталады: туған үй, туған көше,
туған қала. Осының бәрі жан иесіне жастайынан қымбат.
Бүгінде туған жеріне орала алмай жырақта жүргендер қаншама?
Шетелдегі қандастарымыздың аңсағаны – туған жеріне, туған
топырағына оралу. Үкімет оларға бар жағдайды жасап, елге қайтаруда.
Қазақ халқының «Туған жердің түтіні түзу шықсын», «Туған жердің
ауасы шипа», «Туған жер - тұғырың», «Туған жерден топырақ
бұйырсын» дегендей көп мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер бар. Осы
айтылғандарға терең үңілсек, туған жердің қадірі, түпкі мағынасы От-
анды сүю екенін түсінесіз.
Қазақстан – көп ұлтты, кең байтақ, ұлан-ғайыр жер. 130 - дан
астам ұлт өкілі өмір сүріп жатқан ел. Әрқайсысының жағдайын ойлап,
басын біріктіріп, елімізде тыныштық, бейбітшілікті сақтап отырған
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай «бақ атамыз» барда біз
бақыттымыз, тату - тәттіміз.
Нұраға, өзіңсің ғой елбасымыз,
Әрқайсысын ойлаған қамқоршымыз.
Саясатың салиқалы, білеміз біз,
Сол үшін әрдайым қол ұшын береміз біз.
640
Казахстан, армия, патриотизм
Қазақстан болашағы - біз, жастармыз,
Сенеміз, үмітіңді біз ақтармыз.
Осынау байтақ елді көтердің,
Біз - сенің қуанышты балаңбыз.
Қазақстан – дамыған шет елдермен терезесін теңестіру жолындаға
держава. «Бұл әлемде ең бастысы – біздің қай жерде тұрғанымыз
емес, қай бағытта жылжып бара жатқанымыз»,-деп Холмз айтқандай,
Қазақстан Республикасы дұрыс жолда жылжып бара жатыр. Нұрсұлтан
Әбішұлы жақында ғана «Қазақстан-2050» Стратегиясын ұсынған
болатын. Осы аталмыш стратегия көптеген мәселелерді қамтиды.
Қазақстанның көркеюіне үлес қосатынына кәміл сенімдемін.
Егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік міртебесін алды. «Ана
тілі - ұлтымыздың айнасы». Тіл – құдірет. Тіл – қасиет. Тіл – мақтаныш.
Ана тілді қастерлеп, қадірлеу – адамзаттың борышы. Ана тілі әрбір
адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Туған тілді сүйген адам –
туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың
бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын,
абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Тіл – қай ұлттың
болмасын тағдыры мен тарихы, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қарым-
қатынас құралы. Тіл болмаса, сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың
тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны
ерекше. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен
жоғалады. Тіл – атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра.
Мен «Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді
мақтанышпен, зор асқақтықпен айта аламын. Себебі бұл күн – талай
күрестердің жеңісі. Бұл атқан таң – қуанудың белгісі. Осы тірі жүрген
заманның артында қанша еңбек, қанша тер төгілгенін өздеріңіз де
білесіз. Енді, осы елімізді көркейту біздің, келер ұрпақтың, қолында.
Мен болашақта Қазақстанның «Азия Барысы» атанатынына
сенемін. Оған көптеген үміт арта тұра, оның үмітін ақтауға тырыса-
мын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мына өлең жолдарымен
сабақтағым келеді:
Ұзақ күндер ұзартады таңдарын,
Сендік бақыт менің - дағы жанғаным.
Жігеріммен бар күшімді әрқашан
Қазақстан, бір өзіңе арнадым!
641
Сочинения школьников Павлодарской области
Қанат Ілияс
8-сынып, Қаражар жалпы негізгі мектеп,
Баянауыл ауданы, Павлодар облысы
Труд души
«Не позволяй душе лениться». Эти слова русского поэта Николая
Заболоцкого давно стали крылатыми. Но что такое труд души? С те-
лом человека все понятно: оно ходит, бегает, переносит грузы, работа-
ет руками. А как может трудиться душа?
На самом деле душа отвечает за очень важную черту человека. Это
его духовное развитие, его самосовершенствование. Человеческий дух
и воля должны закаляться, укрепляться и становиться сильнее день
ото дня. А душевные качества человека должны становиться с каж-
дым днем лучше.
Чего человеку недостает, то и надо развивать в душе. Если че-
ловек боязлив, то нужно развивать храбрость. Если невнимателен к
окружающим, то нужно развивать отзывчивость. Если жаден, то ши-
роту души, и так далее. Еще не стоит забывать и про свои лучшие ка-
чества и развивать их еще больше.
Для этого каждый день человеку нужно делать что-то такое, что
поможет ему двигаться вперед как личности. Например, преодолевать
свои страхи. Или развивать свой ум, узнавать новую полезную инфор-
мацию. Или учиться находить общий язык с людьми, с которыми не
так легко общаться.
Да, свою личность надо с самых юных лет строить, прилагая к это-
му усилия. Тогда она получится достойной. В построении и развитии
неповторимой личности человека и заключается труд его души.
Не позволяй душе лениться!
Чтоб в ступе воду не толочь,
Душа обязана трудиться
И день и ночь, и день и ночь!..
Это строки из стихотворения Николая Заболоцкого. Трудно пове-
рить, что писал это стихотворение смертельно больной человек, ведь
эти строки не о смерти, а о жизни. Не о бренности земного бытия, а
о глубинном смысле существования человека на земле говорит поэт.
642
Казахстан, армия, патриотизм
Утро. Я выхожу из дому. Моросит дождь, небо затянуто серыми об-
лаками. Люди все куда-то спешат, никому ни до кого нет дела.
Вот обычный день. Человек встает, идет на работу, зачастую не
интересную для него, приходит домой и ложится спать. Многие люди
вообще ничего не читают. Но ведь это необходимо! Мы можем про-
жить без воды и пищи совсем мало времени. Если душа не трудится, не
подпитывается книгами, то она умирает, и человек продолжает жить
без нее. У таких людей абсолютно пустые глаза — посмотришь в них, и
становится страшно, словно куда-то проваливаешься.
Мы обязаны постоянно думать, переживать, может быть даже
страдать, потому что без этого душа не возвышается, не становится
лучше, а просто засыхает как ненужный цветок.
Люди, у которых душа не трудится ежедневно, ежечасно, по-моему,
ужасны. Нужно работать над собой, быть добрее и справедливее. Душа
должна трудиться даже ночью — ведь во сне мы тоже думаем и пере-
живаем.
У многих людей, из тех, которых называют «новыми русскими»,
душа абсолютно не трудится, их единственная забота — заработать
побольше денег, все равно каким путем.
Мақажан Әлия
10 сынып, №10 лицей-мектеп Павлодар қаласы
Менің Қазақстаным және Елбасы
Қазақстан – өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы,
салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыз данқ
алған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұрар етін де келеше
кұрпаққа дейін жеткен. Тарихы бай, көне мәдениетпен және ерек-
ше табиғат пен ұлы мемлекет. Ғасырлар көп оның жауларынан
қоныстандырып, меңгерiп, қорғап қалу және бүгiн өмiршең бiзге
мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер
және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне
тидi. Жоңғарлармен соғыстар, патшалықтың қиын кезеңі, Ұлы
Отан соғысы – қазақ халқы көп қайғыларды көзікөрді. Халқымыз
көпқиыншылық көрді, азап шекті. Бірақ соған қарамастан, қазақ
халқымыз рухын сындырмай, намысын таптатпай барлық жаулар-
менен қиыншылықтарға қарсы тұрып, 1991 жылы 16 желтоқсанда өз
643
Сочинения школьников Павлодарской области
тәуелсіздігін алды. Сол күннен бастап қазақ халқы ешкімге құл бола
алмады, ешкім де қазақ жеріне қол сұға алмады. 16 желтоқсаннан
бастап әр қазақстандық үшін тарихтың таза парақтары ашылып,
жаңа өмір басталды.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем
мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Ұлы
даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің
ендігі тарихын сол ұлылар рухын да одан әрі жаңғырта, жасарта
алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар – намыстан жаралған
қайтпас-қайсарқайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей
алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына
бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді. НұрсұлтанӘбішұлы – жер
бетіне сөзін өткізіп, отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері,
Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы
жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп,
қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған
жаңа мемлекетті қалыптастырған қайраткер. Қазақстанның әр
азаматы осы соғыссыз бейбіт те тату өмірі үшін, білім алып тегін
оқуға мүмкіндігі үшін, өз армандарыңды орындау мүмкіндігі үшін
елбасымызға шексіз алғыс білдіруі тиіс. Президент боламын де-
ген кісі ақылы мен қайратын, жігерін, ірі саясаткер таланты-
мен, ел басқару ісіндегі мол тәжірибесі мен ұштастыра отырып,
елдің бірлігі, халықтың тыныштығы, мемлекеттің тәуелсіздігі
мен қадір-қасиетінің артуы үшін еңбек етуі шарт. Нұрсұлтан На-
зарбаев бұл шарттардан мүдірмей өтті, ол елдің, мемлекеттің
ақыл-ойын байытуға, абыройын асыруға, ар-ожданын ардақтауға
қызмететті және қызмет етіп келеді. Мәселен, Қазақстан Республи-
касы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен демократиялық
құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқын қорғау
мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету сала-
ларында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жетті. Еліміздің
экономикасын көтеріп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, саяси
реформалар жүргізіп, басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру
бағыттарында да қомақты шаруалар атқарылды. 2010 жылғы
Азиядадағы, 2012 жылғы Лондондағы және жуырда өткен Сочи
қаласындағы қысқы олимпиадағы жетістіктер Қазақстанның
спорттағы күшін бүкіл әлемге танымал етті. ЕҚЫҰ саммитіне
басшылық ету біздің еліміздің мәртебесі мен беделін көтерді.
644
Казахстан, армия, патриотизм
Сонымен қатар республикамыз қазірге дейін бірқатар
халықаралық ауқымды шараларға бастамашы болып үлгерді.
Әлемдік, өңірлік деңгейдегі құрылымдарды өмірге әкелудің
көшбасында жүрді. Ел ішіндегі этносаралық татулық пен дінаралық
келісім үдерістері өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеге көтерілді.
Дүниежүзілік, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы
күш-жігеріміз де халықаралық қоғамдастық тарапынан оң
бағаланып келеді. Жер шарының көптеген мемлекеттерімен тек
достық, ынтымақтастық тұрғысында қарым-қатынас орнаттық.
Халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмай, қиын өткелден
алып шығуының бірден-бір жолы – шетелдердің қаржысын
Қазақстанның экономикасын өркендетуге жұмсау, өзіміздің
теңгемізді тұрақтандыру, дамыған елдер мен байланыс жасап, жер
бетінде Қазақстан атты мемлекеттің барын таныту болды. Өтпелі
кезең қиыншылықты болғанмен, мемлекеттің алдындағы өзекті
мәселелерде Елбасы бірден-бір баянды бағыт ұстанды. Мемлекеттің
қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын қалыптастыруды
бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. Жаңа басқару жүйесі,
оның басқарушы, бақылаушы және атқарушы органдары мен ин-
ституттары құрылды. Қазақ елінің территориялық тұтастығының,
біртұтас мемлекеттігінің заңды негізі қаланды. Ел егемендігін алы-
сымен, БҰҰ-ға мүше етіп енгізді. Қазақстан осы күннен бастап және
жер жүзіндегі жүзден астам ел таныған Егемен ел болды.
Елбасымыздың Қазақстан тарихындағы ең маңызда да ба-
тыл шешімі – елдің астанасын басқа қалаға көшіріп, атын өзгерту.
Елордаға бақ пен дәулеттілеген Елбасы: «Бұл болашағымызға ке-
рек, қызығын келер ұрпақтар көреді»,-деген болатын. «Өзіңмен
қазағымның бағы ашылды, Туғызған ел едік қой сан асылды.
Астана қазаққа тек қана әлеуметтік, экономикалық һәм сая-
си маңызы бар қала ғана емес, ол тәуелсіздіктің рухани тұғыры
ретінде әр қазақтың жүрегінде елге, жерге, Отанымызға деген
шынайы сүйіспеншілігі болып қалады. Өйткені Астанамыз аз ғана
уақыт ішінде Қазақстанның ірі қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени
және іскер орталғына айналып отыр. Тәуелсіз еліміздің саяси та-
рихы көбіне жас Астанамен байланысты. Астана Еуропа мен Азия
арасындағы байланыс көпірдің қалану мәртебесіне ие болып отыр.
Қазақ халқының санасына Астана бірлігіміз бен тіршілігіміздің
айшықты белгісі – символы болып қалыптасты.
645
Сочинения школьников Павлодарской области
Манарбек Данагүл
9 сынып, Марғұлан ЖОМ Екібастұз
Отан басына қиын-қыстау іс түскенде қиынның қиынынан
қаймықпай еңбек еткен кісі - міне, нағыз патриот сол. Отан – ана бар-
да шын жүрегіңмен сүйетін жер-суың, туған халқың, туған жерің бар.
“Отан үшін отқа түс күймейсің” - дейді дана халық. Халық қашанда
қалып айтпайды. Ел игілігін тасытуда еңбегімен ел құрметіне бөленген
жайсаң жастар арамызда қаншама десеңізші?!
Патриоттық сезім әркімде бола бермейтін қасиет. Қазіргі кезде
елі үшін жан беретін адамдар кемде-кем. Көбінесе сөзбен барлығы па-
триот, ал іспен болса олар аз. Біз патриот болуға міндеттіміз. Себебі:
Қазақстанда тұрамыз, бейбітшілікте, уайым-қайғысыз өмір сүріп жа-
тырмыз. Бұған Президентіміздің де үлесі зор. Ол кісінің арқасында
бүкіл әлемге танылудамыз. Адамдардың көрген қиыншылықтарына
көмектесіп, қол ұшын беруде.
Патриоттық қасиетті өз бойымыздан тудыра білуіміз керек.
Оған тек Отанды сүю жатпайды, сол елде тұратын жетім-жесірге қол
ұшымызды берсек, бұл біздің елімізге көмек ретінде берген үлесіміз
болып саналады.
Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз! Әзірше Отанды қорғау қолымыздан
келмесе де, басқа кішігірім болса да істейтін заттар баршылық. Тек
шын пейілмен жасасақ болғаны.
Сұлтанмахмұт Торайғыров айтып кеткен болатын “Отанды сүй,
еліңді аялай біл!”- деп, бұл сөздің мағынасын ашсақ көп мән бар.
Мен осы шығарған өлеңім арқылы, Отанымызды, елімізді сүйсек:
патриоттық сезімге жас балаларды тәрбиелесек жаман болмаймыз. “
Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, барлығымыз бір аспан астында
өмір сүріп жатқандықтан, бір жұдырық болып жұмылып осы істі алға
бастауымыз керек деп ойлаймын.
Медеубаева Айдана
10 сынып, № 25 гимназия Екібастұз қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |