Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет64/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71

Патриотттық тақырыптағы шығарма

Менің  туған  жерім  –  Керей  мен  Жәнібек  бабаларымыз  қалаған 

қазақ  жері.  Қарға  тамырлы  қазақ  халқының  көздің  қарашығындай 

сақтаған  осынау  қасиетті  мекені  ата-бабаларымыздың  найзаның 

ұшымен,  ақ  білектің  күшімен  қорғағанының  арқасында  бізге  жетіп 

отыр. Сол себепті де, осындай алып Отанды сүйіп өту – кімге де бол-

сын қасиетті парыз, абыройлы міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын 

сүюден басталады. Бұл шексіз махаббатты туған анаңа, асқар таудай 

әкеңе деген махаббатпен теңестіруге болады. 

Қазақстан  жерін  ежелден  қоныстанып  келе  жатқан  ел  –  қазақ 

халқы. 

...Жуырда  жария  еткен  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  бойынша 



біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылғы қарай әлемнің 30 елінің 

қатарына кіру. Қазақ тілі 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшеді. 

Бұл  жайында  мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  мәлімдеді. 

Айта кетейік, соңғы бірнеше жылдан бері ұлт зиялылары қазақ тілін 

латын  әліпбиіне  көшіру  мәселесін  көтеріп  жүрген  болатын.  Бүгінгі 

таңда  ана  тіліміз  кириллица  әріптерімен  жазылып  жүр.  Сонымен 

қатар  көшбасшымыз:  «Қазақ  қазақпен  қазақша  сөйлесу  керек»  деп, 

қазақ  тілінің  деңгейін  қазіргіден  де  жоғары  дәрежеге  жеткізуді 

мақсат етіп отыр.Биыл қабылданған «Қазақстан -2050» жолдауы да, 

«Қазақстан-2030» жолдауы сынды тез орындалатынына сенімдімін. 

2012  жылы  желтоқсанның  бірінші  жұлдызы  Қазақстанның 

Тұңғыш Президенті күні болып белгіленді. Осы оқиғаға қуанбаған жан 

болмады  десем  қателеспеспін.  Бұл  күн  елбасының  елі  үшін  жасаған 

барлық жақсылығы мен қамқорлығын көретін ерекше мереке деймін.

АҚШ-тың  бүгінгі  президенті  Бараак  Обаманың:  «Сіздің  еліңіз 

егеменді,  тұрақты  және  өркендеген  мемлекет  ретінде  өзінің  да-

муында  маңызды  табыстарға  қол  жеткізді»  деген  шынайы  пікірі, 

Қытай  көшбасшысы  Ху  Цзиньтаоның:  «Тәуелсіздік  жылдары  сіздің 

басшылығыңызбен,  Қазақстан  халқы  өзінің  қажырлы  да  жасам-

паз  еңбегімен  дамудың  дұрыс  жолын  таба  білді»  деген  ойы,  Ре-

сей  президентінің«  «Мен  сізге  алғыс  білдіремін»  деген  ыстық 

ілтипаты, Түркия президентінің: «Нұрсұлтан Назарбаев – күллі түркі 



657

Сочинения школьников Павлодарской области

дүниесінің көшбасшысы»,-деп ағынан жарылуы – біздің елбасымздың 

мәртебесінің қаншалықты биік екендігінің айқын көрсеткіші. Мұндай 

марапат түйіндердің өзінен тұтас бір энциклопедия жасақтауға бола-

тын секілді.

Ал,  ең  басты  баға  –  мемелекет  басшысына  өз  халқының  берген 

бағасы емес пе?! Ол бағаның қандай екенін білгіңіз келсе, елбасы әрбір 

өңірді шарлаған сәттегі халықтың оған деген ыстық ниет,ықыласын 

көріңіз.  Қалың  жұрттың  арасынын,  қақ  жарып  келе  жатқанда 

халықтың көз жанарында тұнған алғыс пен шынайы сенімді көріңіз. 

Ірі  халықаралық  форумдар  мен  саммиттерде  елбасы  көптің  алды-

на  шыққанда,  бәрінің  орындарын  тұрып,  қол  соққандарын  көріңіз. 

Мұның бәрін көріп, көңілге пікір түйіңіз. Ол пікір жұртымыздың ортақ 

пікірімен  орайлас,  қолайлас,  қарымдас  келетінін  көріңіз.  Сол  кезде 

адамның көңілінде өз туған жеріне деген мақтаныш пен патриотттық 

сезім жаныңды шуаққа , қимылыңды қуатқа бөлейді.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, мен де болашақ 

ұрпақ,  елімнің  көркеюіне  аз  да  болсын  өзімнің  үлесімді  қосқым 

келеді. Біз білім алып, ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып 

келе  жатқан  бабалар  аманатын  орындап  ,  жалғастырып,  еліміздің 

одан  әрі  көркеюіне  атсалысуымыз  керектігін  жүрегіммен  сезініп, 

мақтан  етемін.  Өз  шығармам-ды  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назрабаевтың 

сөзімен тәмамдағым келеді: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашы-

са, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетін 

нығайтып  –  көркеюі  жолында  жан-  теріңді  сығып  жүріп  еңбек  ет. 

Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»



Сайдуллаева Алия

10 класс, СОШ № 2 п.Майкаин

Руководитель: Есенова Л.М.

 

Польша. Познань.- Казахстан. Майкаин.

 Пол – Европы прошагали, полземли, 

 Этот день мы приближали, как могли…

Эти строки из известной песни мы слушаем каждый год. 9 мая сто-

им у обелисков, вспоминаем своих земляков, вчитываемся в даты…



658

Казахстан, армия, патриотизм

Пол – Европы! Более 46 тысяч павлодарцев было призвано на во-

йну. Наши земляки воевали на всех фронтах и во всех родах войск. Му-

жественно сражались павлодарцы во многих странах Европы.

Польша. Город Познань. Вот уже в течение нескольких лет Май-

каинская школа №2 поддерживает дружескую связь с этим городом. 

В окрестностях Майкаина находится кладбище, где покоятся поляки, 

репрессированные  в  годы  войны.  Не  раз  побывали  наши  друзья  из 

Польши у нас в Майкаине, наши делегации также несколько раз по-

сетили город Познань. Последняя поездка состоялась в сентябре 2012 

года. Цель нашего посещения польской земли была, конечно же, в оз-

накомлении с достопримечательностями этой страны. Но у меня была 

и другая миссия, более важная. Я знала, что наш родственник, Хамитов 

Ш.Х., ветеран войны, старший лейтенант, призванный на фронт в на-

чале войны, дошедший до Берлина, мечтал разыскать своего младше-

го брата Хамитова Нажмидена, 1925 года рождения, призванного на 

фронт в январе 1943 года, погибшего в 1945 году в Польше в Северной 

Померании.

Наши  друзья,  услышав  мою  историю,  охотно  согласились  хоть 

как-то содействовать мне в поисках.

На  южном  склоне  Цитадели,  среди  зеленых  насаждений,  нахо-

дится  несколько  кладбищ.  Одним  из  них  является  кладбище  совет-

ских воинов. По обеим сторонам монументальной лестницы, ведущей 

к  возвышающемуся  над  могилами  обелиску,  было  похоронено  5829 

офицеров и солдат, погибших в 1945 году. Немного подальше – на быв-

шем гарнизонном кладбище – находится поставленный в 1930 году 

памятник русским солдатам, умершим в немецком плену в 1914 – 1918 

годах. Солдаты Красной Армии похоронены также на двух других по-

знанских кладбищах. На кладбище Милостово в 1964 году были пере-

захоронены останки 4282 погибших советских солдат, перенесенных 

из прежних мест их похорон в окрестностях Познани. На новом клад-

бище в Глушине похоронено в 1945 году 139 погибших солдат. Памят-

ник 12 советским солдатам ,убитым во время боев за взятие Познани, 

находится также в Кобылеполе, вблизи перекрестке улиц Маяковского 

и Рыся.

Слишком тяжелыми оказались бои для наших земляков. Мы хо-



дили между могильными плитами, вчитывались в фамилии…Досада и 

горечь при виде даты рождения и гибели солдат: родился в 1925 году 

– погиб в бою в марте 1945 года. Им было всего по 20 – 25 лет. И всего 

ничего оставалось до Победы.



659

Сочинения школьников Павлодарской области

К сожалению, нужную фамилию я не нашла. По словам наших дру-

зей, Померания – это очень большая территория, морское побережье. 

К тому же очень много братских могил.

Но я благодарна полякам за то, что они бережно относятся к за-

хоронениям наших воинов, чтят и помнят их подвиги.

Да, война принесла нашему народу большие жертвы и страдания. 

По данным архива погибло в боях и пропало без вести 21802 павло-

дарцев. Это огромные жертвы, принесенные ради Победы, ради жиз-

ни,  ради  того,  чтобы  народы  вот  так  свободно  и  дружно  общались 

между собой.

Салыкова Раухан

7 сынып, Қараағаш жалпы орта білім беру мектебі Ертіс ауданы



Ауылымның тарихы

Отан!  Отан  дегеніміз  –  адамның  туып-өскен  жері,  туған-

туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекен. Қазақ елі 

– көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел! Бүгінгі шақта біз тәуелсіз, егеменді 

елде  тұрамыз.  Осы  күнге  жеткізген  біздің  ата-бабамызға  мың 

алғысымызды білдіреміз! Бұл күн бізге оңай жолмен келмеді. Ата-ба-

баларымыз көптеген қиын қыстауды өткеріп, бізге ұланғайыр жерді 

мұра  етіп  қалдырды.  Бұл  жасаған  ерлікті  ешқашан  ұмытпауымыз 

керек,  біз,  болашақтар  өз  еліміздің  тарихын  да  біліп,  құрметтеуіміз 

керекпіз. Сол мақсатта мен өз туған ауылым Қараағаш тарихы жайлы 

айтқым келеді.

«Қараағаш»  ауылының  жанындағы  екі  көлдің  біріншісін  «Еже-

ке»,  екіншісін  «Ұлы  көл»  деп  атайды.  Кеңес  дәуірінің  гүрілдеп 

тұрған  шағында  бұл  «Ұлы  көлдің»  жанына  5-ші  бөлімшенің  мал 

шаруашылығының сауын сиырлары орналасып, қара күзге дейін сол 

жерде жайлауда болатын. Ұлы Отан соғысынан кейін осы екі колхоз 

«Победа»,  «Чапай»  қосылып,  Северный  совхозының  5-ші  бөлімшесі 

(қазіргі  кездегі  Қарағаш  ауылы)  деп  нөмерленді.  Шындығында, 

бұрынғы  атау  жұртшылық  үшін  өте  маңызды,  көкейге  қонымды, 

тәрбиелік жағынан мәнді болатын.

1920 жылдары «Чапай» жерінде мешіт болған, ол мешітті Қанай 

деген  әулет  салған.  Сол  мешіттің  молдасы  Қанай  ұлы  Бәкен  молда 

болған. Кейінен осы мешіттің орнына мектеп ашылған болатын.


660

Казахстан, армия, патриотизм

Сол кезеңдерде, «Чапай» колхоздарындағы мектептерде Асылбе-

ков Шәжән, Әлімов Жұман, Қисабеков Жәуке, Қожамуратов Ақбетей, 

Шәріпов  Рашит  деген  мұғалімдер  ұстаздық  қызмет  атқарып,  ауыл 

балаларына ана тілінде білім берген. Кейіннен бұл қазақ мектептері 

толығымен жабылып, жоғарыдан келген бұйрықпен 1964 жылы орыс 

мектебіне айналдырылды. Мұғалімдері де, оқушылары да қазақ болса 

да, солай жасалынды. Бұның бәрі Кеңес заманының ағымы болатын.

Бұл тарих. Ерліктерімен аты аңызға айналған бабаларымыздың тари-

хы. Тарихты ешқашанда ұмытуға болмайды.

Ең алғаш құрылған колхоздың алғашқы төрағасы Табаев Темірхан 

деген жергілікті азамат болды. Бұл кісінің немересі Олжабай – мили-

ция  полковнигі  болған.  Алматыда  өте  жауапты  қызметтер  атқарған 

адам.


1928-29 жылдары, ауылға аласапыран бұлты төніп, бай тұқымы 

деген адамдарды жазықсыздан, арғы аталары бай болған деп кейінгі 

ұрпақтарын тұтқындап, жапа шеккізіп, түрмеге жауып, одан хабарсыз 

кеткен біраз адам болған. Бұл теріс ағым кезі, ешкім ауыз ашпайтын 

қатал заман кезі еді.

Иә,  сол  кезде  ата-бабамыз  нендей  қиындықтардан  өтті?  Бүгінгі 

заманға дейін қаншалықты өзгерістер орын алды? Бұл сұрақтардың 

жауабын іздесек тарих парақтары жетпес еді. Дегенмен, «Северный» 

аймағы туралы деректер қозғасақ...

Қазіргі  «Северный»  кеңшарының  орнында,  1929  жылға  дейін 

«Клинская»  нефтебаза  болған,  осы  жерде  1930  жылы  «Северный» 

совхозы  орнады.  Бірінші  бөлімшесінің  бұрынғы  атауы  «Төбелес» 

болса,  бертін  келе  ол  атау  біреулердің  өзгертуімен  жаңа  атаумен 

«Жаңа төбелес» болып шыға келеді. Бұл «Төбелес» дегеннің өзі жай 

аталмаған, ол тарихи атаумен туған атау. Бір кезде шабындығы мол, 

малға  жайлы  жер  болғандықтан,  осы  жерге  халық  арасында  үлкен 

талас  болып,  ол  төбелеспен  жалғасып,  ақыры  үлкен  төбелес  болған 

жерді «Төбелес» деп атапты, бұл тарихта қалғаны жөн. Сондықтан бұл 

атауды өзгерудің де еш қажетті жоқ деп санайды ауыл тұрғындары.

Ал совхоздың 2-ші және 3-ші бөлімшелері бертін құралған. Атаула-

ры болған жоқ. Совхоздың 4-ші бөлімшесінің бұрынғы атауы «Қызыл 

жыра»  болған.  Бөлімше  нөмерленгеннен  кейін  ол  атау  ұмытыла  ба-

стады.  Сөйтіп  ,тарихи  атауға  қиянат  жасалынды.  Совхоздың  5-ші 

бөлімшесінің бұрынғы атауы «Табай жотасы» деп атаған. Бұл қалың 

ауыл болды. 1929 жылдары бұл жерде екі колхоз пайда болды. Олардың 

біріншісі - «Чапай» болса, екіншісі - «Победа» колхозы деп атайды



661

Сочинения школьников Павлодарской области

... «Қара тоқа» деген ауылда Көшекбаев Салық деген болыс тұрған. 

«Қараағаш» ауылының жанында «Ежеке» деген көл бар. Осы көлдің 

жанында  мешіт  болған.  Бұл  мешіттің  иманы  Құсайын  дейтін  мол-

ла болған. Ал, енді қолдан жасаған зұлмат жылдар – 1931-32 жылғы 

аштықтан өлген біраз адам болды, бірақ ол адамдар қай жерде қаза бол-

са сол жерде жерленген болатын. Ол жерлердің көбі «Чапай» жерінің 

маңында. Аштықтан қаза болғанның көбі Омбы облыс, Іш жақтан, міне 

сол жақтан аштықтан жосылған адамдар әлдері таусылып өліп жатқан 

болатын. Бұл да ата-бабамыздың өткерген бір қиыншылығы. Бұл қаза 

болған ата-бабаларымызды әр жыл сайын еске алып, құран бағыштап, 

ас беріледі.

«Чапай» колхозында 1938 жылдан бастап Жаңғозынов Шайқы де-

ген кісі ел басшысы болған. Сол соғыс кезіңде тек қана ауылдың ер 

азаматта-рынан басқа бас көтерер деген балалардың да атын атауға 

болады.  Қазіргі  кезде  олар  ата  болып,  ол  кезде  бала  дегендер,  өмір 

толғауларынан  өтіп  қарттық  шежіреге  жетіп,  ұрпақ  қызығын  көріп 

отыр. Олар: Абенов Кенжебай, Әужанов Зәкуля, Шайхин Кәкен, Сүлбаев 

Зәйніш,  Құзбаков  Әннәй,  Болатбаев  Имаш.  Бас  есепші  Ғандоллаев 

Омар болды. Болатбаев Имаш бас есепшінің көмекшісі болды. Абенов 

Кенжебай, Әужанов Зәкуля деген азаматтар бұғанасы қатпаса да «ла-

богрейка» деген шөп жинағышта жұмыс істеген.

Шайхин Кәкен, Сүлбаев Зәйніш екеуі де шөпте қолмен ауыр жұмыс 

істеген.  Ахметов  Зәкен  бригадир  болды.  Жүсүпов  Мүтәләп  соғыс 

уақытында, есепшілік қызметте болған.Бұл ауыр жылдары Ұлы Отан 

соғысында ауылдың бас көтерер ер азаматтары от кешсе, ал ауылда 

қалған  азамат,  азаматшалар  мен  бала  шағының  еңбек  майданында 

көрген бейнетін ұмытуға бола ма?

Жоқ,  Ерлік  ұмытылмайды,  оны  ұмытуға  ешкімніңде  құқығы  да 

жоқ. Осы соғыс кезінде қиыншылыққа төзіп еңбек еткен адамдардың 

біразын атап өтсем деймін. Еңбек майданында жұмыс істеген адамдар 

Құрманбай, Әділбай, Серікбай, Балтабеков Зайырбай, Кәкіш, Есімбай, 

Сүлбаев  Файзолла,  Қасым,  Июнов  Қашкен,  Сасықбаев  Мағызым, 

Құрман, Әужан, Рамазан, Жұмаділ, Бекіш, Жансейіт, Жарасов Жұмабай, 

Жайықбай,  Әрошке,  Қайырбай,  Уәли,  Семен,  Шөмей,  Бакенов 

Мұқатай, Әкежанов Бек деген ер адамдар еңбек етсе, әйел адамдардан 

Үкіжанова Қайнел, Боранбаева Сәуен, Өртенбаева Рахима, Кенжебаева 

Дәме, Тұрымбаева Зейнеп, Рамазанова Бағила, Жаңғозынова Зейнеп, 

Құзбакова Бітәй, Елмуратова Мәнзура, Кәрімова Бәдиша қиыншылық 

пен ауырпашылық қасіретін көріп, бастарынан өткізген болатын. Осы 



662

Казахстан, армия, патриотизм

азаматтар  мен  азаматшалардың  сол  кездегі  өткен  қол  еңбектеріне 

біраз  тоқталып  кетейік.  Семенов  Құрманбай,  Жаңғозынов  Шайқы, 

Сүлбаев  Файзолла  елдің  басын  құрап  халықты  еңбек  майданына 

ұйымдастырып, бірлікте ұстап, ел басқарған адамдар Жұмықов Қасым, 

Сасықбаев Мағзым 1942 жылдары соғыстан жараланып келсе де, елде 

еңбек майданына араласқан адамдар.Кенжебаев Құрман – бұл кісі де 

елді ұйымдастырып, басқарған. Рамазан, Әужан ұста болып темірден 

құрал-сайман  соққан.  Әділбай  деген  кісі  де  шаруашылықта  жақсы 

жұмыс істеп, бірнеше рет сыйлықтар алған. Жұмаділ деген қарт адам 

ескіше білімді болған, азан шақырушы болған. Торайғыров Жансейіт 

деген қария, бұл кісіні дюана дейді, халық емшісі, керемет емші бол-

ды дейді. Жарасов Жұмабай – ол кісі озат қоюшы болған, колхоздың 

қойын  соғыс  жылдары  бір  қасқырға  жегізбей,  бір  ит  сатып  алып, 

қойларды қырағылықпен баққан. Қожамұрат, Елмұрат деген азамат-

тарда мал шаруашылығында еңбек етіп, ол кісілердің де керемет мал-

ды емдеуші емшілік қасиеттері болған. Сол соғыс жылдары колхозға 

малды,  колхоздағы  әр  үйден  алып,  колхоз  малының  басын  құрап, 

бертінге дейін сол малдардан 1000 мал құралған болатын. Өткеннің 

білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибарат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, 

келешегі – тұрлаусыз.

Біздің  қазақ  халқы  батыр  халық.  Қазақ  ата-бабасының 

мүрдесі  жатқан  жерді  қатты  қадірлеген,  арғы  түбіміз  осы  жерден 

шыққандықтан  біздің  тарихымыз  да,  өткеніміз  де  осы  деп  алатын 

болсақ, өзіміздің жер, атамекен, кең байтақ, өлкеміздің тарихын білу 

кімнің болсың парызы!



Самұрық Бекдаулет

 2 сынып, Байет ЖОМ Екібастұз

 Жетекшісі: Амангелді Р.

Ұлылардың ұрпағы болғым келеді

Мен өз елімнің ұланымын. Апай бізге «Сендер егеменді еліміздің 

ертеңгі ұланысыңдар» десе, анам мені «ұланым» деп еркелетеді. Менің 

түсінгенім «ұлан» деген атқа лайық болу үшін өз еліңді шексіз жақсы 

көруің керек.

Анам  менің  бөлмемді  еліміздің  кішкентай  туы,  елтаңба  суреті 

әнұран  және  жеріміздің  картасымен  безендіріп  қойған.  Ондағы 


663

Сочинения школьников Павлодарской области

мақсаты мені өз ұлтын, отанын мақтан етер азамат болсын дегені ғой. 

Мен  Ескендір  Ибрагимов  ағамыз  салатын  «Көк  тудың  желбірегені» 

әнін бос уақытымда айғайлап тұрып шырқаймын. Осындай сәттерімде 

анам менің басымнан сипап: «Сен өте ұлтжанды болып өсіп келесің» 

деп күледі. «Отанды сүю отбасынан басталады» деген қағиданы енді 

түсіне бастағандаймын.

Біз әдебиет сабағында өз еліміздің бақыты мен байлығы - оның 

тәуелсіздігінде екендігі жайлы оқып үйренеміз. Мен өскенде ұшқыш 

та, суретші де болғым келеді. Қазір мен әлі кішкентаймын. Сондықтан 

бала қиял мені әр жаққа жетелейді. Үкілеген үмітім мен асқақ арман-

дарым әлі алда деп білемін. Бірақ бір қызығы менің ұлтым деп соққан 

бала жүрегім «ұлылардың ұрпағы бол»деп үн қатады. Демек, мен ұлы 

елімнің ұлтын сүйген ұланы боламын. 



Саттарова Айжан 

11 сынып, № 20 лицей Павлодар

Бізге, иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының дүйім Қазақстан елінің қызу 

құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл 

лебізі. Ол - өлең, ол - ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол - шалқыған 

дәулет, көркейген сәулет! 

Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осын-

да, жастарымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың 

да жаршысы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. 

ХХІ ғасыр табалдырығынан аттадық бірақ, соған қарамастан кімде-

кім  болмасын  толғаныста  болатыны  сөзсіз.  Жалындаған  толғаныс 

жас жүрегіме, болашақ өмірге деген батылдық пен нық сенімнің жо-

лын ашқандай. Көптің арманы болған бұл күнді «Алла» бізге көруге 

нәсіп етті. Осыған шүкіршілік етіп, бабаларымыздың аңсаған мақсат-

мұратын жандандыруға атсалысайық. Өйткені өркениетке бет алған 

егеменді еліміздің ендігі болашағы ұрпақ тәрбиесі деген ұлы міндетпен 

ұштасып жатыр. Онсыз болашағымыздың бұлдыр елес, бос қиял екені 

даусыз. Сонда не істеу керек? Меніңше, ең алдымен, ел үшін 1941-1945, 

1986  жылдары  жанын  қиған  ағаларымыздың  ерлігін,  батылдығын, 

ақындарымыздың  шешендігін,  батыр  аналарымыздың  төзімділігін 

жалпы Отанымыздың келешегі үшін аянып қалмаған азаматтар мен 

азаматшаларды ұмытпай, жас буынға үлгі ретінде тәлім-тәрбие алуы-

на жағдай жасауымыз қажет. Содан соң барып, ұрпағымыздың бойына 


664

Казахстан, армия, патриотизм

ұлттық  идея,  рухани  қасиет,  патриотизм  қалыптастыруымыз  керек. 

«Патриотизм», «Ұлттық идея» дегеніміз не? Ол қара бастың қамы емес, 

рудың,  не  тайпаның  зары  емес,  адамзаттың  баласы  –  ұлтымыздың 

ұлықтығы үшін теңдігі мен елдігі үшін өтейтін әр пенденің қарызы 

мен  парызы  болса  керек...  Сондықтан  «Ел  боламын  десең,  бесігіңді 

түзе»  деп  М.Әуезов  айтқандай,  тәуелсіз  мемлекетіміздің  қолға  алып 

отырған басты мәселелерінің бірі – жастарға жоғары дәрежеде сапалы 

білім беру, саналы тәрбие беру мәселесіне ерекше көңіл бөлейік. Осы 

орайда  Елбасымыздың  «Қазақстан  Республикасының  азаматтарына 

патриоттық тәрбие беруге арналған мемлекеттік бағдарламасында» 

былай  деп  айтқан:  «Қазақ  баласын  ұлтжандылық,  отаншылдық 

сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі барлық ұйымдардың 

міндеті. 

ХХІ  ғасырда  өз  ұлтын  сүйген,  бірлікте  болған  халық  қана 

тұтастығын сақтап қалады». Мінеки, бүгінгі күннің биік талабы осы!

Қазіргі  кезде  білім  саласына  көп  көңіл  аударылуы,  дарынды 

балаларға арналған көптеген шаралардың жүргізілуі қуантарлық жай. 

Елімізде білім беру жүйесіне әлі де болса назар аударылса, келешекте 

Қазақстандағы  білім  жүйесінің  саласы  әлемдік  деңгейге  жететініне 

сенімдімін. 

Қазіргі  уақытта  нашақорлық  проблемасы  ең  көкейкесті,  өзекті 

мәселе болып отырғаны бәрімізге де белгілі. Оған себеп болып отырған 

мына  жағдайлар:  жұмыссыздық,  сыртқы  ортаның  тұрақсыздығы, 

психологиялық  проблемалар.  Бұған  өмір  жолындағы  тұлға  ретінде 

қалыптаспаған  балалар  мен  жасөспірімдер  аса  еліктегіш  болады. 

Әрине,  егер  отбасында  бірлік,  ынтымақ  пен  сыйластық  болмаса, 

онда бала ыстық сезім мен түсіністікті ауладағы топтардан іздемейді, 

сондықтан бұндай жағдайға тап бола алмайды. Сондықтан жастарды 

дұрыс тәрбиелеп, нашақорлыққа бүкіл ел болып қарсы тұрып, ертеңгі 

ел  үмітін  ақтайтын  азаматтардың  бойына  рухани  асыл  қасиеттерді 

дәріптеу  –  баршамыздың  алға  қойған  мақсатымыз.  Адам  санасы-

на бесікте жатқан сәбилік кезден бастап, даритын қастерлі нәр бар. 

Ол құдіреттің аты қазақтың қазақтығын әйгілейтін бірден бір белгі 

– қазақ тілі деп санаймын. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы 

биік. Мен өз басым көп нәрсені осы тіл игеру мен тілдің қадір- қасиетін 

бағалай білу жайына ерекше көңіл бөле қараймын. Тек қазақ жастары 

ғана  емес, елімізде барлық  ұлт  өкілдері  мемлекеттік  тілді  меңгеріп, 

тіл арқылы қазақтың мәдениеті мен салт- дәстүрін дүние жүзіне паш 

етсе, «нұр үстіне, нұр болар еді ». Қазіргі таңдағы «Тіл туралы» заңның 



665

Сочинения школьников Павлодарской области

қабылдануы – ана тіліміздің жарқын болашағының алғы шарты емес 

пе?  Келешекте  тіліміз  биік  тұғырға  көтеріліп,  Радлов,  Бартольдтар 

таң  қалған  деңгейге  жетіп,  әлемдік  дәрежеге  ие  болған  тілдердің 

қатарынан көрінетініне сенімім мол.

 

Скворцова Валентина

 6 класс Павлодарская область



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет