Сборник текстов на казахском, русском, английском



жүктеу 8.9 Mb.
Pdf просмотр
бет1/70
Дата31.01.2017
өлшемі8.9 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан  



Национальная академия образования имени И. Алтынсарина  

 

Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan 



National Academy of Education named after Y. Altynsarin  

 

 



 

 

 



ОРТА БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ 

СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ДАҒДЫЛАРДЫ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН 

ТІЛДЕРІНДЕГІ МӘТІНДЕР ЖИНАҒЫ 

 

Мәтіндер жинағы 

 

 



СБОРНИК ТЕКСТОВ НА КАЗАХСКОМ, РУССКОМ, АНГЛИЙСКОМ 

ЯЗЫКАХ ДЛЯ ФОРМИРОВАНИЯ НАВЫКОВ ПО ВИДАМ РЕЧЕВОЙ 

ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ОБУЧАЮЩИХСЯ УРОВНЕЙ СРЕДНЕГО 

ОБРАЗОВАНИЯ 

 

Сборник текстов 

 

 

COLLECTION OF TEXTS IN KAZAKH, RUSSIAN, ENGLISH 



LANGUAGES FOR FORMING SKILLS BY TYPES OF SPEECH ACTIVITY 

OF SECONDARY EDUCATION LEVELS STUDENTS 

 

Texts collection 

 

 



 

Астана 


2016 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2016 жылғы 23 тамыздағы № 7 хаттамасы)  

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 

образования им. И. Алтынсарина (протокол № 7 от 23 августа 2016 года)  

Recommended  for  publication  by  the  Academic  Council  of  the  National 

Academy  of  Educationnamed  after  Y.  Altynsarin  (

Minutes№  __  dated  ___  «__» 

2016)  

 

Орта  білім  беру  деңгейлері  білім  алушыларының  сөйлесім  әрекетінің 



түрлері бойынша дағдыларды қалыптастыруға арналған қазақ, орыс, ағылшын 

тілдеріндегі  мәтіндер  жинағы.  Мәтіндер  жинағы.  -  Астана:  Ы.  Алтынсарин 

атындағы ҰБА, 2016. – ___ б.  

C

борник  текстов  на  казахском,  русском,  английском  языках  для 



формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней 

среднего образования. Сборник текстов. - Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 

2016. – ___ 

с.  


Collection of texts in Kazakh, Russian, English languages for forming skills by 

types  of  speech  activity  of  secondary  education  levels  students.  Texts  collection.  – 

Astana: NAE named after Y. Altynsarin, 2016. - __ p. 

 

 



Жинақта  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінде  тыңдалым  және  оқылымға 

арналған  мәтіндер  ұсынылған.  Мәтіндер  орта  білім  берудің  барлық 

деңгейлерінің  оқу  бағдарламалары  негізінде  құрастылған.  Жинақ  тілдік 

пәндердің мұғалімдері мен әдіскерлеріне арналған.  

В  данном  сборнике  представлены  тексты  для  аудирования  и  чтения  на 

казахском,  русском  и  английском  языках.  Тексты  составлены  на  основе 

учебных программ всех уровней среднего образования.  

Сборник  предназначен  методистам  и  преподавателям  языковых 

предметов.  

This collection contains texts for listening and reading in Kazakh, Russian and 

English  languages.  The  texts  are  based  on  educational  programs  of  all  levels  of 

secondary  education.  The  collection  is  intended  for  methodologists  and  language 

teachers. 

 

 



 

© 

Ы. Алтынсарин атындағы  



Ұлттық білім академиясы, 2016.  

© 

Национальная академия образования  



им. И. Алтынсарина, 2016.  

© National Academy of Education named  

after Y. Altynsarin, 2016 




Кіріспе 

 

Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасында  білім  беру  мен  ғылым 

дамытудың  басым  бағытында  білім  мазмұнын  жаңарту  бойынша  ауқымды 

жұмыстар жүргізілуде. Жаңартудың негізгі мақсаты – орта білім беру сапасын 

көтеру. 

Заманауи жағдайдағы мектептер биік адамгершілікті, шығармашыл, сыни 

ойлайтын,  өзінің  білім  деңгейін  үздіксіз  көтеруге  қабілетті  тұлғаны 

тәрбиелеуге,  оқытуға  және  дамытуға  міндетті.  Білім  беру  парадигмасының 

өзгеруі  -  уақыт  талабы  болып  табылады.  Заманауи  мектептер  жай  ғана 

оқытпайды, өмір бойы өз бетінше білім алуға үйретуге міндетті. Оқыту басқа 

пәндермен  кіріктіріле  ортақ  тақырыптар,  білім  саласындағы  түрлі  мәтіндерді 

пайдалану, академиялық тілін дамыту арқылы жүзеге асырылады.  

Мұғалімдер  білім  мазмұнын  сәйкесінше  үштілділікті  енгізумен  қазақ, 

орыс,  ағылшын  тілдерінде  оқытылатын  мектеп  пәндерін  оқытуда 

коммуникативтік дағдыларды тиімді қолдану арқылы толықтырады  

Мәтіндер  жинағының  мақсаты  –  жалпы  білім  беретін  мектептердің 

мұғалімдеріне  бастауыш,  негізгі  орта  және  жоғары  мектеп  білім  алушылары 

үшін сөйлеу іс-әрекеті түрлерінің дағдыларын қалыптастыруда білім мазмұнын 

жаңарту  типтік  оқу  бағдарламалары  бойынша  ортақ  тақырыптар  арқылы 

жүйеленген материалдарды ұсынады. (тыңдалым, оқылым). 

Жинақта  бастауыш,  негізгі  және  жоғары  мектеп  оқушылары  үшін 

коммуникативтік  біліктілігін  дамытуға  бағытталған  лексикалық  тақырыптар 

аясында  түрлі  стильдегі  мәтіндер  енгізілген  (ғылыми,  публицистикалық, 

көркем әдебиет). Көлемі және қиындық деңгейі бойынша мәтіндер әртүрлі. 

Мәтіндерді  іріктеуде  оқушылардың  жас  ерекшелігі  ескерілген,  мәтін 

мазмұнының  танымдық  және  тәрбиелік  мәні  жоғары  және  сауатты  сөйлеу 

дағдыларын  дамытуға  көмектеседі.  2019  жылы  жоғары  мектепте  білім 

мазмұнын  жаңартудың  жаппай  енгізілуіне  байланысты жинақта  информатика, 

физика, химия, биология, жаратылыстану, пәндері бойынша ағылшын тіліндегі 

оқылым, тыңдалым дағдыларын саралауды қалыптастыруға арналған мәтіндер 

енгізілген.  

Мұғалім  өз  жұмысында  қалауына  қарай  коммуникативтік-сөйлеу 

дағдыларын  қалыптастыру  бойынша  берілген  мәтіндерді  қолдана  алады. 

(

тыңдалым, оқылым).  



Ұсынылған  мәтіндерді  тақырыптарды  оқытудың  түрлі  кезеңдерінде: 

түсіндіру,  бекіту,  қайталау,  оқушылармен  түрлі  үйрету  жаттығуларын 

өткізгенде,  білім  және  білік  дағдыларын  бақылауда  пайдалануына  болады  : 

Бұрынғы  алынған  білімді  жүйелеу  барысында  және  оқушылардың  өзіндік 

жұмысы үшін қолдануға болады.  

 




1.

 

Бастауыш мектепке арналған қазақ тіліндегі мәтіндер  

 

Оқылым. 



Достықтың түрлері 

 

Бетпе-бет  достық:  Күн  мен  күнбағыстың  достығындай.  Күнбағыс  күн 

атып батқанға дейін көзін досынан алмайды. 

Қашықтықтағы  достық:  Теңіздің  ортасындағы  арал  мен  таулардың 

арасында алыс достық бар.  

Үндемейтін  достық:  мылқау  адам  мен  керең  адамның  қол  ұстасқандағы 

достығы. 

“Күтімсіз  достық”  деген  де  болады…  Әйтеуір  аман  ғой,  әйтеуір  доспыз 

ғой деп ұзақ жылдар бойы бір рет болсын телефон соқпай, бір-екі сөйлемді хат 

жазуды да көп көретін достық… 

 

Қу түлкі 

 

Баяғы заманда қасқыр, түлкі, жолбарыс және түйе дос болып, бір өрісте 



жайылыпты.  Басшылары  ретінде  жолбарысты  сайлапты.  Бір  күні  қасқыр  мен 

түлкі қалай жесек деп сылтау іздей бастады. Түлкі көп ойланбастан жолбарысқа 

келіп былай депті: 

О, патшам! Біздің азығымыз бітті. Жаңа азық қорын жинауға мүмкіндік 



болмады. Сондықтан біздің біреуімізді жеуіңізді өтінеміз! 

Жомарт  түйе  шыдамай,  өзін  жеуді  ұсынды.  Қасқыр  мен  түлкі  бірінші 

болып бас салды. Сосын оларға жолбарыс та қосылды. 

Сөйтіп, түлкінің арамдығы арқасында түйе үшеуіне жем болды. 

 

Жамандыққа жақсылық 

 

Қызылбас патшасынын, Абдулла деген уәзірі бар еді. Соның заманында 

жұрт бұзылып, бір күні уәзір патшаға келе жатқанда халық қамап:  

«Дегенімізді істе, істемесең өлтіреміз» деп, ішінде бір батылдауы уәзірді 



сақалынан алып жұлқылады. Уәзір ашуланбады, бұлардан шыққан соң патшаға 

барып, жұрттың тілегін беріңіз деп өтініп тілегенін патшадан алып берді және 

өзінің  көрген  кемшілігі  үшін  ешкімге  жаза  бермеңіз  деп  оны  да  тілеп  алды. 

Ертеңіне уәзірге бір саудагер келіп: 

Тақсыр,  кеше  сізді  ренжітіп  сақалыңыздан  жұлқылаған  кісіні  айтайын 



деп келдім, ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жаза беріңіз, - деді. Бұл 

сөзді есіткен соң уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды. Нағым: 

«Менін  кешегі  ісімді  біреу  айтып  танытқан  екен»  деп,  қорыққанынан  үрейі 

кетіп, келе-ақ уәзірдің аяғына жығылды. Уәзір Нағымды жерден көтеріп алып 

айтты дейді: 

Мен сені жазалау үшін шақырмадым, бірақ, көршің саудагер жақсы кісі 



емес  екен,  сенің  білместігіңді  маған  келіп  айтты,  екінші  рет  ол  көршіңнен 

сақтанып жүргендей екенсін, соны айтайын деп шақырып едім, енді аман бол!-



деп ішкергі үйіне кіріп кетті дейді.  



 

Кешігу 

 

Соңғы  кезде  Мыстанның  сиқырының  әсерінен  Тазшаның  сабағы 

нашарлап  кетті.  Ата-анасы  мұның  себебін  сыныптастарының  әсері  ме  деп 

ойлап,  оны  басқа  мектепке  ауыстырды.  Бірінші  күні  оны  әкесі  апарып,  алып 

келді.  Жолшыбай  қалай  жүру  керек  екендігін  түсіндірді.  Келесі  күні  Тазша 

жалғыз  өзі  жолға  шықты.  Мыстанның  сиқыры  болды  ма,  аялдамасын 

шатастырып  өтіп  кетіп,  сабаққа  кешігіп  келді.  Осыдан  соң  сынып  жетекшісі 

оған  мектеп  пен  Тазшаның  үйінің  арасына  қалай  қатынау  керек  екенінің 

сызбасын қағазға түсіріп берді. Бұл оның жаңа жолға тез үйренуіне көмектесті. 

 

Мектеп 

 

Мектеп  —  жас  ұрпаққа  білім,  тәрбие  беретін  мекеме;  білім  беру 

жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – сабақ оқыту. Оны мұғалім атқарады. 

Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын 

ұйымдастырудың негізгі түрі. 

Сабақ  арнаулы  бөлмелерде,  оқу  кабинеттері  мен  зертханаларда,  оқу 

шеберханалары  мен  мектептің  оқу  тәжірибе  үлескілерінде  өтеді.  Тұрақты 

оқушылар  құрамы,  кесімді  уақыт  көлемі  (45  мин)  және  оқу  кестесі  бойынша 

жүреді.  Оқыту  әдістері,  ұжымдық  және  жеке-дара  жұмыстар  сабақтың  негізгі 

белгілері  болып  табылады.  Сабақтың  негізгі  міндеті  —  мұғалімнің 

басшылығымен  оқушыларға  ғылым  негіздерінен  берілетін  мағлұматтарды 

саналы  түрде  игерту,  алған  білімді  іс  жүзінде  қолдана  білуге  дағдыландыру, 

іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.  

 

Дүние қалай етсең табылады? 



 

1815 


жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын 

үлкен  дүкенге  кірдім.  Дүкеннің  ішінде  бірнеше  приказчиктерге  олай-бұлай 

етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. 

Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма 

келіп айтты: 

Айып  етпесеңіз  сұрайын,  мұнан  жиырма  бес  жыл  бұрын  сіз  оқу  оқып 



жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді? 

Сонда ойыма түсіп, таң қалып: 

Рас,-  деді  Антон,-  мен  сондағы  көрген  тіленші  Антоныңыздың  өзімін. 



Сол  жүргеніңіздегі  бір  күн  қасыңызда  бірге  жолыққан  кісінің  айтқандары 

көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма 

күтімді  болдым;  ақырында,  сол  кісінің  айтқаны  келіп,  мінекей,  осы  зор 

дүкеннің иесі болдым,- деді. 



 

 



Мұнай қашан өндірілді? 

 

Қазіргі кезде мұнайды бәрі біледі. Ол болмаса ұшақтар ұшпай, көліктер 

жүрмей, жарықсыз-жылусыз қалар едік. 

Адамдар әуелден-ақ мұнайдың қадір-қасиетін білген. Жер бетіне шығып 

жататын  мұнайдан  дәрі-дәрмек  жасаған.  Ал  өндіріс  үшін  оны  өңдеу  1859 

жылдың  28  тамызында  басталыпты.  Американдық  заңгер  Георг  Бисселл 

мұнайдың  құрамын  тексеру  үшін  лабораторияға  береді.  Нәтижесінде  оның 

құрамынан жанар-жағармай, басқа да химиялық қоспалар анықталады.Содан ол 

1857 

жылы Эдвин Дрейк дегенді жұмысқа жолдайды. 



Ол  әуелі  жер  астындағы  мұнайды  шығару  үшін  бұрғы  салады.  Бірақ 

бұрғылаған  сайын  топырақ  құлай  береді.  Әрі  ойлап,  бері  ойлап  ақырында 

бұрғыны  құбырдың  ішіне  салып  бұрғылайды.  Осылайша  екі  жылда  21  метр 

қазғанда  жерден  мұнай  шығады.  Міне,  содан  бері  156  жыл  өтіпті.  Мұнай  әлі 

күнге дейін сол әдіспен өндіріліп келеді. 

 

Обал мен сауап 



 

Жаздыгүні. Таңертең інім Әсетті ертіп, бұзауларды өріске айдап тастап, 

үйге  беттеп  келе  жатқанбыз.  Алдымыздан  қанаты  сынған  ба,  әлде,  топшысы 

үзілген  бе,  бір  үйрек  жерден  көтеріле  беріп,  таяқ  астам  жерге  барып  құлап 

түсті.  Тұра  қалдық.  Біз  жақындағанда  ұша  жөнеледі  де,  ұзамай  қайта  қонды. 

Үйректі  қуалап  жүріп,  ауылдан  ұзап  кетіппіз.  Үйрек  аспанға  көтеріліп,  алғаш 

ұшқан  жеріне  қайта  барып  қонды.  Балапандарын  өзенге  апара  жатқан  құс 

екенін сонда білдік. Бізден балапандарын қорғау үшін қолданған амалы екен. 

Әсет үйректі таспен атып алды, анамызға айтқанда, анамыз: 

Байғұс ана-ай!... Баласы үшін отқа да, суға да түсіп, өлімге барады-ау. 



Мына үйрек те балапандарын қорғау үшін өлімге басын тігіп, тайсалмаған. Бұл 

қылықтарың  бекершілік  болған.  Шешесінен  айырылған  балапандар  қалай  күн 

көреді, қайтіп жан сақтайды?... 

Қателігімізді  мойындап.  Балапандарды  аяп,  мұңайып  қалдық.  Қап, 

әттегең-ай!... Обал болды-ау.  

 

Айуанның естісі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ 



 

Ит адамға шын дос жануар. Дүниежүзінде иттің неше атасының ұлы бар: 

біреуі қора, біреуі үй күзетеді, біреуі малшы орнына мал бағады, біреуі аң, құс 

алып береді,  біреулері,  тіпті,  ат  орнына  жегіліп  те жүреді;  бұлардың бәрін  де 

екінші кітапта уақытымен айтармыз. Англия жұртының ең үлкен Лондон деген 

қаласында  өрт  болған  уақытта,  күйіп  жатқан  үйдің  ішінде  қалған  балаларды 

алып  шығуға  үйретілген  иттер  бар.  Соның  біреуі  Боб  деген  ит  он  екі  баланы 

өрттен  алып  шығыпты.  Бір  күні  бір  үй  жанып,  өрт  сөндіргіш  адамдар  келген 

уақытта,  бір  қатын  жылап  тұрды,  балам  жанып  жатқан  үйде  қалды  деп.  Өрт 

сөндірушілер әлгі Бобты жіберді: Боб баспалдақпен үйге кіріп, түтін ішінде жоқ 

боп  кетіп,  біраздан  соң  баланы  көйлегінен  тістеп  қана  алып  келді.  Шешесі 


қуанып  баласын  алды,  өрт  сөндірушілер  иттің  өрт  шалған  жері  жоқ  па  деп 

қарап  тұрғанда,  Боб  өршеленіп  жанған  үйге  қарай  тағы  ұмтыла  беріпті.  Өрт 

сөндірушілер  шамасы  үйде  тағы  бір  бала  бар  шығар  деп  ойлады;  сонымен 

Бобты  және  қоя  берді.  Біраздан  соң  Боб,  ауызында  бір  тістегені  бар,  үйден 

жүгіріп шыға келді. Қараса, әкелгені бір үлкен қуыршақ екен.  



 

Білгеннің пайдасы 

 

Бір  қарт  ұста  күні-түні  тынбай  іс  соғып  отырады  екен.  Оған  көрші, 

заманындағы бір  зор бай,  Броун  дегеннің баласы ойнап  жүріп  қызыққа күнде 

ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста мырзаға айтты: 

Төрем,  қарап  тұрғанша,  тым  болмаса,  шеге  соғуды  үйренсейші,  кім 



біледі,  бір  күндерде  сол  өнердің  де  керегі  болар.  Бала  нем  кетеді  деп,  күнде 

мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы соғуға үйреніпті. Мұнан соң 

бірнеше жылдар өткен соң, жұртында қатты жаугершілік басталып, Броунның 

мал-жаны  таланып  бітіп,  өзі  қатын,  баласымен  қашып  шығыпты.  Сонымен, 

ішіп-жеуге, киер киімге де кемтар соғып, бір қалада жүрген уақытта, қаланың 

әкімі  бұйрық  шығарды:  әскерге  көп  етік  керек,  жақын  жердегі  қалалардың 

сататын мығы таусылды, мық даярласын деді. Сонда манағы мырзаның мазаққа 

үйренген өнері есіне түсіп, патшалық етікшілерге хабар салды: 

Егер көп мық-шеге керек болса, мен пөдіретін аламын,- деп. 



Етікшілер істеген мығын керіп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің 

міндетін алып, көп мал тауып, ақыр өміріне дейін кемдік көрмей өтіпті-міс. 



 

Тұсаукесер 

 

Тұсаукесер  –  сәби  қаз  тұрғаннан  кейін  тез  жүріп  кетсін  деген  тілекпен 

жасалатын ғұрып, ырым. 

Ол  үшін  арнайы  ала  жіп  дайындалады.  Бұл  ала  жіп  аттамасын  деген 

ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ 

әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. 

Тұсауы  кесілген  баланы қолынан ұстап  жүгіртеді,  шашу  шашылады.  Баланың 

ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.  

Тұсаукесердің  жібін  дайындаудың  бірнеше  түрлері,  жолдары,  сенімдері 

де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп 

малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды. 

Тұсау  кесу  тойына  ауылдың  қыз-келіншектері,  әжелер  шақырылады.  Ет 

асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, 

балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, 

жаңылтпаш айтқызады.  

 

Сүйінші 

 

Сүйінші  –  қуанышты  хабар  әкелушіге  берілетін  сыйлық.  Дүниеге  жас 

нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары 


атақ,  үлкен  сыйлық  берілуін,  т.б.  қуанышты  сәттерді  алғаш  хабарлаушы 

сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді. 

Қуанышты  хабар  жеткізуші  адам  «сүйінші-сүйінші»  деп  келеді. 

Мұндайда  қуанышты  үй  иесі  «қалағаныңды  ал»  дейді.  Немесе  оған  риза 

болатындай  сыйлық  ұсынады.  Бұл  қуанудың,  ризалықтың  белгісі.  Сүйінші 

сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ. 

Халқымызда біреу екінші адамға жақсы хабар жеткізіп қуантса, сүйінші 

кәдесін алатын салт бар.  

 

Тасаттық 



 

Мақат даласы ыстық. Жаңбыр жауған жоқ. Айнала сор, май исі шығады. 

Ауылдағы  қарттар  кеңесті.  Дәурен  атамның  сиырын  сойып,  құдайы  берді. 

Мақат ауылының үлкен кісілері біздің үйге жиналып шәй ішті, ет жеді. Құран 

оқыды. Құдайдан жаңбыр сұрады. 

Сыртта тұрмыз. Күн батып барады. Бір мезгілде теңіз жақтан көтерілген 

қара бұлт ауыл үстін қаптады. Жаңбыр түнімен тоқтаусыз жауды. Ауа тазарып, 

біздер сай бойынан гүл тердік. 



 

Ай неге жаланаш қалды? 

 

Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын 

өлшеп  алады  да  көйлекті  пішіп,  тігуге  кіріседі.  Уәделескен  шағында  Ай 

көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты. 

 - 

Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, 



қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге 

тағы келеді.  

Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты. 

Иә,  тағы  да  дұрыс  өлшемеген  екем  ғой,  -  дейді.  Айдың  толыса 



беретініне  түсінбеген  тігінші.  Сонымен  қайта  өлшеп,  қайта  пішіп,  қайтадан 

тігуге кіріседі. 

Ай  тағы  да  көйлегін  алуға  келе  жатады.  Тігінші  киіз  үйдің  түтігінен 

асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. 

Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары 

іздеп,  бері  іздеп  тігіншіні  таба  алмай  қалады.  Сол  себепті,  Ай  көйлексіз 

жалаңаш қалыпты.  

 

Салмақсыздық 

 

Адамның салмағы – Жердің оны өзіне тарту күшіне байланысты. Жерге 

қарағанда  Айдың  тарту  күші  алты  есе  кем.  Сондықтан  жерде  60  килограмм 

тартқан  адамның  салмағы  Айда  не  бары10  килограмм  болады.  Ал  салмақтан 

мүлде  айрылуға  бола  ма?  Иә,  болады  екен,  мұны  салмақсыздық  дейді.  Бұл 

космос корабльдерінің кабиналарынан байқалады. Онда қабырғаға бекітілмеген 

заттардың бөрі ауада еркін жүзіп жүреді.Ғарышкердің өзінің де кабина ішінде 


қалықтап ұшып жүруіне болады. 

 

Планеталар 

 

«Планета» - грек сөзі, ол «адасқан жұлдыз» деген мағына береді. Кейбір 

жұлдыздар көк күмбезіне шегелеп тастағандай болып көрінсе, кейбірі солардың 

арасында кезіп жүреді де қояды. Мұны жұрт ертеден аңғарған. Міне, осы кезіп 

жүретін жұлдыздарды олар планета деп атаған. 

Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер, Сатурн планеталары ерте заманнан-

ақ  белгілі.  Жерді  планета  деп  санамады.  Оны  олар  әлем  кеңістігінің 

кіндігі,барлық жұлдыз соны айналып жүреді деп ұқты. 

Кейіннен  Уран,  Нептун,  Плутон  планеталары  ашылды.  Астрономдар 

көптеген  планеталардың  серіктерін,  Марс  пен  Юпитер  арасындағы  толып 

жатқан шағын планеталарды – астероидтерді тапты. 

 

Менің құлыным 



 

Менде күрең құлын болды. Ол шу асау (жабайы) болатын. Мен ағамнан 

құлынды үйретіп беруін сұрадым (өтіндім). Ағам келіспей жүрді. Сонда шешем 

ағама:–  Құлынды  үйрету  керек.  Ахмет  қыста  жақсы  оқыды.  Енді  өзінің 

құлынына мінсін, – деді. 

Біз құлынды ұстауға бардық. Ағам оның мойнына шалма тастады (салды). 

Құлын шошына үркіп, арқанды сүйрете шауып кетті. Көп ұзамай ол жылқыға 

келіп,  ағам  қайта  шалма  салды.  Енді  құлын  босанып  кете  алмады.  Ағам 

ақырындап келіп құлынды жүгендеп, жылдам мініп алды. 

Құлын секіріп тулай бастады.Ол ағамды жыққысы келді. Бірақ ағам оның 

үстінде мықты отырды. Кенеттен құлын шаба жөнелді. Көп ұзамай олар көзден 

таса  болды  (көзге  көрінбей  кетті).  Кешке  қарай  ғана  ағам  келді.  Ауыздықтан 

құлынның екі езуі қанап кетіпті. Ол түгелдей терге малыныпты. Бірақ ол енді 

тіптен жуасыған, енді оған мініп алуға болады. 




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет