Байланысты: Ерназарова З.Ш. Грамматика. Жаттығулар жинағы
2. Тиісті орынға туралы, үшін шылауларын қойыңдар. 1. Дөңгелек үстелде оқушылар климаттың өзгеруі .................. пікір алысады.
2. Мен болашағым ...................... ойладым.
3. Жоңғарларға қарсы күрескен батырлар ........... аңыздар көп.
4. Отан ................... отқа түс, күймейсің.
5. Алматы...................... әндердің байқауы болып өтті.
6. Тәуелсіздік ............... күрескен ұл-қыздарымыздың есімдері ұмытылмайды.
7. Анам соғыс уақытындағы балалар өмірі ............... көп айтып отыратын.
8. Отан алдындағы парыз ....................... ешқашан ұмытпа.
9. Радиодан Абайдың өлеңдері ...................... хабар берілді.
10.Теледидардан корей халқының әндері ..................... сұхбат жүрді.
11.Шетелдік қонақтар қазақ халқының қонақжайлылығы ............. көп айтты.