Сборник задач для курсовых работ по теоретической механике. Под. Ред. Проф. А. А. Яблонского. Высшая школа



бет1/3
Дата09.11.2022
өлшемі80,59 Kb.
#48820
түріСборник задач
  1   2   3
Байланысты:
Сборник задач для курсовых работ по теоретической механике. Под.


Лекция сабақтары
СТАТИКА
9 лекция


Тақырыбы: Күшті параллель көшіру туралы лемма. Күштердің кез келген кеңістіктік жүйесін бір центрге келтіру.
(2сағ)


Лекцияның жоспары.

  1. Күшті параллель көшіру туралы лемма (статиканың негізгі леммасы).

  2. Күштердің кез келген кеңістіктік жүйесі. Күштердің кез келген кеңістіктік жүйесін бір центрге келтіру.

  3. Күштер жүйелерін бір центрге келтірудің дербес жағдайлары.

  4. Тең әсерлі күштің моменті туралы теорема (Вариньон теоремасы).



Пайдалатын әдебиеттер:


а) негізгі:
1. Джолдасбеков У.А. Теориялық механика Алматы. 1985
2. Лойцянский Л.Г. , Льуре А.И. Курс теоретический механики, Физматгиз, 1954
3. Николай Е.Л. Теоретической механика Физматгиз. 1952
4. Тарт С.М. Курс теоретической механики, Физматгиз. 1963
б) қосымша:
5. Яблонский В.М. Курс теоретической механики Част І М.: Высшая школа 1977
6. Бать М.М. Теретическая механика в примерах и задачах Ч.І и ІІ Физматгиз 1961.
7. Сборник задач для курсовых работ по теоретической механике. Под. Ред. Проф. А.А. Яблонского. Высшая школа. 1968.


Лекция мәтіні.


1. Күшті параллель көшіру туралы лемма (статиканың негізгі леммасы).
Абсолют қатты дененің А нүктесіне түсірілген күші берілген дейік (1.24-сурет). Күштің шамасын да, бағытын да сақтай отырып, өзіне-өзін параллель бағытта екінші орынға көшіруге болмайды. Өйткені мұндай жағдайда, берілген күшінің қатты денеге жасайтын механикалық әсері өзгеріп кетеді. Берілген күшті қатты дененің кез келген нүктесіне өзіне-өзін параллель көшіруді мынадай лемманың көмегімен орындауға болады.
Лемма. Абсолют қатты дененің А нүктесінде берілген күші дененің басқа бір В нүктесіне түсірілген дәл өзіндей күшке және бір қос күшке (,) эквивалент. Бұл қос күштің моменті, А нүктесіндегі күшінің В нүктесіне қатысты алынған моментіне тең болады.
Лемманы дәлелдеу. Алдын ала көрсетілген В нүктесіне, шамалары берілген күш шамасына тең және ол күшке параллель түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған, және күштерін түсірейік (1.24-сурет).
Сөйтіп келісім бойынша В нүктесіне түсірілген күштер мына шарттарды қанағаттандырады:
және ~0. (1.42)
Нөлге эквивалент екі күштің бұл жүйесін берілген күшке қосып жаңа күштер жүйесін алайық сонда мынадай өрнек аламыз:
~~. (1.43)
Мұндағы, шамалары тең және бағыттары қарама-қарсы, параллель екі түзумен бағытталған екі күштен тұратын тіркеме қос күш деп атаймыз. Тіркеме қос (-тің моментінің векторы, анықтама бойынша мынадай формуламен беріледі:
(а)
Енді А нүктесіндегі күшінің жаңа центр В-ға қатысты алынған моментінің векторлық өрнегін көрсетіп қояйық:
(б)
(а) және (б) теңдіктерін салыстырып қарастырудан:
, (1.44)
екенін көреміз. (1.44) теңдігінен тіркеме қос күш момент-терінің тең болатынын өрнектейді.
Негізгі лемма күшті, бастапқы түсу нүктесінен екінші бір нүктеге өзіне-өзін параллель көшіру, ол күшке сәйкес алынған қос күшті тіркеу арқылы орындалатынын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет