Гүлжан еліміздегі аласа таулар туралы деректер жинап, аласа таулардың биіктіктерін кестеге енгізді (4-кесте).
кесте – Таулардың биіктіктері
Таудың атауы
|
Биіктігі
|
Қызылтас
|
1283 м
|
Қызыларай
|
1565 м
|
Кент
|
1415 м
|
Қарқаралы
|
1403 м
|
Баянауыл
|
1026 м
|
Гүлжан жинақтаған деректерін диаграмма түрінде көрсетпекші болды.
Диаграмма салуды аяқтаңыздар (2-сурет).
2-сурет – Диаграмма
Жануарлардың көпшілігі аяқтары болғандықтан еркін қозғала алады. Қозғалып жүретін мүшелері жоқ жәндіктер де, жануарлар да бар. Мысалы, жыландар, құрттар. Теңіз түбін мекен ететін маржан бекінген орнынан қозғалып жүрмей-ақ өмір сүре алады. Медузалар мен теңіз құрты реактивті қозғалыс жасап, аяқсыз-ақ шапшаң жүзе алады.
Сұрақ: Жануарлардың қозғалысын күнделікті өмірде кездесетін қандай көліктердің қозғалысымен салыстыруға болады? Мысалдар келтіріңіздер.
тапсырма. Топырақ
Топырақ дегеніміз – ерекше табиғи дене. 3-суретте бейнеленгендей топырақ түрлі организмдердің, жылудың және атмосфералық жауын- шашынның әсерінен пайда болған.
Сұрақ: Топырақтың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді? 2-кестеге ия/жоқ жауабын жазыңыздар.
3-сурет – Топырақтың пайда болуы 5-кесте – Топырақ түзуші факторлар
|
Ия
|
Жоқ
|
Адамның іс-әрекеті
|
|
|
Климат және ішкі сулар
|
|
|
Өсімдіктер
|
|
|
Жануарлар дүниесі
|
|
|
Бунақ денелілер
|
|
|
Микробтар
|
|
|
Саңырауқұлақтар
|
|
|
тапсырма.
Жер бетінде ғажайып материк бар. Оның ғажайып болу себебі келесіде: егер саяхатшы кемемен осы материктің жағалауымен батыстан шығысқа қарай жүзсе, үш мұхитты кесіп өтеді. Бұл материкте солтүстік пен оңтүстік орындарын «ауыстырады». Сонымен бірге бұл жерде адам теңіз бен құрылықты айыра алмайтын күйге түседі.
Сұрақ: бұл қай материк?
Қандай үш мұхитты жүзіп өту керек?
Неліктен оңтүстік пен солтүстік бір уақытта орындарын ауыстырады? Неліктен бұл жерде теңіз бен құрылықты айырып алу қиындық туғызады?
Достарыңызбен бөлісу: |