Ғылыми жаратылыстану дәлелдерін жады бойынша жаңғырту; терминдер мен түсініктерін анықтау; ағзаларды, процестерді, байланыстарды сипаттау; білімдерін дәлелдеу, мысал келтіру; мәліметтер мен жабдықтарды қолдануда
білім арқылы көрсету.
Қолдану
Ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын салыстыру, берілген нысандарды жіктеу; суреттеу; модельдерді, диаграммаларды қолдану, байланысын табу, мәліметті және түрлі құбылыстарды түсіндіру.
Ойлау
Мәселелерді шешу, талдау, жинақтау, жаратылыстанудың әртүрлі бөлімдері бойынша білімдерін ықпалдау, шешімдері мен болжамдарын тұжырымдау, берілген тапсырмаларға сәйкес эксперимент жоспарлау; процестер
мен құбылыстардың басымдығы мен кемшіліктерін бағалау.
Математика
Математика пәні бойынша тапсырмалар TIMSS тапсырмаларының жасалуы құрылымына сәйкес әзірленген.
кесте – Математика пәнінен тапсырмалар
Мазмұны
Сандар: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; нақты сандар;
қатынас, пайыз және пропорция
Алгебра: тәуелділік; алгебралық өрнектер; өрнектер/теңдеулер және функциялар
Геометрия: геометриялық өлшеулер; геометриялық фигуралар; фигуралардың
орналасуы мен қозғалысы
Мәліметтержәнеықтималдық: Мәліметтермен жұмыс; мәліметтерді беру
Сандар бөлімі натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; нақты сандар; қатынас, пайыз және пропорция ұғымдарын түсінумен қатар оларды түрлі есептерді шығаруда қолдану біліктігін қамтиды.
Алгебрабөлімінің сұрақтары математикалық ситуациялық есептерді шығару кезінде заңдылықтарды анықтау мен алгебралық символдарды қолдануға бағытталған.
Геометриябөлімінің тапсырмаларын орындау барысында оқушылар жазықтықтағы және кеңістіктегі фигуралардың, қабырғалардың ұзындықтарының, бұрыш өлшемдерінің қасиеттеріне талдау жүргізе білуі керек.
Дереккөз: http://text.ru/rd/aHR0cDovL3d3dy4xMDAtZWR1LnJ1L21hdGVtYXRpa2EvMjU0ODQvaW5kZXguaHRtbD9wYWdlPTk%3D Мәліметтержәне ықтималдықбөлімі график және кесте түрінде берілген мәліметтері бар тапсырмалардан тұрады.
Тапсырманы орындағанда төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу ұсынылады:
Тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз және негізгі ақпаратты тауып алыңыз.
Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз.
Есептің шығарылуын жеңілдететін ықшамдалған сөйлемдерді құрастыру қажет.
Қажеттілігіне қарай схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз.
Көпшілік жағдайда есептің барлық шамаларын тиісті әріптермен белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған пайдалы.
Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге тырысыңыз.