Сборник заданий по суммативному оцениванию по учебным предметам общего среднего уровня первая часть Нұр-Сұлтан 2020


© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. © Национальная академия образования им. И.Алтынсарина, 2020



Pdf көрінісі
бет2/227
Дата26.12.2022
өлшемі9,16 Mb.
#59654
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227
 
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2020.
© Национальная академия образования
им. И.Алтынсарина, 2020 
 
 


3
Кіріспе 
 
Қазіргі кезде республика мектептерінде жаңартылған білім беру мазмұны 
аясында білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау критериалды 
бағалаумен жүзеге асырылады. 
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім 
алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін 
нәтижелерімен сәйкестендіру процесі. 
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін 
балл түрінде бағалау үшін өткізіледі. Бағдарламаның әр бөлімінен соң бөлім 
бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан соңында жиынтық бағалау (ТЖБ) 
жүргізіледі.
«Жалпы орта білім беру деңгейі пәндерінен жиынтық бағалау бойынша 
тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралын дайындауда «Білім берудің барлық 
деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 
қазандағы № 604 бұйрығы, Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 
бұйрығы негізге алынды [1, 2]. 
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және 
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 
бұйрығында қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын пән 
мұғалімі дайындайтыны көрсетілген [3].
10-11 сыныптарға арналған үлгілік оқу бағдарламалары «Жалпы білім беру 
ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және 
факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 
бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен 
бекітілген. Сонымен бірге апробация және мониторинг қорытындысымен оқу 
бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 
жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен толықтырулар және өзгерістер 
енгізілген [4-40].
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес пән 
бойынша ЖБ тапсырмаларын дайындау – пән мұғалімі үшін маңызды мәселе. 
Бұл – пән мұғалімдерінен көп ізденісті, шығармашылықпен ойлауды қажет 
ететін жауапкершілікті процесс. Ұсынылып отырған жинақта ЖБ ерекшеліктері 
мен принциптері туралы мәліметтер, негізгі орта мектепке арналған 
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының 
негізінде дайындалған тапсырмалардың үлгілері берілген. Әрбір тапсырма 
бойынша дескрипторлар, баллдық көрсеткіштері көрсетілген.
Құрал ЖБ тапсырмаларын дайындау үшін мұғалімге бағдар беретін 
көмекші құрал ретінде ұсынылады. 


4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет