5
Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер бойынша бағалау процесін
ұйымдастыру барысында оқушылардың оқу танымдық қызметінің
психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін ескеру керек:
- оқушы өздігінен тапсырмаларды орындауда білім, білік, дағдыларын
жетілдіруге және жаңа жетістіктерге ұмтылуға дайын болуы керек;
- өзінің жетістіктерін нақты бағалай
алуы керек;
- алдына қойылған міндеттерді түсіне алуы керек;
- оқушының жеке білім алу бағытын таңдауға және оны ұйымдастыруға
ұмтылуы керек;
- оқу процесінде оқу-танымдық белсенділікке ұмтылуы керек;
- сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылуы керек;
- құрбы-құрдастарының білім деңгейіне көңіл бөлу, яғни өзара
бағалауға ұмтылуы тиіс;
- теориялық және сыни ойлауының қалыптасуы;
- ақпаратты қабылдау барысында
ынтасының тұрақтылығы;
- бір мақсатқа бағытталуы;
- талғампаздығы болуы керек [43].
Оқушылардың жетістік деңгейін анықтауда қолданатын жиынтық
бағалаудың ерекшелігі:
оқушыларға өздерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және
оларды тиісті түрде шешуге көмектеседі;
оқушыға өз жетістігін бақылауға көмектеседі;
оқушыларға мақсатты стандарттарға
қол жеткізуге көмектеседі;
оқушыларды мақсатты стандарттарға қол жеткізу үшін терең білім
алуға немесе көп күш салуға ынталандырады.
Жиынтық бағалау (ЖБ) арқылы баланың оқудағы жетістігі бағаланады
және нақты оқушыға көмектесу үшін тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін
тәуелсіз критерийлер диагностикалық құрал ретінде қызмет атқарады.
Жиынтық бағалауда оқушының оқу іс-әрекетінің нәтижесі өлшенеді. Ол
мемлекеттік стандартқа сәйкес білім мазмұнын игеру бойынша оқушылардың
жетістік деңгейі жайлы мұғалімдерге, әкімшілікке және ата-аналарға қажетті
деректерді біріктіреді [44].
Жиынтық бағалаудың мақсатына сәйкес оқушылардың белгілі бір
пәннен жұмысының нәтижесін бағалау пайызбен өлшенеді.
Бөлім бойынша
жиынтық бағалау үшін максималды балды, Бөлім бойынша жиынтық бағалау
өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба,
ауызша сұрау, эссе) мен сабағын және Бөлім бойынша жиынтық бағалау
орындау уақыты реттелмейді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін
максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11
(12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек [3].
Тоқсандық жиынтық бағалау баллдары пән бойынша техникалық
спецификация негізінде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: