Сценарий «Алғашқы махаббат»



бет21/26
Дата24.05.2023
өлшемі92,49 Kb.
#96741
түріСценарий
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Алғашқы махаббат. Сценарий

ҚАЙЫРЖАН: Рас айтамын ағасы. Қыздың өзі солай деді. Білмейтін бе едіңіз қыздар деген сондай қу болады. Қазір ағасы қыздармен кездесу деген оңай емес.
АЙБОЛ: Қойш? Мысық дейсің ба? Е мысық дегенді өзім жек көретін едім. Бірақ қыздың өзі айтып тұрса амал жоқ. Қалай? Қайда бару керек? Не істеу керек?
ҚАЙЫРЖАН: Қазір дайындалып алыңыз.
ҚАНАТ: Қатырдың ей. Е мынау өзі ақымақ адам деп айттым ғой. Сенің де мына басыңнан қулық шығады екен ғой. Ендеше былай істейміз. Сен өзіңнің уәдең бойынша оны алдап сулайсың. Ал мен қараңғы қуысқа барып дайындалып тұрамын. Қолымда таяғым болады уайымдама.
Ағасы ал жақсы онда мен кетейін. Іске сәт. Ағасынан сақ болыңыз, боксқа қатысқан.
АЙБОЛ: Айтпақшы күзде тойға кел.
(Терезенің түбіне келіп мияулай бастайды)
АЙБОЛ: Е мына жаққа мысықтар жақындап келеді ғой.
ҚАЙЫРЖАН: Ағасы сіз ұрғашы мысықтың емес, еркек мысықтың дауысын салыңыз.
АЙБОЛ: Е басынан солай айтпайсың ба.
Мяу мяу мяу
(Апай терезеден шығады)
МҰҒАЛІМ: Брыс.
АЙБОЛ: О қарындас.
(Иттің дауысы естіледі. Үйшіктің артына барады. Иттің қапқан дауысы естіледі. Қанат келеді.)
ҚАНАТ: Е жарайсың.
ҚАЙЫРЖАН: Қатырдық е. Осыны біреуге айтсаң сене қоймас. Бірақ Қанат Айбол сияқтылардың ашуы жаман болады дейді. Қолына ұсталып қалып әкемізді танытып жүрмесін.
ҚАНАТ: Ештеңе етпес. Ана Мойнақ тістеген жері жазылмайынша келе қоймас.
ҚАЙЫРЖАН: Оны біреуге айтсаң сенбейді. Өзімде сенбей тұрмын. Осыған күлем деп түнімен ұйқтай алмайтын шығармын енді.
ҚАНАТ: Не болсада қызықты көкесі болды. Жаным жайланып қалды. Сен Айболдан олай қорықпа. Жақында қаладан нағашы ағам келеді. Аты БАТЫР. Десант дейді. Десант болса жақсы төбелесетін шығар. Айбол бірдеңе дейтін болса Батырға айтамыз. Таң атып қалыпты. Бұл жерден кетейік. Сақтықта қорлық жоқ. (Екеуі кетіп қалады.)

(Келесі көрініс. Қайыржанның ауласы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет