АЙБОЛ: Бөтен қой іздейтін не, қойшы деп пе едіңдер не.
ҚАЙЫРЖАН: Тауық іздеп жүрсіз ба?
АЙБОЛ: Тауық емес қыз іздеп жүрмін! Қыз! Маған мына көрші үйдегі Гүлзат сияқты бір қыз керек еді. Сонша былай іздегенім өз ауылымнан табылды. Сосын сол қызбен үйлену керек.
ҚАНАТ: Үйленем дейсіз бе? Уәделесіп қойдыңыз ба не?
АЙБОЛ: Уәде? Уәде қайда барады. Алдымен танысып алайықта.
ҚАЙЫРЖАН: Үй ағай сіз сонда танысқан жоқсызба әлі?
АЙБОЛ: Жоқ. Таныса алмадым.
ҚАЙЫРЖАН: Ендеше ағасы мен таныстырайын. Құдай қосқан көршісімін.
АЙБОЛ: Шын ба?
ҚАЙЫРЖАН: Иә.
АЙБОЛ: Е, жарайсың бауырым. Е, сен шынымен үйіне барып, бірдеңе сұрағансып шақырып шықсаңшы.
ҚАЙЫРЖАН: Жақсы аға, осында күтіңіз.
АЙБОЛ: Е айтып бар байдың баласы, малы жетеді деп. Ауылда бәрі таниды.
ҚАНАТ: Ағасы қарап тұрмын. Өзіңізге қатты сенімдісіз ау. Ол қыз талай жігіттің бетін қайтарған деп естігем. Ол қыз адамға көнбейді дейді.
АЙБОЛ: Қойш.
ҚАНАТ: Иә.
АЙБОЛ: Енді қайтеміз? Е мүмкін ол мені сол уақыт бойы күтіп жүрген шығар.
ҚАНАТ: Жарайды енді, күтіп жүрді дедіңіз ал. Оның ағасы мүлде қатал. Қолдары мозоль мозоль. Боксқа қатысады. Адам аямайды. Бармай ақ қойыңыз оданда қайтесіз.
АЙБОЛ: Е онда бес жылқы берсем ағасы да, атасы да көнеді. Уайымдама.
(Қайыржан келеді) ҚАЙЫРЖАН: Ағасы бермей ақ қойыңыз, шақырып келдім. Сөйлестім.
АЙБОЛ: Не дейді?
ҚАЙЫРЖАН: Сізге біраздан соң келіп терезенің астына келіп, белгі берсін деді.
АЙБОЛ: Болды жарайсың бауырым. Қазір осылай шыға берейін ба? Үш рет есік қағайын ба?
ҚАЙЫРЖАН: Жоқ, ағасы оянып кетеді.
АЙБОЛ: Онда ысқырайын ба?
ҚАЙЫРЖАН. Жоқ, жеңгесі оянып кетеді. Не істесек екен а? А сізге терезенің түбіне келіп мысық болып мяуласын деді.
АЙБОЛ: Е мынауың артықтау енді.