ҚЫЗ: Мені шақырған сіз бе?
ҚАНАТ: Сіз кімсіз?
ҚЫЗ: Катямын.
ҚАНАТ: Катя?
ҚЫЗ: Шын атым Камила. Бәрі «Катя»‑ деп атап кеткен. Қонаққа келдім, Гүлзаттың сіңілісімін.
ҚАНАТ: Қызық екен иә? Өмір ғажайып. Катяның сіңілісінің де аты Катя.
КАТЯ: Түсінбедім. Мен Катямын, Сіз мені қайдан білесіз?
ҚАНАТ: О Катя, Катя, оралдың ба?
Сен мендей сағынышқа орандың ба?
Айналып аққу құсқа махаббатым,
Шынымен оралдың ба, оралдың ба?
О, Катя!
КАТЯ: Сіз маған айтып тұрсыз ба осы өлеңнің барлығын? Ғашық адамның сөздері ғой бұл.
ҚАНАТ: Мүмкін... Біз ақындар., осындаймыз!!
(Екеуі айналып билей бастайды. Аяқталды)