Сценарий Фанфар ( Ортаға 5 оқушы шығады қолдарында әріптері бар)



бет3/5
Дата10.10.2024
өлшемі27 Kb.
#147578
түріСценарий
1   2   3   4   5
Байланысты:
ұстазда күні концерт

1 — жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
НОМЕР:
1- Жүргізуші: Сымбат апай, осы сіздер бізден емтихан алғанды жақсы көресіздер ғой, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
2- жүргізуші: Сен сонда ұстаздармен орныңды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
1- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
2-Жүргізуші: -ендеше тыныштық сақтаңыздар! Ұстаздарға арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар:
1.Сіздің ең сүйікті оқушыңыз кім?
2. Сіз тап болған мектептегі ең күлкілі оқиға?
3. Егер сіз өмірді жаңадан бастасаңыз, мұғалім болар ма едіңіз?
4. Сіздің мамандығыңызда сізге не көбірек ұнайды?
5. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
6. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
7. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
8. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
9. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

10. Бүгінгі кеш сізге ұнап жатыр ма?
1 — жүргізуші:
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.Жарайсыздар!
1 — жүргізуші:  Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
2-жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың..
1 — жүргізуші:  Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет