Сценарий Фанфар ( Ортаға 5 оқушы шығады қолдарында әріптері бар)



бет2/5
Дата10.10.2024
өлшемі27 Kb.
#147578
түріСценарий
1   2   3   4   5
Байланысты:
ұстазда күні концерт

1 — жүргізуші: Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!


Аяулы ұстаздар, Денсаулықтарыңыз  мықты болсыншаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
Ән: 16 аспаз тобының студенті Раманқұлов Арсланның «Ұстаздарға арнау» әнін қабыл алыңыздар!


1-жүргіуші: Сымбат апай, сіз қалай ойлайсыз? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Айдос, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің білім ордамызда сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!


1-Жүргізуші: Ендеше, Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне колледж директоры Исаков Марат Алтынбекұлы мырзаны шақырамыз!


ФАНФАР!


1-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн тек сіздерге арналады.
Алдарыңызда 25 аспаз тобының студенті ЖАНСАЯ «Қазақ биімен». Қарсы алыңыздар

2 — жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
1- жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.


2 — жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Азилова Гульнара Каденовнаға береміз!
ФАНФАР!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет