Сценарий і топ: «Балдырған»



бет2/2
Дата06.06.2023
өлшемі21,42 Kb.
#99043
түріСценарий
1   2
Бақыт Какимовна:
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.


Салтанатты түрде кілтті табыстау. Балаларға сыйлықты табыстау. Соңында шығарып салу.


У.Х.:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс – дей отырып, келесі кезекті балалрымыздың алғыс шумақтарына берсек.


Нұриман:
Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы.
Меңгеруші апайға
Ырза шеше, әке де.
Бізде мұнда әрдайым
Бәрі-бәрі дап-дайын.
Қамымызды ойлаған
Альфия Жанатқызына мың алғыс!


Әмина:
Біздің апай Ботагоз
Маманы оның әдіскер.
Бұл апайға қарасақ,
Ақылына көркі сай.
Мақтан етем әрдайым,
Аман болшы апайым!
Ботагөз Мухажанқызына мың алғыс!


Бақдаулет:
Еңбек еткен еңселі
Сырты менен ішіне.
Балабақшаның қызметін
Иығында көтерген.
Дәмді, тәтті тағамды
Жеткізген бізге дүкеннен
Бибігүл Үсенбекқызына мың алғыс!


Ж.Кәусар:
Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Даметер Камитқызына мың алғыс!


Мүслім:
Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді.
Үйреткен Айнагүл Әбенқызына мың алғыс!


З.Камила:
Қызметкер ұстаздар
Сіздерді біз сыйлаймыз.
Балабақшадан кетуді
Ендігі біз қимаймыз.
Қосымша қызмет көрсеткен ұстаздарға мың алғыс!


Димаш:
Ас – адамның арқауы
Аспазшы ұстаздар біледі.
Дәмді етіп бар қауымға
Ас-ауқат беріп жүреді.
Аспазшыларға мың алғыс!


Аиша:
Біздің бақша тап-таза
Жолдары әсем жап-жаңа.
Қызметкерлерге мың алғыс
Бас иеміз тек қана!
Барлық тазалық қызметкерлеріне мың алғыс!


Мейірім:
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Шынар Нәбенқызына мың алғыс!


Ақберен:
Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан.
Санамақта жаттатып
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Умида, Эльвира апайларға
Айтамыз біз мың алғыс!


Әдиә:
Балабақшам бесігім,
Қайсысын айта берейін?
Қабыл алшы гүлімді
Сіздерге сыйлап кетейін.
Балалар қолындағы гүлдерін апайларға сыйлайды


Вальс оркестрдің сүйемелдеуімен


Ата-аналармен ойын ойнау


Ән: «Балабақшама алғыс»


У.Х.:
Талай-талай баспалдақты атттармыз
Ата-ананың үмітін де ақтармыз.
Балабақшам сенен алған ақылды
Есімізде өмір бойы сақтармыз. - дей отырып құттықтау сөзін Ботагөз Мухажанқызына береміз
Ортаға құттықтау сөзіне және марапаттауға Ботагоз М шығады.


Балаларды марапаттау сәті
Э.М:
Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар,
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар.


У.Х.:
Балдырғандарымыз өздеріңе арналған тілегімізді қабыл алыңыздар


Тәрбиешілердің әні: «Мақтанамын»


Балалар:
Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді
Балабақшам қош – сау бол!


С о ң ы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет