Жүргізуші1 Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыла төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
деп, үшінші кезеңге өтеміз.
Жүргізуші 2. Үшінші кезең «Шаштараз» деп аталады. Қатысушы аналар өз қыздарына шаш үлгісін жасайды. Орындалу уақыты 10 минут.
Жүргізуші1. Олай болса келесі кезең, Шаштараз.
Орындалу уақыты 10 минут.
Жүргізуші 2. Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізіліп сөз маржанын тергенімен.
Майысып, бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен, - төртінші соңғы кезеңге де жеттік.
Жүргізуші 1. 4 кезең «Талантты отбасы» (үй тапсырмасы) деп аталады.Қыздар аналарымен бірігіп өнер көрсетеді.
Жүргізуші1. Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.
Жүргізуші2. Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып.
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып.
Наурыз көже пісіріп,
Қонақтарға тартамыз.-
5 кезең «Анаммен жасаған Наурыз көже» деп аталады. Әр отбасының наурыз көже жасаудағы өз ерекшеліктері бар. Осы кезеңде қызы наурыз көженің құрамымен таныстырады.
Қатысушыларды марапаттау рәсімі.
Бүгін бізге отбасылық дәстүрдің үздік үлгісін көрсетіп, әдемі кештің себепшісі болған аналарымызға Алғыс айтамыз, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.