Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
Сценарий көрнекілігі:қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер
1– жүрізуші: Әнұраным көкейде жатталады,
Сонымен бейбіт күнім басталады.
Шәмші атамның шығарған асқақ әні,
Әркімнің жүрегінде сақталады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын
1– жүрізуші: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, қонақтар мен студенттер! Бүгінгі «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы этнос өкілдерімен кездесу кешімізге қош келдіңіздер.
2- жүргізуші: «Сан ғасырлардан бері қазақтың кең даласына көптеген ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары келіп орнығып, бір – бірімен тамыр, дос болып, тату – тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді қазақ халқы оларға құшағын ашты. Ата – бабамыздың осы үлгісі, өзге халықтардың баласын дініне, тіліне,түріне, ұлтына қарамай бауырға басқан төзімшіл, толеранттық мінез – құлқы бізге мұра болып қалды. Бұл – біздің тарихи қасиетіміз, өсіп өркендеуіміздің басты негізі.
1 жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
2 - жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.