2 - жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
1 - жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің, Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
2 - жүргізуші:Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз! Өз лебізін білдіру үшін арамызда ұлтының өкілі келіп отыр.
1 - жүргізуші:Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып әнін тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенген елміз!
1 - жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»
2 - жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан! Хор «Атамекен» 1 - жүргізуші: Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Кешімізді қорытындылау үшін сөз колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Қалманова Гүлзия апайға беріледі. Сіздің құрметіңізге күй: қабыл алыңыз. 2 - жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1 - жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
2 - жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
1 - жүргізуші: Қазақстан жасасын!
2 - жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз
жүргізушілер: Сау - саламатта болыңыздар!