Сценарий мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
Басталуы: қайырлы күн құрметті оқушылар. Бірінші мамыр күні де келіп қалды. Мектеп жылының соңғы айы, және тағы қандай күн? (Бірлік күні)
Дұрыс балалар Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!
Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз топқа бөлініп алайық (карточкалар арқылы бөлінеді)
Қазақстан мемлекеті-
Ресей мемлекеті-
Америка мемлекеті-
Қандай мемлекеттің туын таңдадыңыз сол партаға барып отырамыз.
Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 – дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату – тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат – мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт – дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай – ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Ең бірінші видео материалға назар аударайық: https://youtu.be/sHNx8jrYoDs
Оқушылар бұл видео материалда не түсіндіңіздер? (өз ойларын айтады)
Оқушылар жауаптарыңызға көп көп рахмет! Өз ойымызды білдіріп болсақ бөлінген мемлекеттеріміз бойынша өз білгендеріңізді ой салып бізге айтып берсеңіздер.
Өз ойларын айтып болған соң оқушыларға 1-тапсырма ретінде мозяйка әдісін береміз. Белгілі бір ұлттың суретімен жасалған мозяйканы құрады. Оның артындағы тапсырмаларды орындайды.
Қызықты ақпараттар:
Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын қалыптастыру, ұлттық қарым - қатынасын, халықтар достығын нығайтуға тәрбиелеу бүгінгі кештің ең басты мақсаты болды.
1886 жылы 1 мамырда ірі оқиға Американың Чикаго қаласында өткен еді. Жұмысшылар бұл күні әдеттегідей станок басында тұрмады. Бұрынғыдай тәулігіне 10 - 15 сағат жұмыс жасап, тар да лас лашықта тіршілік еткілері келмеді. Олар капиталистен 8 сағаттық жұмысты, әрі жалақыға үстеме қосуды, өмір тіршілігін жақсартуда талап ету үшін бәрі топтанып көшеге шықты. Жұмысшылардың талабына капиталистер оқпен жауап берді. Бұл оқиға Америка еңбекші қауымын дүр сілкіндірді. Чикаго еңбекшілерімен бір тілектес екендігін Париж, Лондон, Берлин мен Мәскеу жұмысшылары жұмыстарын тастап, қолдарына қызыл жалау ұстап көшеге шықты. 1889 жылы II интернационалдық конгресі Парижде бүкіл дүниежүзі еңбекшілерінің 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресін біріктіру мақсатында белгіледі. Ресейде бірінші рет 1891 - 1892 жылдары Петербург, Тула, Лотос және т. б. қалаларда 1 мамырға арналған көтерілістер ұйымдастырылды. 1 мамыр мерекесін Кеңес үкіметінде бірінші рет 1918 жылы Пролетариат диктатурасын орнатқан жеңімпаз топ ретінде мейрамдады. Біздің елімізде 1 мамыр мерекесін де Қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде тәуелсіздік жарияланғаннан бастап атап өте бастады. Жыл сайын бұл мереке халықтар достығы ретінде атап өтіледі.
Бұзбайды салтын,
Достығын.
Қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осыңдай байлықтың қызығын көру үшін бізге ауадай қажет. Қазбек би айтқандай біз қазақ достықты сақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз, - деп Қазақстанда тұратын 130 - дан астам этнос Қазбек бидің өсиетін ту етіп ұстап орындаса дегім келеді.
Баста батыр
Бақытқа байтағыңды
Халқым тағы өз сөзін айта білді
Аспан түстес
Көгілдір айшық туың
Астананың үстіне
Қайта ілінді.
Барлық ұлттың ұлысы, бар ұлыстың
Республика намысын алып ұштым
Өсиетін ұмытпай бабалардың
Қасіретін халықтың қанып іштім, - деген өлең Елбасына деген ізгі ниет, бауырлық, қимас сезімге толы мемлекетімізде істеліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы Президент Ә. Н. Назарбаевтың есімімен байланысты.
Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге, қазақтарға керек, - деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.
Бейбітшілік жасасын!
Ынтымақ жасасын!
1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні жасасын!
1941 жыл. Күздің қара суығы, Сталиндік саясаттың желеуімен үдере көшкен бір топ шешен жанұясы Қазақстанға келіп қоныстанды.
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде 130 - дан астам ұлттар тұрады. Украин, Беларус, Түрік, т. б. шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен тату - тәтті доспыз, бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
Азербайжандар өз тілінде "азербайджлылар немесе азерилер" деп атаған. Қазақстанда 78295 азербайжан өкілінің халқы тұрады.
Балалар мен қызықты ойын ойнау үші.
1-ойын
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
1топ- Қазақ елі.
2топ- Орыс елі.
3 топ- Америка елі.
Оқушылар топтарға бөлініп .Топ басшылары ортаға шығады. Үстел үстінде 3 тілде жазылған сөздер бар соларды бір-бірі мен құрастырады. Бірінші болған топқа – қызыл алма
Екінші болған топқа -жасыл алма.
Үшінші болған топқа -сары алма.
2-Ойын.
Топтарға ақ қағаз таратылады.Берілген ақ қағаздарға өздерінің таңда ған елдерінің байланысты мәліметтер жазады.Класстер түрінде болуы қажет.
Бірінші болған топқа – қызыл алма
Екінші болған топқа -жасыл алма.
Үшінші болған топқа -сары алма.
Достарыңызбен бөлісу: |