Сценарий: «Қош бол, бастауыш сыныбым»



бет4/4
Дата02.02.2023
өлшемі0,51 Mb.
#64719
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
Сценарий бастауышым балдәуренім (1)

Абдурахман
Бізге шаттық әкелді,
Басшы болып әр істе.
Ұсынғаны адалдық,
Үйреткені адамдық,
Біз басшыға тілейміз,
Бақыт, табыс, амандық.
Маржан: 
Мира апай өнерлі,
Әсем әннің шебері
Қызықтырып ән-күйге,
Бізді үйретіп келеді.
Нұрсезім: 
Тұғырын үш тілдің
Білуді қош көрдім,
Рахмет ұстаз үйреткен,
Біздерді тіліне Пушкиннің.
Кәусар: 
Ақнәзік апайға біз сендік,
Шетел тілін үйрендік,
Ағылшынша жазып та,
Біз сөйлеуді үйрендік.
Мақсат: 
Денемізді шынықтырған,
Ойындармен қызықтырған,
Еңбегімен есейдірген,
Болатбек ағай, рахмет бізден.
Бәрі: Бар білгенін аямаған,
Өз гүліндей аялаған,
Мың рахмет ұстаздарға.
Ән: «Прекрасное далеко»
Маржан:
Ертеңгілігімізді жабу үшін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтжанова Қарлығаш апайға сөз кезегін береміз.
Мұғалім: Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.
Ал ата - аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.
Алдарыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман есен болыңдар.
Хор «Қимай тұрмын»
Маржан:
Осымен «Қош бол, бастауыш сыныбым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Абдурахман:
Вас встречает веселый праздник, приятное, яркое лето.
Кәусар: Have fun during the summer holidays. (хәв дуринг зе самме холидэйс)





97орта мектеп



Сыныбы: 4
Өткізген: Н. Жанабергенова


2021-2022оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет