Нұрсезім:
Айолуэйс лав ю кләз
Ю тейшинг хелпс ми си
Зәт төу хев хаппи лайв
Лонинг из зе кеи
Маржан:
Біз барамыз артқа тастап төрт жылды
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі
Пана болған, дана болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ек біз сізді, - деп жүрек жарды ыстық лебіздерді, ақ ниеттерді, ізгі тілегімізді, Нұргүл ұстазымызға арнасақ қалай болады?
Абдурахман: Қуана қабылдаймын, бастайық ендеше.
Мақсат: Арай берген көңілге
Өнегесі жалғасты.
Орны бөлек өмірде
Ұстазың бар алғашқы
Айымнұр: Патша бол, мейлің Елбасы,
Данышпан әлде ұлық па.
Ұстазыңды алғашқы
Ешқашан да ұмытпа.
Абдурахман:
Әріп сырын ұқтырып,
Жазуды алғаш үйреткен.
Қарсы алайық тік тұрып,
Сол ұстазды құрметпен.
Би: «Ұстазым » Айымнұр: Өмір мектебінің қақпасы Әліппемен ашылады.
Кәусар: Ұстаздық - шәкірттердің шапағатымен шыңдалады.
Нұрсезім: Ұстаздан - ұлағат, Шәкірттен - шапағат.
Мадияр: Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған едік.
Абдурахман: - Дұрыс айтасың, құрбым! Бәріде кеше ғана еді. Қазір қарасаң, байқасаң, бой өскен, ой өскен, қанатымыз қатайып, Бастауыштың бал дәурені, ән дәурені, сән дәурені, гүл дәурені болған тәтті ұямыздан ұшқалы отырмыз.
Маржан: Жүректі тебірентіп жібердіңдер ғой. Мына тұрған құрбы - достар бастауыштың балбұлағынан сусындап, жүрек жарды тілегін айтуға дайын сияқты.
Кәусар: - Біз, мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.
Абдурахман: Олай болса, ізгі тілек, ізгі ниет алғашқы ұстазымызға болсын!
Маржан: Ән: «Ұстазым» Орындайтын: Кәусар
Мақсат:
Ата - анаңнан кейінгі,
Екінші адам өмірде.
Бала бол деп зейінді,
Мейір құйған көңілге.