Сценарий Шақыру, оформление, аппарат,бишілердің киімі


Айғаным: Жоқ. Бір-біріңнің сырыңды ұқ, Суымайтын жылылық. Батыл



бет2/4
Дата01.04.2022
өлшемі22,15 Kb.
#29576
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
8 наурыз сценарий

Айғаным:

Жоқ.


Бір-біріңнің сырыңды ұқ,

Суымайтын жылылық.



Батыл:

Мөлдіреген мойылдай көзің бе?



Айғаным:

Жоқ.


Бір-біріңді қимай, жарасып жүрген кезің.

Батыл:

Сұқтандырған сырт сымбатың ба?



Айғаным:

Жоқ.


Жүрегіңмен жазып жүрген нұр хатың.

Батыл:

Киім бе, әлде сәнді тігілген?



Айғаным:

Жоқ.


Жарастығың — құдайдай әмсе жүгінген.

Батыл:

Сұлу сөз бе, ағылған?



Айғаным:

Жоқ.


Ақ көңілің — ағынан ақтарыла жарылған.

Батыл:

Айғаным, яғни сұлулық адамшылықта екен ғой. Ал адамшылық ананың ақ сүтімен даритын асыл қасиет. Жақсылық пен жарастықтың бастауы, сұлулықтың себебі ана екен ғой.



Айғаным:

Дұрыс айтасың Батыл. Ендеше әдемі диалогымызды әсем әнмен жалғастырсақ. Ортада күміс көмей әншіміз Махамбетова Фариза. «Ананың қадірін біл» әнімен.



Ән айтылады

Батыл:

Бесікте – Ана, бесікте – бөбек:

Бірі тербеледі, бірі тербетеді.

Бал-бөбек былдыр, өсіп те келед,

Анаға жалғыз, сол жетеді.

Айғаным:

Тербейді Ана қуанышты, бақытты,

тербейді Ана – тебіренеді жаны шын.

Тербейді Ана уақытты;

Барлық әлем – бір-ақ бесік Ана үшін.

Тербейді Ана бөбегін,

Сол арқылы тербетеді өз елін,

Құмын, тауын, өзенін.

Тербейді Ана көлеңкені, шуақты –

Планетаның алақаны сияқты...



Батыл:

Иә, аналар алақаны әрқашан ыстық, әрқашан мейірімділікке толы. Студент қыздарымыз да ана қасиетін ардақтайтын өлең шумақтарын дайындаған екен. Ендеше, поэзия минутына кезек берсек.



Қуанбекқызы Аймереке, Кеулімжаева Аружан, Жанызакова Эльмира, Максимова Нұрия, Мысырқызы Маржан, Құдайберген Аяжан

Батыл:

Айғаным, Т.Молдағалиевтің Әйел сенің ақылшың өлеңін оқып көріп пе едің? Мына бір жолдары мені еріксіз әйелдер қауымына бағындырып, сый құрметімді одан әрі арттырып қойды:

Әйел – сенің ақылшың да, айбарың,

Ол барында естімейсің қайғы әнін.

Әйел – сенің күзетшің де, сақшың да,

Әйел – сенің мерекең де, мейрамың.



Айғаным:

Иә, Батыл. Әйел үйдің берекесі, қуанышы. Біз оқып жүрген әдеби шығармалардың кейіпкерлер әлемі де әйелдің құдіретін асқақтатып, ананың беделін үстем, қыз баласының қадіретін жоғары етіп тұрған жоқ па? Мысалы Абай жолынан таныған Зере анамыз. Зере біздің санамызда мәңгілік тектілік пен ардақтылықтың үлгісі ретінде қалды емес пе? Абайға тәлім берген Ұлжан да, қайсар бейнесімен танылған Ақбілек те, табиғатынан зерек Жамал да, көркем мінезді Шұға да , бауырларына қамқор Қамажай да ел жадында қазақ қызының үздік образымен танылған.



Батыл:

Олай болса Айғаным, осы тақырыпты одан әрі өрбіту үшін студенттеріміз дайындаған «Үш қыз» әңгімесінің желісімен дайындалған көрініске назар аударсақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет