Көрініс
Айғаным:
Қазақ қызы!
Көрмедім мен осындай қайраткерді,
басқар десе, басқарды аймақты, елді.
Бесігін де тербетіп, үйін де ұстап,
айда десе, комбайн айдап берді.
Батыл:
Қорға десе, Отанды, басын тікті,
атын жазып кітапқа асыл түпті.
Қазақ қызы жасаған ерліктерге
қайран қалды басы асау ғасыр тіпті!
Айғаным:
Ұға білген мезгілдің кезеңін кең,
өлең жазса, өрнекті сөзі өрілген.
Күте білген ақылмен азаматын,
қиындыққа сабырмен төзе білген.
Батыл:
Ғылымы жоқ меңгеріп, бой ұрмаған.
Ұлылықпен қозғаған ойын қоғам.
Қазақ қызы —
қазақтың мақтанышы,
ерлігіне ескерткіш қойылмаған!
Айғаным, мағыналы жыр шумақтарын сұлу қыздарымыздың әсем биімен көркемдесек. Ендеше, ортада қазақ биімен Қф 202 топтың биші қыздары!
Айғаным:
Батыл, мені толғандырған бір сұрақ бар. Ортаға қыздарымыз шыққанда көзің бал бұл жайнап кетті. Осы саған қыздарымыздың қайсысы ұнайды? Мың бұралған Сезім бе, тәтті даусымен таңғалдырған Фариза ма, білімімен ерекше Мерей ме, қылығымен тәтті Мадина ма?
Батыл:
Айғаным, сен мені қиын жағдайға қалдырдың ғой. Қыздарымыздың бәрі сұлу, бәрі ақылды. Жер жүзін мың шарласам да, қайта келіп қазақ қызын таңдар едім. Тіпті біздің филология факультетінің арулары бәрінен ерекше ме деп ойлап қаламын. Себебі олар университет қабырғасында біліктілігімен, отбасында аяулы ана, адал жар бейнесімен көрікті Дәрменқұлова Рая, Егізбаева Назыкен, Жеткергенқызы Гүлмира апайларымыздың шәкірттері.
Айғаным:
Дұрыс айтасың, Батыл. Дәл осы жауапты өзім де күтіп едім. Олай болса, Қалибек Аружан мен Жалғасова Алия, Қуаныш Шынайым дайындаған тіл саласына үлкен үлес қосқан ғалымдарымыз жайлы ақпаратқа кезек берсек.
Достарыңызбен бөлісу: |