Сценарий
Шақыру, оформление, аппарат,бишілердің киімі
Көрініспен басталады: Димаш, Данияр, Батыл,Бақнұр
Акерке, Аяулым
Айғаным:
Қайырлы күн, бүгінгі кешке жиналған көрермен қауым.
Батыл:
Армысыздар. Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Айғаным:
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз деген халқымыз қыз баласының орнын да, дәрежесін де бәрінен биік еткен. Жанын көркем, мінезін асыл, серігін тәрбие етіп тәлім берген.
Батыл:
Олай болса, ардақты аналар, аяулы ұстаздар, құрметті студенттер, кеш қонақтары сіздерді айтулы мерекемен тағы да құттықтай отыра, кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Айғаным:
Батыл? Ең алдымен атақты мерекенің тарихы туралы сөз етсек. Алғаш рет бұл мереке 1911 жылы 19 наурызда Австрия, Дания, Германия және Швейцария елдерінде аталып өтілді. Мерекені атап өту 1912 жылдың 12 мамырында өз жалғасын тапты. Кейінгі жылдары Еуропа әйелдері 8 наурызды соғысқа қарсы наразылық білдірумен өткізген болатын.
Батыл:
Иә, Айғаным. Кеңес Одағы құрылған жылдан бастап 8 наурыз мемлекеттік мейрам мәртебесіне ие болды. 1965 жылы бұл күн демалыс болып жарияланды. Жыл сайын 8 наурызда мемлекет әйел құқығының қорғалуына байланысты жүргізілген шаралар туралы есеп беретін. Уақыт өте келе бұл мереке саяси келбетін жоғалтты.
Айғаным:
Яғни, 1975 жыл "Біріккен Ұлттар Ұйымы жылы" болғаннан соң, кеңес идеологтарының ықпалымен ресми түрде 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні болып жарияланды.
Бұл күні алты құрлық нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтап, оларға игі тілектер айтады. Көктем мезгілімен қатар келетін 8 наурыз мерекесі ТМД елдерінің барлығында кең көлемде аталып өтіледі.
Батыл:
Жақсы, Айғаным. Мерекенің тарихын біліп алдық. Енді саған бірнеше сұрақ қойсам?
Айғаным, айтшы осы әдемілік деген не?
Жұтынып тұрған сұлулық па?
Достарыңызбен бөлісу: |