Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.О.Әуезов атындағы Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Сценарий
Тақырыбы: «22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні» іс –шарасы бойынша сценарий Орындағандар: Құдайберген А.,Сейілбекова Г. Қабылдаған: Тұтқабаева М.. Тобы: МС 20-15к3
Шымкент 2021
Тақырыбы: «22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні»
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Барысы:
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер,қонақтар,« 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні»атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.
2-жүргізуші
Әнұраным көкейде жатталады,
Сонымен бейбіт күнім басталады.
Шәмші атамның шығарған асқақ әні,
Әркімнің жүрегінде сақталады
Достарыңызбен бөлісу: |