Сценарийі Тақырыбы: «Жеті ата»



бет6/7
Дата11.05.2022
өлшемі80,01 Kb.
#33989
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жеті ата, сценарий

1 Жеті  атаны  атаңдар. Бала, әке, арғы ата, баба, түп ата, тек ата.

2. Жеті қазынаны атаңдар. Ер жігіт. Сұлу әйел. Ілім-білім. Жүйрік ат. Құмай тазы. Қыран бүркіт. Берен мылтық.

3. Жеті жұтты атаңдар. Құрғақшылық. Жұт (мал қырылу). Өрт. Оба (ауру). Соғыс. Топан су. Зілзала (жер сілкіну)

4. Жеті жоқты атаңдар. Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, көлде көпір жоқ, тамда белбеу жоқ, аспанда тіреу жоқ, тауда саты жоқ, таста тамыр жоқ.

2-жүргізуші:

Қазақ халқы – сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерделеп келе жатқан халық. Ендеше келесі сайысымыз мақал – мәтелдер туралы болмақ. «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. (Мақал ішіндегі сөздер беріледі. Сол сөздер бойынша мақал құрастырып мағынасын түсіндіру.)


1-топ
1. Ақыл, мейір. (Әкеден – ақыл, анадан – мейір)
2. Кітап, білім. (Кітап - білім бұлағы, білім өмір шырағы)
3. Ата, бала. (Ата – бәйтерек, бала – жапырақ)
2-топ

1. Бала, немере. (Бала – қымбат, немере – ыстық)


2. Аттан, атадан. (Аттан тай озады, атадан бала озады)
3. Құрмет, қызмет. (Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет)
3-топ

1. Білім, ақыл. (Білім тозбайды, ақыл азбайды)


2. Қалса игі, қуса игі. (Атадан бала қалса игі, ата жолын қуса игі)
3. Отан, ел. (Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы)
4-топ

1. Әке, ана, бала. (Әке – асқар тау, ана – етегіндегі бұлақ, бала – жағасындағы құрақ)


2. Өзі қалғаны, ізі қалғаны. (Атадан ұл қалса – өзі қалғаны, қыз қалса – ізі қалғаны)
3. Әдепті бала, әдепсіз бала. (Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет