Жеткіншектің кезеңінің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі арлықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V сыныпқа өсумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін. Жеткіншек кезеңінің баланың дамуыдағы ерекше орны оны «өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын» кезең деген атауларды бейнеленген. Бұл атауларды осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірден екіншісіне өтуімен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Балаң жастық –адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу қосу-алу 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу қосу-алу 10 ай). Самағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылданумен байланысты. Спорттың кейбір түрлеріне балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең. Кемелдік жастың өзіндік даму ерекшеліктері.
Кемелдік – шақ ең ұзаққа созылатын адам дамуын кезеңі (30-60 жас аралығы) көптін арасында бұл кезеңді қалыптастыру мәселесі талас туғызып жатады. Біреулер бұл кезеңді (зейнетке кету кезеңі) деп анықтаса, енді біреулері «нағыз қоғам өмірін гүлдендіретін» кезең деп анықтама береді. Э. Эриксонның пікірінше, кемелдік шақ 25-тен 65- жасқа дейін созылады, яғни өмірдің 40 жыл уақтын алады деген сөз.
Кемелдік кезеңдегі даму, әдетте, оның психологиялық жасының динамикасы мен байланысты болып келеді. Бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бір-бірімен сәйкес емес жастың үш түрін топтастыруға болады: