Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата29.12.2016
өлшемі1,88 Mb.
#678
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

паралингвис-тикалық
жəне 
экстралингвистикалық  белгiлер  жүйесi  де  қолданылады.  Паралингвистикалық
қосымшалар - бұл  дауыс  ырғағы,  əуенi,  ал  экстралингвистикалық  дегенiмiз  сөз 
барысындағы iркiлiс, сонымен бiрге жөтелу, жылау, күлу. 
Қорыта  айтқанда,  сөздiк  емес  тiлдесудiң  қай  түрi  де  сөз  алысу  барысында  өте 
маңызды жəрдемшi (кейде дербес) роль атқара отырып, сөз мəнiсiн күшейту не кемiтумен 
бiрге,  əңгiмелесуге  қатысқандардың  ниеттерiн  бiлдiредi.  Сөзбен  бiрге  қолдана  отырып, 
вербалды  емес  белгiлер  де  адамдардың  өзара  байланысты  қызмет  əрекетiн 
ұйымдастыру үшiн қажеттi ақпарат алмасуын қамтамасыз етедi. 
Ишара,  емеурiн,  қимыл  əлiппесiн  бiлетiн  адам  қарсы-ластарының,  əрiптестерiнiң 
сырын еш қиналмай-ақ ұғып, қандай жағдайда қалай əсер етудiң жолдарын пайдаланады, 
өз мүддесiн жүзеге асыру үшiн түрлi əрекеттерге барады. Тiптi адамның бетiне қарағанда, 
қай нүктенiң қалай əсер ететiнiн, қай тұстан қандай қуат келетiнiн iштей түсiнiп, қалауына 
орай  нəтижеге  жетуге  əбден  болады.  Тек  пиғыл,  ниет  таза  болсын.  Адамның  ойлау 
мазмұнынан төгiлетiн пайда, зиянның өлшемi шексiз. Əрбiр сөз, əрбiр əлiппенiң өз саны, 
өз  жүйесi  бар,  əрбiр  əрiптiң  өз  иесi  бар.  Бiреудi  жөн-жосықсыз  ренжiту,  қиянат  жасау, 
қалай болса,  солай сөйлеудiң түпкi  тамырында магниттi толқындар жасырынған. "Жақсы 
сөз - жарым  ырыс", "Жылы-жылы  сөйлесең,  жылан  iнiнен  шығады", "Жүйелi  сөз  жүйесiн 
табады, жүйесiз сөз иесiн табады" дейдi. Науқасты сөзбен құлан таза айықтыруға болады, 
сөзбен  өлтiрiп  жiберуге,  тыпырлатпай  тастауға  болады.  Сөз  төркiнiн  түсiнгендер  мұны 
жақсы бiледi.      
  
  
  
  
  
  

Қайталау жəне бекiту сұрақтары 
1.  Тiлдесудiң адам өмiрiндегi маңызы қандай? 
2.  Тiлдесудiң мəнi неде? 
3.  Тiлдесу процесiнiң қай бағыттарын бiлесiз? 
4.  Тiлдесу жəне жалпы iс-əрекет арақатынастары қандай? 
5.  Тiлдесу əрекетiнiң сипаты немен анықталады? 
6.   Тiлдесу  қызметтерi  қандай  жəне  олардың  əр-қайсысы  қандай  ерекшелiктермен 
сипатталады? 
7.  Коммуникативтi процесс белгiлерi қандай? 
8.  Тiлдесудегi ақпарат жүйесiн таңбалау дегендi қалай түсiнесiз? 
9.  Тiл мен сөйлеудiң айырмашылығы неде? 
10. Сигнификативтiк қызмет дегендi қалай түсiнесiз? 
11. Сөйлесу қызметiн атқаруға ықпал жасаушы факторлар    
     қандай? 
12. Сөйлеу түрлерi жəне олардың жеке сипаттары немен ажыралады? 

ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ТАНЫМДЫҚ АЙМАҒЫ
 
  
9-дəрiсбаян
 
  
ЗЕЙIН
 
  
Жоспары:   1. Зейiн жөнiнде түсiнiк.  
2. Зейiн түрлерi.  
                        3. Зейiнннiң  физиологиялық негiзi.  
4. Зейiннiң негiзгi қасиеттерi. 
  
1. Зейiн жөнiнде түсiнiк 
             Психикалық  iс-əрекеттiң  мақсат  бағдарлы  жəне  нəтижелi  болуы  үшiн  адам  ең 
алдымен  өзiнiң  ой-санасын  iстеп  жатқан  əрекетi  мен  сол  əрекет  нысанына  тоқтата  бiлуi 
қажет.  Əдемi  сурет  салуға  бекiнген  баланы  көз  алыңызға  келтiрiңiз.  Сурет  затын,  оның 
түр-түсi  мен  қағазға  қалай  орналасуын  ойластырамын  деп,  жас  суретшiнiң  жұмысқа 
шомғаны сонша,  тiптi  ата-аналарының оған  қарата айтқан сөздерiн мүлде  аңғарар  емес. 
Мұндайда  бала  зейiнiн  iстеп  жатқан  əрекетiне  шоғырлады,  назарын  қажеттi  заттарына 
аударды, басқа заттардың бəрiне алаңдамастан, өз керегiмен шұғылданды деймiз. 
             Келтiрiлген  мысал  адамның  бiр  мезгiлде  əрқандай  заттар  туралы  ойлап,  əртүрлi 
iспен  бiрдей  шұғылдана  алмайтынының  дəлелi.  Сондықтан  да  оның  санасы  белгiлi 
мезеттiң əрбiр бөлiгiнде өзiне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мəндi 
тараптарына бағытталады. 
             Ой-сананың  бағытталуы  деп  ең  алдымен  психикалық  əрекеттiң  таңдамалылық 
сипатын,  нақты  объектi  күнi  бұрын  ниеттi iрiктеуiн,  не  оған  мəн  бермеуiн  айтамыз. 
Бағытталу  түсiнiгi  сонымен  бiрге  iс-əрекеттiң  бiршама  уақыт  аралығында  өз  сипатын 
сақтап  тұра  алу  қасиетiн  де  қамтиды.  Зейiндi  болу  үшiн  қандай  да  бiр  iстiң  түрiн  таңдап 
қана алу жеткiлiксiз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық 
процесте  оқушылар  зейiнiн,  анау  не,  мынау  зат  не  деп, iске  бағыттау  онша  қиындық 
тудырмайды, əңгiме төркiнi сол зейiн бағытын қажеттi уақыт аралығында сақтап тұру. 
             Зейiн  сөзi  сонымен  бiрге  бiздiң  ой-санамыздың  белгiлi iс-əрекетке  шоғырлануы 
мен  шому  мағынасын  да  бiлдiредi.  Адам  алдында  тұрған  мiндет  неғұрлым  қиын  болса, 
зейiн де соғұрлым күштi əрi өткiр болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, зейiн салудың 
күшi де кемiрек келедi. 
            Өз кезегiнде зейiн шоғырлануы ой-сананы қажетсiз объектердiң бəрiнен ауыстыра
алумен  де  байланысты.  Зейiн  күшi  толығымен  нақты  бiр  iстiң  шешiмiне  бағышталған 
шақта, төңiректегi қалған заттардың бəрi бiз үшiн елес күйiнде байқалады. 
            Сонымен, қандай да бiр затқа зейiн қоюымыздан, ол зат бiздiң санамыздың төрiнен 
орын  теуiп,  қалған  дүние  деректерiнiң  бəрi  сана  аймағының  шектерiне  ығыстырылады. 
Осыған  орай  зейiн  аударылған  заттың  санамыздағы  бейнесi  нақты  айқындалып,  ол 
жөнiндегi  елестер  мен  ойлар  iс-əрекет  мақсатына  жеткенше,  санамызда  бекiген  халде 
сақталады. Осыдан, зейiн iс-əрекеттi бақылау жəне реттеу қызметiн де атқарады. 
            Зейiн, əдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыс-тарында көрiнедi. Сырттай-
ақ  зейiндi  тыңдап  отырған  оқушыны  зейiнсiзiнен  айыруға  болады.  Ал  кей  жағдайларда 
зейiн  қоршаған  дүние  емес,  адам  санасындағы  ойлар  мен  бейнелерге  де  бағытталады. 
Мұндай  жағдайдағы  зейiн  интеллектуалды  деп  аталып,  ол  сезiмдiк  зейiннен  бiраз 
өзгеше келедi. Ал ой-сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына 
қимылдық  зейiн  алынады.  Мұның  бəрi  зейiннiң  дербес  танымдық,  өз  мазмұнына  ие 
болмай, өзге танымдық процестердiң қосалқы қызметтерiн атқаратынын дəлелдейдi. 
             Зейiннiң  мұндай  қызықты  да  қайшылықты  қасиет-терi  ғалымдар  назарына  түсiп, 
оның пайда болуы мен мəнiн əрқилы пайымдауға негiз бердi. Зейiн табиғатын түсiндiруде 
Н. Н. Ланге ғылымда қалыптасқан келесi тұжырымдар тобын алға тартады: 
            1. Зейiн қимылдық икемделудiң нəтижесi. Мұндай пiкiр келесi негiзде туындаған: 
зейiннiң бiр заттан екiншi затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкiн емес, қимыл 
нəтижесiнде ғана сезiм ағзалары қабылдау үшiн тиiмдi жағдайларға икемдеседi.

             2.  Зейiн  сана  аумағының  шектеулi  болуынан  туындайды.  Сана  аумағы  мен 
ауқымының  қандай  мəнге  ие  екенiн  түсiндiрiп  жатпастан,  И.  Герберт  пен  У.  Гамильтон 
күштi елестердiң əлсiз елестердi ығыстыратынын немесе тежейтiнiн алға тартады. 
             3.  Зейiн  көңiл-күй  нəтижесi.  Ағылшын  психоло-гиясында  кең  өрiстi  дамыған  бұл 
теория зейiннiң алға қойылған ниетке тəуелдiлiгiне негiзделедi. Дж. Миль "ұнамды немесе 
жағымсыз  сезiмге,  не  идеяға  бөлену  мен  сол  факторларға  зейiндi  қатынас  екеуi  де  бiр 
нəрсе" - деп тұжырымдайды. 
            4. Зейiн өткен тəжiрибенiң нəтижесi, яғни адам бiлген, таныған затына ғана ден 
қояды. 
             5.  Зейiн  рухтық  сананың  ерекше  белсендiлiк  қабiлетi.  Зейiн  құбылысының 
ғажайыптығына  таң  қалған  кей  психологтар  оны  пайда  болуы  түсiндiруге  келмейтiн  əу 
бастан бар белсендi қабiлетпен баламалайды. 
            6. Зейiн жүйке тiтiркендiргiштерi күшейуiнiң нəтижесi. Бұл гипотезаға орай зейiн 
орталық  жүйке  жүйесiнiң  мекендi  тiтiркену  қабiлетiнiң  ұлғаюынан  пайда  болады  деп 
түсiндiрiледi. 
             7. Жүйкелiк тежелу теориясы зейiннiң негiзгi себебiн төмендегiше пайымдайды: 
алғашқы  физиологиялық  жүйке  процесiнде  қаланған  елестер  соңғы  басқа  елестер  мен
қозғалыстардың физиологиялық процестерiнен басымдау келедi, осыдан сананың ерекше 
шоғырлануы туындайды. 
             Қазiргi  заман  психологтарының  зейiндi  түсiндiруге  байланысты  пайымдаулары  П. 
Я. Гальперин еңбектерiнде келтiрiлген. Олар келесiдей: 
 Зейiн  бағыттау-зерттеушiлiк  iс-əрекеттiң  бiр  кезеңi,  осыдан  зейiн  адам 
психикасында  нақты  бiр  мезетте  пайда  болған  бейнелер  мен  ой  мазмұнын  тұрақтатуға
бағышталған психологиялық əрекет; 
 Өз  қызметi  бойынша  зейiн  осы  мазмұнға  қойылған  бақылау.  Əр  адам  əрекетi 
бағыттау,  орындау  жəне  бақылау  бөлiктерiнен  тұрады.  Осы  тiзбектегi  үшiншi iс  зейiн 
арқылы орындалады; 
 Белгiлi  өнiм  шығаруға  бағытталған  əрекеттен  ерекше  зейiннiң,  яғни  бағыттаудың, 
өз алдына нəтижесi болмайды; 
 Психикалық бақылау əрекетi ретiнде танылған құбылыс тұрғысынан зейiннiң əрбiр 
нақты көрiнiсi жаңа ақыл-ес ептiлiктерiнiң пайда болу iзiмен туындайды. 
             Аталған  теориялар  нақты  деректерге  негiзделгенi  сөзсiз,  бiрақ  əрқайсысы  өздерi 
ұстанған зейiн белгiлерiн асыра көтерiп, қалғандарын елемеуге тырысады. Ал, шын-дыққа 
жүгiнсек,  зейiннiң  мəн-мағынасын  оған  байланысты  барша  қасиеттер  мен  сапаларды
өзара  бiрiктiре  талдау  негiзiнде  түсiну  мүмкiн.  Осы  тұрғыдан  қазiргi  уақытта  зейiннiң 
келесiдей анықтамасы қабылданған. 
             Зейiн - бұл  кiсiнiң  сезiмдiк,  ақыл-ес  жəне  қимылдық  белсендiлiгiн  көтеруге  қажет 
дүниелiк не идеалды нысанға сананың бағытталуы жəне шоғырлануы. 
  
2. Зейiн түрлерi 
            Өзiнiң пайда болуы мен iске асу жағынан, əдетте,  зейiн ырықсыз жəне ырықты
болып екi түрге бөлiнедi. Ырықсыз зейiн - ең қарапайым жəне адамда алғашқы көрiнетiн 
психикалық процесс, оны сонымен бiрге енжар, ерiксiз деп те атайды, себебi ол адамның 
алдына қойған мақсатына тəуелсiз туындайды əрi əрекетке қосылады. Орындалып жатқан 
iс  адамды  өзiнiң  қызықтылығы  жəне  тосындылығымен  ерiксiз  баурап  алады.  Ырықсыз 
зейiннiң  пайда  болу  себептерi  əртүрлi,  олар  iс-əрекет  иесiнiң  дене-тəндiк, 
психофизиологиялық жəне психикалық кейiп-қалпымен байланысты келiп, өзара ықпалды 
қатынасынан туындайды. Ол себептердi бiрнеше категорияға келтiрiп қарастыру мүмкiн. 
            Бiрiншi себептер категориясына тiтiркендiргiш əсердiң сипаты мен сапасы жатады. 
Олардың  iшiнде  ең  алдымен  ескеретiнiмiз  əсер  күшi  мен  қарқындылығы.  Елестетiңiз: 
оқушы жазба жұмысын орындап отыр, оның жұмысқа құныққаны сонша, көшедегi не үйдегi 
анау-мынау жеңiл сыбдыр-шуды тiптi аңғарар емес. Ал кенеттен өз столынан түсiп кетiп, 
"тарс" ете қалған заттың дыбысы, оны ерiксiз мойын бұруға мəжбүр етедi . Əрдайым күштi 
тiтiркену  əсерi,  айқай-шу,  көз  қарықтырар  жарық,  екпiндi  соққы,  ащы  иiс,  дəм   бiздiң 
зейiнiмiздi  ерiксiз  тартады.  Мұндайдағы  зейiнiмiздiң  аударылуы  əсердiң  шектен  тыс 

күштiлiгiнен  емес,  сол  əсердiң  қалыпты  жағдайға  орайлас  не  орайсыздығынан.  Мысалы, 
үйде  ванна  құбырларындағы  ұдайы  болып  тұратын  су  гуiлiн  күндiз  тiптi  байқамаймыз  да 
аңғармаймыз, ал сол гуiл түнде күшейiп кететiндей, кейде ұйқы бермейдi. 
            Аталған себептер тобына тiтiркендiргiш əсердiң жаңалығы мен тосындылығы да 
кiредi. Бұл тұрғыдан жаңалық деп бұрын бiлмеген, көрмеген зат, құбылыстар əсерiн ғана 
емес,  сонымен  бiрге  бiрдейiне  ықпалында  болып  жүрген  əсерлерiмiздiң  физикалық 
қасиеттерiнiң өзгерiсi немесе орын ауысуынан туындаған тiтiркендiргiштердi танимыз. 
             Адамның  көңiл-күйiне,  мұқтаждық-қажетсiнуiне  сəйкес  тысқы  тiтiркендiрушi 
əсерлер  ырықсыз  зейiн  туындатушы  себептердiң  үшiншi  тобын  құрайды.  Мысалы,  аш 
адам мен тоқ адамның тағам жөнiндегi əңгiменi, болмаса оның иiсi мен дəмiн қабылдауы 
бiрдей емес. 
            Зейiн себептерiнiң, төртiншi тобы тұлғаның жалпы бағыт-бағдарына байланысты. 
Мiне осыдан, көше бойлап келе жатып, аула тазалаушының назары қоқысқа түседi, тəртiп 
сақшысы - орынсыз  тұрған  машинаны  аңғарады,  ал  архитек-тор  не  суретшi - ежелгi 
ғимараттың  сəнiне  сүйсiнедi.  Адамның  бағыт-бағдары  сонымен  бiрге  оның  бұрынғы 
тəжiрибесi  мен  қалыптасқан  сезiмдiк  күйiне  де  байланысты.  Ырықсыз  зейiннiң  аса 
маңызды  себептерi,  сонымен,  бiздi  қызықтырып,  эмоционалды  кейпiмiздi  өзгерiске 
түсiретiн заттар, жағдайлар, құбылыстар. 
             Ырықты  зейiннiң  ырықсыз  зейiннен  ерекшелiгi  оның  саналы  мақсатқа  тəуелдi 
келуi.  Зейiннiң  бұл  түрi  адам  еркiмен  тығыз  байланыста  болып,  оның  еңбектiк  күш 
салуларының  нəтижесiнде  пайда  болады,  сондықтан  да  ырықты  зейiн  ерiктi,  белсендi, 
ниеттелген  деп  те  сипатталады.  Қандай  да  бiр  шешiмдi  қабылдай  отырып,  бiз  iске 
кiрiсемiз, сол iс бiз үшiн сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейiн қойып, оны орын-дауға 
өзiмiздi  мəжбүрлеймiз.  Ырықты  зейiннiң  басты  қызметi - психикалық  процесс  ағымын 
белсендi түрде реттеп бару. 
             Ырықты  зейiн  себептерi  биологиялық  емес,  əлеу-меттiк:  ол  тəнмен  бiрге 
берiлмейдi,  сəбидiң  ересектермен  қатынасқа  келу  барысында  қалыптасады.  Л.  С. 
Выготский  зерттеулерi  анықтағандай,  зейiн  қызметi  алғашқы  даму  кезеңiнде  сəби  мен 
ересек  адам  арасында  бөлiнген:  ересек  қоршаған  ортадан  нысанды  бөле  көрсетiп,  оны 
сөзбен баламалайды, ал бала ым, ишараны байқаумен, затты танып, не сөздi қайталап, 
сигналға жауап қайырады. Осылайынша, қажеттi затты бала тысқы өрiстен бөлiп алады. 
Кейiн  жас  бала  өз   бетiнше  мақсат  қоюға  үйренедi.  Ырықты  зейiн  дамуы  сөз,  сөйлеумен 
тiкелей  байланысты.  Баладағы  ырықты  зейiннiң  қалыптасуы  алғашқыда  оның  өз  қылық-
əрекетiн  үлкендердiң  ауызша  нұсқауларына  бағындыруына  тəуелдi,  ал  содан  соң,  тiл 
қабiлетiнiң артуымен өз əрекетiн өзiнiң ауызша талапта-рына көндiруiне байланысты. 
             Сапалық  жағынан  ырықсыз  зейiннен  үлкен  айыр-машылығы  болғанымен,  ырықты 
зейiн  де  адам  сезiмдерi,  қызығулары  жəне  бұрынғы тəжiрибесiмен  орайлас  келедi.  Бiрақ 
бұл факторлардың ырықты зейiн кезiндегi əсерi тiкелей емес, жанама, яғни ортаға саналы 
белгiленген мақсат енедi.  Ендi  зейiн  тiкелей  əрекетке аударылмай,  оның  мақсаттық  мəнi 
мен  кейiнгi  нəтижесiне  бұрылады.  Ал  iс-əрекет  болса,  өздiгiнен  емес,  оның  осы  мақсат 
жолында қажеттiлiгiнен ғана адамды қызықтырады. 
             Ғалым-психологтардың  кейбiрi  ырықты  зейiн  секiлдi  мақсат  бағдарлы,  бастапқы 
ерiктiк  күш  салуды  талап  ететiн  зейiннiң  жəне  бiр  түрiн  айырып  қарастырады.  Бұл  зейiн 
түрiнде адам толығымен iс-əрекетке шомады, оған ендi əрекеттiң нəтижесi ғана емес, сол 
əрекеттiң  өзi  де  мəндi  əрi  қызғылықты  болып  көрiнедi.  Мұндай  зейiн  түрiн  орыс  тiлдi 
əдебиеттерде  "послепроизвольный" (Н.  Ф.  Добрынин)  деп  атаса,  қазақ  тiлiндегi 
оқулықтарда  "үйреншiктi  зейiн"  атауымен  баламаланған  (Қ.  Жарықбаев,  А. 
Алдамұратов).  Қай  iс-əрекет  болмасын  алғашқы  кезде  оны  игеру  қаншама  маңдай  тер
төккiзiп,  қиналысқа  түсiрiп,  зорлануға  душар  ететiнi  белгiлi,  ал  кейiн  үйрене  келе, 
дағдыланудан əрекеттiң нəтижесi ғана емес, оның өзi де адамды өзiнен өзi баурап, əдемi 
орын-далуынан  көңiлдi  қуаныш  сезiмге  бөлейдi.  Əрекет  ендi  əдейi  қайталап,  еске  түсiрiп 
тұруды,  ерiк  күшiн  қосуды  қажет  ете  бермейдi,  өзiнен  өзi  орындалып  жатқандай  болып 
көрiнедi. 
             Үйреншiктi  зейiн  өзiнiң  саналы  мақсат  пен  қызығу-ларға  тəуелдiлiгiнен  ырықсыз 
зейiннен  ажыратылса,  ерiктiк  күштер  қатысынсыз  жүзеге  асуынан  ырықты  зейiннен 

ерекшеленедi. 
             Педагогикалық  процеске  орай  үйреншiктi  зейiн  үлкен  маңызға  ие.  Оқу,  тəрбие 
барысында шəкiрттердiң зейiнiн бiр қалыпты ұстау үшiн педагог олардың ерiк күшiне арқа 
сүйегенi  қажет  те  жөн.  Бiрақ  бұл  балаларды  шаршатады.  Сондықтан  шебер  педагог 
балаларды  өздерiнiң  бой,  ой  қуатын  босқа  сарп  етпей,  жұмыс  iстеуi  үшiн  сабақты 
қызғылықты,  тартымды,  ойын  əдiсiмен  өтуге  тырысады.  Оқушы  сабақта  бiреудiң 
тапсырысымен iс қылып жатырмын  деген ойдан аулақтап, өмiрiмнiң қызықты бiр мезетiн 
өтудемiн дегендей сезiмнен еңбек лəззатына бөленуi керек. 
            Үйреншiктi зейiн өзiнiң ұзақ уақыт тұрақтылығы, үстемелi ақыл-ой қызметiмен жəне 
жоғары еңбектiк нəтижесiмен сипатталады. 
  
3. Зейiннiң физиологиялық негiзi 
             Зейiннiң  физиологиялық  тетiктер  арқылы  қажеттi  де  мəндi  əсерлердi  таңдауы 
белсендi ми қызметiнiң жəне жалпы тəннiң сергектiгi арасындағы байланысынан болады. 
            Адамның сергектiк деңгейiн оның сырт кейпiн бақылай танумен бiрге мидағы əлсiз 
ток қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылы да бiлуге болады. 
Əдетте,  сергектiк 5 күйде  көрiнiс  беретiнi  дəлелденген:  терең  ұйқы,  қалғып-мүлгу
жағдайы,  сабырлы сергектiк, белсендi сергектiк, шектен тыс сергектiк. Тиiмдi зейiн тек 
сабырлы  жəне  белсендi  сергектiк  жағдайында  болуы  мүмкiн,  ал  басқа  кейiп  кездерiнде 
зейiн  сапасы  кемiп,  кейбiр  қызметтерiн  ғана  орындай  алуы  ықтимал.  Мысалы,  мүлгiген 
жағдайда адам бiр не екi əсерге ғана жауап берiп, қалған тiтiркендiргiштердi тiптi сезбейдi. 
Сондықтан  да  шаршаған  ана  ешбiр  əсердi  елеместен,  терең  ұйқыға  берiлуi  мүмкiн,  ал 
нəрестесiнiң сəл ғана дауысынан оянып кетерi сөзсiз. 
            Зейiн маханизмдерiнiң iске қосылуында бағдарлаушы рефлекстiң рөлi өте күштi. 
Бұл құбылыстың негiзi - адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерiстерiне сай 
тума  қалыптасқан  жауап  бере  алу  қабiлетi.  Мысалы,  сəл  ғана  сыбырдың  өзiнен  мысық 
елең етiп, дыбыс шыққан тарапқа құлағын түредi. Қызықты да жауапкерлi жұмысқа шомған 
оқушылар  кенет  есiк  ашылудан,  жұмыстарын  қоя  салып,  назарын  есiк  жаққа  ерiксiз 
аударады. Бұл рефлекстi                     И. П. Павлов "немене?" рефлексi деп атаған. 
             Зейiннiң  таңдамалылығы  ағзада  болып  тұратын  күрделi  процестермен 
байланысты.  Əдетте,  қоршаған  орта  арасынан  қажеттi  əсерлердi  саралап  алуда  екi  топ 
ағза  тетiктерi iске  қосылады:  перифериялық  (шеткi)  жəне  орта-лық.  Перифериялық
механизмдерге сезiм (түйсiк) мүше-лерiнiң икемдесу əрекетi жатады. Əлсiз дыбысты ұғуға 
орай  адам  дыбыс  шыққан  тарапқа  мойын  бұрады,  сонымен  бiр  уақытта  сезiмталдығын 
күшейту үшiн тиiстi бұлшық еттер құлақ жарғағын кередi. Ал күштi дыбыста жарғақ кернеуi 
босаңсып, миға өтетiн жағымсыз əсердi басады. 
             Зейiннiң  орталық  тетiктерi  бiр  жүйке  ошақтарының  қозуына  байланысты  басқа
жүйке көздерiнiң тежелуi негiзiнде iске қосылып барады. Туындау əсерi күштi болған қозу 
өзiмен бiр уақытта жүрiп жатқан əлсiздеу процестi басып, психикалық iс-əрекеттiң бағыт-
бағдарын  айқындап  отырады.  Сонымен  бiрге,  бiр-бiрiне  қуат  қосатын  бiр  уақыттағы 
əлденеше тiтiркендiргiштердiң бiрiгiп, əрекетке түсуi де мүмкiн. Қозулардың мұндай өзара 
байланысты  ықпалы  қажет  болған  əсердi  таңдап,  психикалық  əрекеттiң  белгiлi  бағытта 
жүруiне негiз қалайды. 
             Зейiн  əрекетiнiң  физиологиялық  көрiнiсiн  түсiнуде                Ч.  Шеррингтон  ғылыми 
дəлелдеп, кейiн И. П. Павлов кең қолданған жүйке процестерiнiң индукция заңы үлкен 
маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабығының бiр аймағында туындаған қозу оның басқа 
бөлектерiнде  тежелу  пайда  етедi (бiр мезгiлдi  индукция) немесе  мидың  сол бөлiгiндегi 
тежелумен орын ауысады (бiрiздi индукция), себебi нақ  қозу пайда болған аймақ өзiнiң 
сол қозу үшiн тиiмдi жағдайымен ерекшеленедi, сондықтан да бұл арада əсерлер жiктелiп, 
сарапталады, жаңа шартты байланыстар түзiледi, яғни бұл аймақ нақ сол мезетте - үлкен 
ми  сыңарларының  жасампаз,  шығармашыл  бөлiгi  сипатына  ие.  Ал  мидың  басқа 
бөлiктерiнiң  қызметi  бұл  уақытта  адамның  астар  саналы  немесе  автоматтандырылған
əрекетiмен байланысып жатады. 
             Зейiннiң  физиологиялық  негiздерiн  айқындауда  доминанта  принципi  (А.  А. 
Ухтомский)  де  жетекшi  мəнге  ие. ''Доминанта''  түсiнiгi  нақты  бiр  мезетте  жүйке  орталық-

тарының  қызметiне  ықпал  жасап,  уақытша  үстемдiк  етумен  психикалық болмысқа  бағыт-
бағдар беретiн қозу ошағын бiлдiредi. Доминантаның ерекшелiктерiне байланысты жүйке
жүйесiне  берiлiп  тұрған  импульстер  бiрiгедi  əрi  жинақталады,  сонымен  бiрге  басқа 
орталықтардың  белсендiлiгi  шектелiп,  қозу  ошағының  əрекетi  күшейе  түседi.  Үстем  қозу 
көзiнiң пайда болуына тек тiтiркендiргiштiң күшi ғана емес, бұрын болған əсерлердiң жəне 
жүйке байланыстарының өткен тəжiрибеден қалыптасқан iздерi де негiз бола алады. 
             Бiрақ  жүйке  қозғалысының  индукция  заңы  да,  доминанта  жөнiндегi  тағылимат  та 
динамикадағы  зейiн  құбы-лысын,  əсiресе  оның  ырықты  сипатын  толық  ашып  бере
алмайды. Оның себебi адамдарда жануарларға тəн болмаған өз зейiнiн мақсат бағдарлы 
басқара  алу  қабiлетiнiң  болуында.  Мақсат  қою  мен  оны  нақтылап  отырудан  зейiн 
туындайды,  тұрақталады  жəне  ауысып  тұрады.  Қозудың  басымдау  ошағының  пайда 
болуын  бiрiншi  жəне  екiншi   сигналдық  жүйкелердiң  өзара  ықпалды  байланысымен 
түсiндiрген  жөн,  себебi  қозу  тiлдiк  (екiншi)  сигналдың  таңдамалы  иррадиация-сымен 
бiрiншi  сигнал  жүйесiне  өтедi.  Өз  кезегiнде,  алғашқы  тiтiркендiргiштер  сөздiк  баламаға 
келiп,  мақсатты  нақтылауға  себiн  тигiзедi  де  қажеттi  қозу  көзiнiң  одан  əрi  күш  алуына 
көмектеседi. 
             Сонымен,  зейiн  табиғаты  өзара  бiр-бiрiне  тəуелдi  байланыста  болған  ми 
құрылымының бiртұтас жүйесiнiң iс-əрекетiмен байланысты, бiрақ олардың зейiн түрлерiн 
реттеудегi ролi бiрқалыпты емес. 
  
4. Зейiннiң негiзгi қасиеттерi 
             Айтқанымыздай,  зейiн  сананың  белгiлi  нысанмен  байланысын  байқатып,  оған 
бағытталуын  бiлдiредi.  Осы  бағытталу  ерекшелiктерi  зейiн  қасиеттерiн  айқындайды.  Бұл 
қасиеттер тобына зейiннiң тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлiнуi, ауысуы жəне көлемi кiредi. 
Түрақтылық - зейiннiң  уақыт  аралығына  байланысты  сипаты  болып,  оның  белгiлi  бiр 
нысанға  көзделу  мерзiмiнiң  ұзақтығын  аңдатады.  Түрақтылық - перифериялық  (шеткi) 
жəне  орталық  жүйке  факторларына  тəуелдi.  Эксперименттiк  зерттеулерге  қарағанда, 
зейiн  белгiлi  уақыт  аралығында  қайталанып  отыратын  ырықсыз  тербелiс  сипатында 
болады.  Бұл  тербелiстердiң  уақыт  ұзақтығы 2-3 секундтен 12 секундқа  дейiн  созылуы 
мүмкiн (Н. Ланге). Мысалы, сағат тықылына зейiн қоятын болсақ, бiрде ол тықыл естiлiп, 
бiрде  байқалмайтынын  сеземiз.  Ал  күрделi  объектерге  назар  аударсақ,  ондағы 
тербелiстер  басқаша - заттың  кейде  бiр  бөлiгi,  екiншiде  басқа  бөлiгi  фигура  түрiнде 
елестейдi.  Бiрақ  ескеретiн  жəйт:  шын  мəнiнде,  зейiннiң  өте  қысқа  уақыт  аралығындағы 
майда  тербелiстерi  жалпыланған  заңдылық  сипатына  ие  емес.  Бiр  жағдайда  зейiн  жиi, 
ауыспалы  қысқа  тербелiстерге  келетiн  болса,  ендiгi  бiр  жағдайларда  ұзақ  мерзiмдi 
тұрақтылығымен сипатталады. 
             Қазiргi  күнде  дəлелденгендей,  зейiн  тұрақтылығының  ең  бiр  мəндi  шарты  -
назардағы нысанның жаңа тараптары мен байланыстарының ашылу мүмкiндiгiнiң болуы. 
Алға  қойылған  мақсатқа  орай  зат  көзге  алынып,  оның  бөлiктерiнiң  өзара  байланыстары
мен  бiр-бiрiне  кiрiгулерiнiң  жаңа  қырларын  ашатын  болсақ,  зейiн  ұзақ  уақыт  өзiнiң 
тұрақтылығын  жоғалтпайды.  Ал  назарға  алынған  заттың  мазмұны  одан  əрi  зерттеуде 
өзiнiң  жаңа  ерекшелiктерiн  таныту  мүмкiндiгiне  ие  болмаса,  зейiн  күйзелiске  келiп, 
алаңдауға  түседi.  Басқаша  айтсақ,  қандай  да  бiр  нысанға  бағытталған  зейiннiң  тұрақты 
болуы  сананың  қозғалысты  қалпына  байланысты.  Көздеген  нысанымыз  дамуда  болып, 
өзiнiң жаңа мазмұнымен ашылып баруы қажеттi. 
            Егер де зейiн барша жағдайларда тұрақсыздығымен көрiнiс тапса, онда қандай да 
ақыл-ой  жұмысы  болуы  мүмкiн  емес.  Кезегiнде,  затты  тануға  ақыл-ой  əрекетiнiң 
араласуымен  зейiн  тұрақтылығы  күшейе  түседi.  Сонымен  бiрге,  зейiн  тұрақтылығы 
бiршама  жағдайларға  байланысты  болып  келедi.  Олардың  iшiнде:  материал  ерекшелiгi, 
оның  қиындық  деңгейi,  бұрыннан  таныс,  не  белгiсiз  болуы,  түсiнiктiлiгi,  субъектiнiң  оған 
деген қатынасы, сондай-ақ зерттеушi-үйренушiнiң даралық қасиеттерi. 
            Зейiннiң шоғырлануы - оның белгiлi бiр нысанға бағытталып, онда топталу күшi 
мен  дəрежесi,  яғни  психика-лық  немесе  саналы  iс-əрекеттiң  толығымен  қажеттi  нүктеге 
шөгуi.  Зейiннiң  шоғырлануы  ми  қабығындағы  қозу  ошағы-ның  доминанттық  қызметiмен 
тiкелей  байланысты                       (Н.  А.  Ухтомский).  Дəлiрек  айтсақ,  шоғырлану  нысанды 

ошақтағы  қозудың  жəне  сонымен  бiр  уақытта  жүретiн  бас  ми  қабығындағы  басқа 
аймақтардың тежелуiнiң салдарынан келiп шығады. 
            Зейiннiң бөлiнуi деп адамның өз зейiнiнiң ауқымында бiр уақытта бiрнеше əртүрлi 
нысандарда  ұстай  алу  қабiлетiн  түсiнемiз.  Осы  қабiлетiне  орай  əр  адам  бiр  мезгiлде 
бiрнеше  əрекеттердi  өз  зейiнiнде  ұстап,  орындау  мүмкiндiгiне  ие.  Мысалы,  əйгiлi  Юлий 
Цезарь бiр уақытта өзара байланыспаған жетi iспен шұғылдана алады екен. Ал Наполеон 
өз көмекшiлерiне бiр уақыт iшiнде жетi ресми құжат бойынша көрсетпе берiп, жаздыратын 
қабiлетке ие болыпты. Бiрақ өмiр тəжiрибесi көрсеткендей, адам тек қана бiр iстi, кейде екi 
iстi  саналы  орындау  мүмкiндiгiне  ие.  Бұл  жағдайда  орындалып  жатқан  жұмыстың  бiрi 
саналы зейiндi талап етпейтiндей, автоматтандырылған дəрежеде болуы қажет. Егер бұл 
шарт сақталмаса, iс-əрекеттердi бiрiктiрiп орындау мүмкiн емес. 
             Зейiннiң  ауысуы  зейiннiң  бiр  нысаннан  екiншiсiне  саналы  жəне  байыпты  өтуiн 
бiлдiредi. Зейiннiң ауысу қасиетiнен бiз қоршаған ортаның өзгермелi, күрделi жағдайында 
жылдам бағыт-бағдар тауып отыру мүмкiндiгiне иемiз. Зейiн ауыстырудың жеңiл не қиын 
болуы  əр  адамға  əртүрлi  болып,  белгiлi  шарттарға  тəуелдi  келедi (алдыңғы  əрекет  пен 
кейiнгi  əрекеттiң  ара  байланысы,  олардың  əрқайсысына  болған  субъектiнiң  қатынасы). 
Орындалатын  қызмет  неғұрлым  қызықты  болса,  оған  зейiннiң  ауысуы  да  оңай,  ал  iске 
көңiл  соқпаса,  оған  ден  қою  да  жеңiл  соқпайды.  Зейiннiң  ауыспалылығы  саналы,  көп 
қайталанған жаттығуды талап ететiн қасиеттердiң қатарына жатады. 
            Зейiн көлемi - ерекше құбылыс. Адам бiр уақытта əртүрлi заттар жөнiнде теңдей 
ойлап,  əрқилы  жұмыстарды  орындауы  мүмкiн  емес.  Осыдан  сырттан  келiп  жатқан 
ақпараттарды  адам  өзiнiң  өңдеу  мүмкiндiктерiне  орай  топ-тап,  жiктейдi.  Сондай-ақ, 
адамның бiр уақытта өзара бай-ланысы жоқ бiрнеше нысандарды қабылдау мүмкiндiгi де 
шектеулi. Осы шектер арасын танып, қабылдауы - адам зейiнiнiң көлемiн бiлдiредi. 
            Зейiн көлемiн зерттеу үшiн адамға бiр уақытта талдануы қажет бiр топ элементтер 
ұсынылып  (сан,  əрiп  т.б.),  солардың  iшiнен  саналы  есте  қалғаны  есептеледi.  Мұндай 
есептi жүргiзу үшiн тахитоскоп аппараты қолданылады. 
            Зейiн көлемi өзгермелi құбылыс. Зейiн аймағына түсетiн элементтер саны олардың 
мазмұндық  бiртұтастығына  жəне  олар  арасындағы  байланыстарды  саналы  түсiнуге 
тəуелдi келедi. Осыдан, педагогикалық қызметте оқу материалын жүйелестiрiп беруге мəн 
аударып, оқушылар зейiнiнiң көлемiне нұқсан келтiрмеудi ойластырған жөн. 
             Зейiннiң  алаңдаушылығы - бұл  зейiннiң  бiр  нысаннан  екiншiсiне  ырықсыз 
ауысуы.  Мұндай  ауысу  қандай  да  iспен  шұғылданып  отырған  адамға  тыс  тiтiркендiргiш 
əсерлердiң ықпал етуiнен туындайды. Алаңдау сыртқы жəне iшкi болып бөлiнедi. Сыртқы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет