Сәбит Мұқанов Өмір мен шығармашылығы


Мың сәлем саған, Мәңгі жолдас майым!



бет4/11
Дата07.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#20781
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сәбит Мұқанов 1

Мың сәлем саған,

Мәңгі жолдас майым!

Сен жас жігіт боп келген сайын,

Жар жібек, барқыт киіп,

Жасыл желек,Бүркенеді үйеңкі терек қайың!

«Майға сәлем» - С. Мұқанов поэзиясындағы зор жаңалығы. Жол сандары, буын, ырғағы жағынан бұрынғы қазақ поэзиясына ұқсамайтындығы үзіндіден көрініп тұр.

1919 жылы жазылған «Бостандық» өлеңі. Бұл өлең қазан төңкерісі шын мағынада еркіндік әкелді деген кешегі күнге дейін айтылып келген ұғымға саяды.

1919 жылы жазылған «Бостандық» өлеңі. Бұл өлең қазан төңкерісі шын мағынада еркіндік әкелді деген кешегі күнге дейін айтылып келген ұғымға саяды.

Бұл бостандық көктен бізге келмеді,

Ешкім бізге сыйлап және бермеді.

Мұнда қазір ортағы жоқ өзгенің

Бұл бостандық – жұмыскердің жеңгені!

Бұл шумақтан еңбекші халыққа келген бостандықты ақынның факт ретінде ғана ұғып қоймай, оның саяси, таптық мағынасын басқаға насихаттайтынын көреміз. 


Поэмалары

«Сұлушаш»

«Жылқышы»

«Жұпархан»

«Ақ аю»

«Жұмаштың өлімі»

1956 жылы пьеса қойлымынан кейін іле Е. Бекмахановтың, Қ. Мұхамеджановтың, Ж. Мұзапаровтың, Хайруллинаның,  Шәріпованың, Қаратаевтың, Б.Аманшин мен М.Дүзеновтың, Ж.Байтанаева, Ғ.Жынысбаевалардың мақалалары шықты

Омбының, Ленинградтың (Санкт-Петербор) мұрағаттары мен кітапханаларында болып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинаған

«Шоқан Уәлиханов» драмасында драматург жалғыз Шоқан басындағы түрлі тартысқа толы өмірді ғана емес, бүкіл қазақ халқының басындағы қым-қуат трагедияға толы жайттарды қоса қамтыған. 

Пьеса қазақ академиялық драма театры сахнасында 1956 жылы 12 мамырда қойылды. Шығарма орыс тілінде 1944 жылы, қазақ тілінде 1954, 1955 жылдары  жарияланады

Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді

Пьесадағы кейіпкерлер саны көп емес, небары 13 адам. Кейіпкерлердің көпшілігі белсенді әрекетке араласпайды, негізгі дегендері 5-6-ы ғана.

«Қашқар қызы» пьесаның негізгі арқауы болып Шоқан Уәлихановтың Омбы кадет корпусын аяқтағаннан кейін патша үкіметінің арнаулы тапсырмасымен Қашқар еліне барған сапары алынған.

Екі актілі, сегіз суретті тарихи драма ХIX ғасыр тұсында Қашқар қаласында болады.

Сәбит Мұқанов 1926 жылы күрделі кесек поэмасын жазып бастаған

1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналында шыққан

Жазылып болғаннан кейін бір топ ақынмен оқып талқылаған, Сүйікті жары Мариямның алтын шашына арналғанын мақтаныш етеді.

Мариям Мұқанованың «Менің Сәбитім», «Сағынышым Сәбитім» естеліктерінде Мариям апай былай дейді:"Мен он алты жасымда Сәбитке тұрмысқа шықтым. Сәбит екеуміз 47 жыл бірге өмір сүрдік... Сәбиттің жиі айтар сөзі "шашыңнан айналайын Мәриям" болушы еді. Расында да шашым ұзын болатын. Екі шешем (туған анам мен әжем) шашымды қымызбен жуып мәпелейтінін білетін Сәбит: "Бір үйдің еркетотайы едің, қайдан білейін күте алып жүрсің бе, жоқ па шашыңды" - дейді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет