Сейфуллин оқулары – 9



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі61 Kb.
#7889

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы

білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық конференция

материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские

чтения – 9: новый  вектор  развития  высшего  образования  и  науки» посвященная  дню  Первого

Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.1, ч.2 – Б. 121-125



СУ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ

Кенжибаева  Г.С., Есембай М.Б., Нурман Т.Б.

Табиғат  байлықтарының ішінде  судың орны  ерекше.  Сусыз  жер  бетінде

тіршіліктің болуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  «Су - өмір  нәрі»  деп  бекер

айтылмайды.  Жер  бетіндегі  тіршіліктің барлық формасы үшін  су қажет,  онсыз

тіршілік  процесі  жүрмейді.    Жер  бетінің  77,5 процентін  су  алып  жатыр.  Су

қорларына - өзен- көл,  теңіз-мұхит,  жер  асты  сулары,  мұзды  және қарлы

аймақтағы  су,  атмосфералық ылғал  кіреді.    Жер  шарының сулы қабатын,  яғни

өзен-көл,  теңіз-мұхит,  жер  асты  сулары,  тоған,  су қоймалары  және  шалшықты-

батпақты жерлер жиынын – гидросфера деп атайды.

Су – түсі,  иісі  және  дәмі  жоқ сұйық зат,  жақсы  ерітуші,  айқын

копиллярлық қасиеті бар. Суды, негізінен тіршілік иелері – адамзат, жан-жануар,

микроорганизмдер 

және

өсімдіктер 



дүниесі 

пайдаланады. 

Су, 

тірі


организмдердің дене  кұрамына  кіріп,  ондағы  зат  және  энергия  алмасуына

қатысады.  Денедегі  су  мөлшері  10-12  процентке  кемісе,  адам әлсіреп,  шөлдеп,

аяқ-қолы  дірілдеп  жалпы  жағдайы  нашарлай  бастайды.  20-25  процентке  кемісе

өмір сүруі тоқтайды. Бір адам жылына 50 тонна суды пайдаланатын көрінеді.

Мыңдаған  жылдар  бойы  тарихында  адам  баласы  тұщы  судан  таршылық

көрмей, өзінің тұрмыс қажеттерін толық қанағаттандырып келді. Алайда «судың

да  сұрауы  бар»  емес  пе?  Адам  баласының мәдениеті  мен  техниканың,  өндіріс

құралдарының жетілуі,  осы  арқылы  халық санының артуы  суға өз  ықпалын

тигізбей қойған  жоқ. Адам  баласының суға  деген қажеттілігі  арта  түсті.  Бұл

қажеттіліктің артқаны  сондай, өндірістер  шоғырланған  және  халық тығыз

орналасқан жерлерде  су  тапшылығы  анық байқалып  отыр. Ғалымдардың есебі

бойынша жер  шарындағы барлық суды  адам баласына бөлетін болса, әр  адамға

3800 миллиард литрден су  келеді екен. Алайда, сонша көп судың екі процентке

жетер-жетпес  бөлігі ғана  ішуге  жарайтын  тұщы  су.  Судың жетіспеуі  осыдан

шығып отыр. Сондықтан, қазіргі адам баласының назары теңіздің ащы суларын

тұщыландыру мәселесіне ауып отыр.

Тұщы  сулардың  қоры  жалпы  су қорларының  2,5%  құрайды,  немесе  35

млн.км.


3

.  Бұл  сулардың орташа  тұздылығы  1г/л  аспайды.  Планетаның  әр

тұрғынына  келетін  тұщы  су  мөлшері  шамамен  8  млн.м.

3

.  Тұщы  сулардың  30%



жер астындағы сулар. Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтарда,

Арктика  мен  Антарктида  мұздарында – 97%  .  Антарктидада  мұздың ең  қалың

4,78  км  теңіз қабаты  және  дүние  жүзі  бойынша  ең таза  суы  бар  теңіз  Уэддела

осы  Антарктидада  тіркелген.  Оның мөлдірлігі  тазартылған  судыкіндей.  Жер

шарындағы барлық өзендер 650-700 жыл ішінде қанша су берсе, тау мұздарында

да  сонша  су  бар.  Адамзаттың  өз  тіршілігіне  пайдалана  алатын  судың мөлшері



тек  3%  (өзен,  көл  және  су қоймаларының сулары),  су  көздерінің басым

көпшілігін пайдалану өте қиынға түседі.

Таза  және қауіпсіз  ауыз  суға  деген  мүмкіншілік  адамның негізгі

сұраныстарының бірі.  Есептеулер  бойынша  дамушы  елдерде  шамамен  1  млрд.

Адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға

тапшы  болып  отыр.  Су  жетіспей  отырған  елдерге  Солтүстік  Африка,  таяу

Шығыс,  Азия  мемлекеттері  жатады.  Су  мен  су  ресурстарының жетіспеуі

көптеген  Оңтүстік  Африка  елдерінің дамуында  да  тежеуші  факторлардың бірі

болып тұр. Өте үлкен мөлшерде суды Европа елдері қолдануда.

Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды

жақсартудағы  ролімен  тікелей  байланысты.  Адамның санасының  өсуінің

нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде.

Қазіргі  уақытта  шамамен  2  млрд.  адам  канализациясы  бар жағдайға қол

жеткізе алмай отыр, 5 млн. адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар, жыл сайын таза

судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде.

Қаладағы  су құбырларынан  басқа  сулар  табиғи  ресурстарға  жатады  және

қоғамдық меншілікке қарайды. Су ресурстарын қолдану, оны ары қарай дамыту

мен  оны қолдануға  контроль  жасау  тек ұлттық мүдде  тұрғысынан ғана  емес,

халықаралық бірлестік дамытуды талап етеді.

Жер  бетіндегі  таза  судың  қоры  жеткілікті  көрінгенмен, әлемнің көп

аймақтарындағы  халық  өте  аз  мөлшерде ғана  таза  суды қолданып  отыр.

Әлемдегі барлық өзендердің суларының жылдық көлемі шамамен 42600 км

3

, ал


бұл  1995  жылғы  есептеулер  бойынша  адам  басына  шаққанда  7600м

3

келеді.



Бірақ та  адам  санының  өсуіне  байланысты  бұл  шама  жыл  сайын өзгеруде.

Мысалы,  1970  жылы бұл  шама  12900  болса,  2005  жылы  ол  5200м

3

-ге  дейін



төмендеуі мүмкін.

Жыл  сайын әр  түрлі өнімдермен  ластанған  және  арнайы  тазартусыз

пайдалануға келмейтін су объектілерінің саны көбейіп келеді. Су қоймаларының

ластануы  су  экожүйесінің  құлдырауына әкеліп,  табиғи  судың сапасын қалпына

келтіретін  гидробионтардың тіршілік  жағдайын қиындатады.  Көп  жағдайларда

табиғи  су  объектілерінен  алынған  судың тек  бір  бөлігі ғана қайтадан  су

экожүйесіне қайтып  оралады,  ал  көп  бөлігі  далаға  кетеді  және  буланып ұшып

кетеді.  Таза  суды өте  көп қолданушылар  мен  ластаушылар қатарына  ауыл

шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс орындары жатады.

БҰҰ деректері  бойынша  елдің суға  деген  сұранысы  су қорының  40%-тін

құрайтын  болса,  ол  жағдайда  бұл  елде  су  проблемасы  пайда  болады.  Бұл

жағдайда  су  проблемасы  осы  елдің

экономикалық

дамуын  тежеуші

факторлардың біріне  айналады.  Соңғы  уақытта  таза  ауыз  суды  жер  асты  су

көздерінен  алып  пайдалану өсіп  барады.  Бұл  адамзаттың  өмірге өте қажетті

ресурстарының азаюына әкелуде.  Жыл  сайын  планетамыздың жер асты  су

қоймалары 160 млрд. м

3

таза судан айрылуда. Судың мұндай үлкен көлемі оның



айналымы кезінде орнына қайтып келмейді.

Таза суға деген жетіспеушілік пен оның ұқыпты түрде қолдану мәселелері

бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар сол елдің тұрақты

түрде  дамуында,  халқының денсаулығында  және  тұрмыстық жағдайының

деңгейінде, өнеркәсіп  пен  тамақ  өндіруде  маңызды  роль  атқарады.  Болашақта


бұл жағдай қиындай түсуі мүмкін. XXI ғасырдың ортасына қарай Жердің негізгі

стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы ғажап емес.

Деректер  бойынша  2005  ж. әлемнің  50 шақты  елінде  тұратын  3  млрд.

халық ауыз  су  тапшылығына  тап  болады.  Бұл  жағдай  суға  байланысты

экологиялық және қоғамдық шиеленістерді қиындатады. Қазірдің өзінде Африка

мен  Таяу  Шығыс  елдеріндегі  ауыз  судың жетіспеушілігі  кедейлік  пен  артта

қалғандықты,  политикалық тұрақсыздықты әкеліп  отыр.  Судың жетіспеушілігі

этникалық және  мемлекетаралық  қақтығыстардың себебі  болып  отыр.  Египет,

Судан мен Эфиопия елдері Ніл өзенінің суына таласуда. 1998 ж. жаз айларында

жарты  миллионға  жуық палестинстерге  Иордан өзенінің батыс  жағалауынан  су

алуға  кедергі  жасалды,  бұл  Израиль  мемлекетіне  деген қатты  наразылықты

тудырды.  Индия  мен  Бангладеш  төменгі  жақтарында  кейде  кеуіп қалатын  Ганг

өзенінің ағымына байланысты араздасуда. Алдағы уақытта Ресей мен Қазақстан

Қытай  мемлекетінің су  саясатының  әсерін  сезінуі  мүмкін.  1999  жылдан  бастап

Қытайда  Ертіс өзенінің жоғарғы  ағынын  басқа  жаққа  бұру  басталды. Қазірдің

өзінде бұл өзеннің ластануы күшейіп, өзендегі су көлемі азайып келеді.

Жеке елді аймақты таза сумен қамтамасыз ету проблемалары тек сол елге

ғана қиындық  әкелмей  бүкіл әлемдік  дағдарысқа үлес қосады.  Сондықтан  да

мұндай  дағдарыстық жағдайларды  шешу  бүкіләлемдік  бірлесіп  іс-әрекет

жасауды  талап  етеді. Үлкен  ойшылдықпен  және  болашақтық тұрғыдан  суға

адамзаттың негізгі стратегиялық ресурсы ретінде қарау XXI ғасырдың маңызды

бағыттамаларының

бірі  болып  тұр.  БҰҰ

Ассамблеясы  2003  жылды

«Халықаралық таза ауыз су жылы» деп белгіледі.

Судың жетіспеуінің алдын  алуға  бағытталған  іс-шараларға  ең алдымен

суды  тиімді  пайдалану  мен  оны  территориалдық жағынан өзгерту  жатады.

Судың сарқылуы  мәселесін  шешу үшін  төмендегі  іс-шараларды  жүзеге  асыру

қажет:

1) суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану;



2) өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану;

3) ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау.

Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты;

4)  ауыз  суды  тамаққа,  тұрмыстық мақсатта  пайдаланатын  судан  бөлек

құбырмен  беру.  Суды  мөлшерлі  түрде  беру  және  оның ысырап  болуына  жол

бермеу;


5) суға  экономикалық тұрғыдан  негізделген  баға қою.  Нақты  бағалау

нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.

Судың ластануын  кеміту  шаралары  ең алдымен  суды  пайдалану,  тазалау

әдістері мен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты суды тазарту

әдістерінің ішінде биологиялық әдістер өте тиімді және жақсы нәтиже береді.

Қазіргі  кезде  халықтың  өсуіне  байланысты  және  оның ірі қалаларына

шоғырлануы,  сондай-ақ  өндіріс  орындарының сонда  жинақталуынан  суға  деген

сұраныс  күрт өсіп  кетті.  Және өндірістік  ағынды  сулардың көлемі  де  көбейді.

Көптеген өндіріс  мекемелері  осы  ағынды  суларды  су құбырларымен өзендерге

жіберіп,  оларды  ластайды.  Осының салдарынан өзендер  мен  көлдердің тым

ластанып  кеткендігі  соншалық оларды  ішу  және  жұмыстық  қажетке  пайдалану

былай  тұрсын, өндіріс  мақсаты үшін  де  пайдалану қиынға  соғуда.  Сонымен



қатар  мұндай  лас  суларды  пайдалану  тұрғындардың денсаулығына  да  зиянды

әсерін  тигізуде.  Жер үстіндегі  сулардың ластануы, әсіресе,  ірі қалалар  мен

өндіріс кешендерінде санитарлық нормадан әлдеқайда артық екендігі анықталып

отыр.  Мәселен,  Орал,  Тобық, Есіл өзендері  ағынды  лас  суларды  көп  жинайтын

болғандықтан қазір қатты  ластанып  отыр.  Сол  сияқты  Ертіс  бассейні  де

экологиялық жағынан  таза  емес.  Судың  құрамында  ауыр  металдардың  (цинк,

кадмий,  мышьяк,  фенол  және  басқалары)  иондары  көп,  олар өзенге  негізінен

металлургиялық өндірістің ағынды суларымен келеді.

Орталық  Қазақстандағы  Нұра өзенінің суында  сынап өте  көп.  Оның

құрамындағы  азоты  бар  заттардың концентрациясы  тым  жоғарылап  кеткен.  Ал

Сырдария өзені  және  Шардара  су қоймаларының суларының ластануы әр  түрлі

улы  химикаттардың  әсерінен  екендігі  баяғыдан  белгілі.  Сол  сияқты  Балқаш

көлінің суы  «Балшахмед» өндірісінің улы  химикаттарының ағынды  суларының

әсерінен  ластануда.  Химиялық заттарды  ауыл  шаруашылығына  шамадан  артық

пайдалану  және өндірістік  ағынды,  коллекторлы-дренажды  суларды  жаппай

жіберудің салдарынан өзендерге  тұзды  концентрация  көбейді. Өзендер  мен

көлдердің жер  асты  суларының ластануы  негізінен  оларға  ағынды  лас  суларды

жіберуден  болып  отыр.  Су құбырларын  көп  ластайтын өндіріс  орындарына

целлюлоза-қағаз,  химия,  мұнай өндірістері,  металлургиялық және  тау-кен

өндірістік мекемелері жатады.

Қоршаған  ортаны қорғаудың тиімділігін  жоғарылаудың ең басты  жолы -

өндіріске  ауа,  топырақ және  су құбырларының ластануын  кемітетін қор  сақтау,

аз қалдықты  және қалдықсыз  жаңа  технологиялық процестерді  кеңінен  енгізу.

Осындай қор  сақтайтын  технологияның бірі - Әл-Фараби  атындағы қазақтың

ұлттық

университетінің жасаған,  суды  лазермен  активизациялау.  Белгілі



жиелікте,  аз қуатпен  суды  лазердің сәулесі  арқылы  активизацияланғанда

сингитті  оттегі

қозады,  содан  барып,  суды

тез  активизациялайды.  Су

қоймаларын, өзенді  тазарту,  мал  шаруашылығына қажетті  жоғары  белокты

жемшөп  алу үшін  лазерлі  агрогидроэнергетикалық модуль  жасалды.  Мұны

технологиялық жағынан  сынау  және өндіріске  енгізу  Алматы қаласының

Сорбұлақ көлінде,  Ертіс өзенінде және  Бұқтырма су қоймасында жүргізілді. Ол

үшін өзен  және  су қоймаларын  тазартудың тиімділігін  анықтау  жұмыстары

атқарылады.  Бұл  лазерлі  агроэнергетикалық

модульді

қолдану  арқылы

биологиялық сапасы  жоғары  су  алу қамтамасыз  етілді.  Сонымен қатар  бұл

модуль  судағы  ауыр  металдардың иондарын  және  улы  органикалық заттарды

айтарлықтай  кемітеді.  Гидроегістікке  лазерді қолдану  көк  балаусаның  өнімін 8-

10  есе  жоғарылатады,  судың бактериялық ластығын  10  есе, қорғасынның

иондарын 40, никельді 80, кадмийді 55, сынапты 69, фенолды 48, мысты 50%-ке

қысқартуға  болатындығы  дәлелденді.  Суды  резонансты  лазерлі әдіспен өңдеу

анаэробты  бактериялардың

және  вирустардың  өмір  сүруін  тоқтатады,

эпидемиялық аурулардың шығу  мүмкіндігін  төмендетеді,  хлор  және  басқа

тотықтырушыларды қолданбай-ақ судың тотықтану қасиетін  жоғарылатады.

Сонымен, өсімдіктерге,  жануарларға  және  адамға қажетті  биологиялық жоғары

сапалы судың алынуына жағдай туғызады.

Қазір  ауыз  суға  деген  сұраныс  күн  санап өсуде.  Судың, біріншіден,

санитарлық жағынан  сапасы  жоғары  болуы қажетті,  екіншіден,  суды үнемді



пайдалану  керек.  Ауыл  шаруашылығында  егісті  суарудың тиімді әдістерін

қолдану қажет.  Мысалы,  аэрозольді әдісті қолданғанда  ауа, өсімдік  және

топырақ кішігірім тамшылар арқылы бірқалыпты ылғалдандырылады.

Жер жүзі  бойынша  мыңға  жуық тұщыландыру қондырғылары  бар.  Олар

тәулігіне  1,5  млн.  Текше  метр  су  тұщылайды.  Бұл әрине  аз.  Оған қоса

тұщыланған суды қажетті мөлшерге дейін минералдандыру өте қымбатқа түседі.

Сондықтан бұл әдіс жақын араның ішінде қажетті мөлшерде тұщы су береді деп

айту қиын. Дегенмен техникасы жетілген жағдайда болашақта адамдарды сумен

қамтамасыз етуде белгілі орын алуы тиіс.

Суды  көбейтудің тағы  бір  жолы – мәңгілік  суды  еріту.  Мұның  әдісі  көп.

Мысалы  полярлық мұздарды  сол  жерде  ерітіп қажетті жерге  тасу.  Бұл өте

қымбатқа  түседі  және  еңбекті  көп қажет  етеді.  Тау  мұздарын  ерітіп  және

қайтадан қолдан қар  жауғызу  арқылы қажет  кезінде  су  алып  тұруға  болады.

Мұздан  су  алудың көптеген әдістерінің ішіндегі  тиімдісі – мұзтауларды  еріту

болып табылады. Оның саны өте көп. Н.Н.Горскийдің деректері бойынша совет

зерттеушілері  Антарктидадан ғана  4165  текше  км  су  беретін  31000  мұзтау

тапқан.  Оларды  Африка  және  Солтүстік  Америкаға  және  тағы  басқа  жерлерге

жеткізудің жобалары  да  бар.  Мұзтауларды  ауыз  су  ретінде пайдаланудың

экономикалық тиімділігі  және  оның тасып әкелген  жердің ауа  райына  ықпалы

есептелді. Бұл әдіс адам баласын су тапшылығынан құтқара алады, бірақ жақын

арада  іске  аса қоятын  шаруа  емес.  Себебі  мұз  тасылудан  болатын  табиғат

өзгерісін әлі ешкім анық болжалдай алмай отыр.

Тағы  бір  айта  келетін  жай – ағын  суларды  су құбырларына  жіберіп,  суды

ластаған өндіріс  орындары  мен  мекемелерді  халықтың игілігіне,  тұрмыс

қажетіне  пайдаланып  жүрген  су құбырларына  не  болса  соны,  яғни  тамақ

қалдықтарын,  шөлмектер  мен  синтетикалық,  өзен  мен  көл  жағасына  барып

машиналары мен техникаларын жуып, суды ластап және жағадағы жасыл шөпті

өртеп,  ағаштарды  кесіп  отқа  жағып, қоршаған  ортаны  ластап,  табиғатты

бұзушыларды заң жүзінде қатаң тәртіпке шақыру керек.

Біздің Қазақстанда минералды (құрамында 1-6 г/л тұзы бар) су қорлары өте көп,

оларды  тиімді  пайдалану қажет.  Ал  ол үшін  суды  тұщыту  керек.  Ал өндіріс

орындары  мен  шаруашылықтар  лас  ағынды  және  аяқ суларды  су құбырларына

жібермегендері  жөн.  Ластанған  су  көздерін  лазер  технологиясы  арқылы

тазартқан  тиімді.  Ол әрі  арзан,  адамның денсаулығына  да  зиянды әсер  етпейді.

Бұл ғылыми  озық  әдіс  бойынша  еліміздің кез  келген өзендері  мен  көлдерінің

суларын 


тұщытып, 

ауыз 


суға 

пайдалана 



аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет