Сейказин Рустем Болатович. 0304000 «Стоматология» мамандығының 0304023 «Дантист»біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы



бет23/30
Дата13.04.2023
өлшемі120,04 Kb.
#82547
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
apat medicinasy

АРТЕРИЯЛАР (грекше “arteria” – “тыныстық түтік”) – оттекпен тотыққан қанды жүректен алып шығып, денедегі мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар.
АЦИНУС (латынша “acinus” – “жидек”, “түйіршік”) - өкпенің ұсақ бронхиолдар мен альвеолдарынан түзілген, әрі құрылымдық, әрі қызметтік бірлігі.
АСЕПТИКА микроорганизмдердің мүлдем болмауын асептика деп атаймыз. А – жоқ деген мағына. СЕПСИС – микроб немесе инфекция
АНТИСЕПТИКА микробтардың жараға түскеннен кейін олармен күресіп санын азайту антисептика деп аталады. АНТИ – қарсы, СЕПСИС – микроб немесе инфекция
ВЕНАЛАР (латынша “vena” – “қантамыр”) – көмірқышқыл газымен тотыққан қанды, зат алмасу өнімдерін, гормондарды және т.б. заттарды мүшелерден және ұлпалардан жүрекке қарай тасымалдайтын қантамырлар.
ВЕНТРАЛЬДЫ (латынша “venter” – “құрсақ”) – дененің құрсақ тұсы деген ұғымды білдіреді.
ГИПОТАЛАМУС (грекше “hypo” – “асты”, “төменгі тұсы”, “thalamus” – “бөлме”) – организмнің вегетативтік қызметі мен көбеюін реттейтін және жүйке мен эндокриндік аппараттың өзара тоғысатын аралық мидың бөлімі. Г. шығу тегі жөнінен мидың ерте пайда болған бөліміне жатады. Ол барлық хордалы жануарларда болады. Ал, сүтқоректі жануарларда гипоталамус өте жақсы дамыған.
ГИПОФИЗ (грекше “hypophysus” – “өскін”, “өсінді”) – мидың төменгі қосалқы бөлімі деп саналады. Ол омыртқалы жануарлар мен адам миының негізінде орналасқан ішкі секреция безі.
ГОРМОНДАР (грекше “hormo” – “қоздырамын”, “қозғалтамын”) – ішкі секреция бездерінен және организмдегі арнайы клеткалар шоғырынан бөлініп, мүшелер мен ұлпалардың үйлесімді жұмыс атқаруына әсер ететін биологиялық белсенді заттар.
ДЕНДРИТ (грекше “dendron” – “ағаш”) – нейронның тармақталған көптеген қысқа өсінділері.
ДЕРМА (грекше “derma” – “тері”) – омыртқалы жануарлардың терісінің эпидермис қабатының астында орналасқан дәнекер ұлпадан түзілген қабаты. Оны кейде кутис (латынша “cutis” – “тері”) немесе нағыз тері қабаты деп те атайды.
ДИАФРАГМА (грекше “diaphragma” – “перде”) – сүтқоректі жануарларға тән кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын жұқа күмбез пшінді сыңар бұлшықет. Оны қазақша “көкет” деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет