Сейказин Рустем Болатович. 0304000 «Стоматология» мамандығының 0304023 «Дантист»біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы


ДИСТАЛЬДЫ (латынша “disto” – “артта қалу”) – дененің орталығынан алшақ қашықтықта немесе медиальды жазықтықта орналасуы деген ұғымды білдіреді. ДОРСАЛЬДЫ



бет24/30
Дата13.04.2023
өлшемі120,04 Kb.
#82547
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
ДИСТАЛЬДЫ (латынша “disto” – “артта қалу”) – дененің орталығынан алшақ қашықтықта немесе медиальды жазықтықта орналасуы деген ұғымды білдіреді.
ДОРСАЛЬДЫ (латынша “dorsalis” – “арқа”, “арқа тұсы”) – мүшенің немесе ұлпаның денесінің арқа тұсында немесе арқаға жақын жерінде орналасқан деген ұғымды білдіреді.
ЖҮРЕКШЕ (предсердие) – көптеген жануарлардың жүрегінде болатын қуыс (камера). Жүрекшелердің қабырғасындағы бұлшықеттер қарыншалардың қабырғасындағы бұлшықеттермен салыстырғанда жұқалау болады.
ЖАРАҚАТ тіннің бүтіндігінің бұзылуын жарақат деп атаймыз. Ол ашық және жабық болып екіге бөлінеді
ЕВСТАХИЕВ ТҮТІГІ (италиян анатомы Евстахий Бартлемеоның (1510-1574) атымен аталған) – көптеген омыртқалы жануарлардың ортаңғы құлағындағы қуысты жұтқыншақпен байланыстырып тұратын түтік. Олар ортаңғы құлақ қуысындағы ауа қысымын сыртқы ортадағы қысыммен теңестіріп тұрады. Оны қазақша есту түтігі деп те атайды.
ЕСТУ СҮЙЕКШЕЛЕРІ – кейбір омыртқалы жануарлардың ортаңғы құлақ қуысында орналасқан төс, балғашық, үзеңгі сүйектерінің жиынтығы.
КАПИЛЛЯРЛАР (латынша “capillaris” – “шаш тәрізді”) – тұйық қанайналым жүйесі бар жануарлардың мүшелері мен ұлпаларында таралған өте ұсақ қантамырлар. Олардың диаметрі 2,5-3,0 мкм. Капилляр қантамырларын алғаш рет 1661 жылы сипаттап жазған италиян ғалымы Марчелло Мальпиги (1628-1694). Капилляр қантамырлары ұсақ артериола қантамырларын ұсақ венула қантамырларымен байланыстырып тұрады.
КИФОЗ (грекше “kyphos” – “иілім”) – адамның омыртқа жотасының арқа және сегізкөз бөлімдерінің артқа қарй иілімі. Бұл адамның тік жүруіне байланысты қалыпты иілім.
КҮЮ адам терісінің химиялық радияциялық немесе термиялық бұзылысын күю деп атаймыз
ҚҰЛАҚША – жүректегі жүрекше қуыстарының сыртында орналасқан қосымша қуыстар.
ЛАТЕРАЛЬДЫ (латынша “lateralis” – “сыртқы шеті”, “бүйір шеті”) – дененің немесе мүшенің сыртқы шеті (жиегі) деген ұғымды білдіреді.
ЛЕЙКОЦИТТЕР (грекше “leikos” – “ақ”, “kytos” – клетка (жасуша) – шығу тегі бірдей, бірақ құрылысы мен атқаратын қызметтері әр түрлі түссіз қан клеткаларының тобы.
ЛИМФА (латынша “lympha” – “тұнық су”, “ылғал”) – омыртқалы жануарлардың лимфа жүйесі арқылы мүшелерден және ұлпалардан тек жүрекке қарай үнемі ағып тұратын, әрі организмнің ішкі ортасының тұрақты (қалыпты) болуын қамтамасыз ететін мөлдір сұйықтық.
ЛОРДОЗ (грекше “lordosis” – “иілім”, “бұрылу”) – адамның тік жүруіне байланысты омыртқа жотасының алға қарай қалыпты иілімі. Адамда омыртқа жотасының мойын және бел бөлімдері алға қарай иілім түзеді. Оны мойын және бел лордоздары деп атайды.
МЕДИАЛЬДЫ (латынша “medius” – “ортаңғы”, “ішкі”) – дененің медиальді (ішкі) жазықтығына жақын орналасқан деген ұғымды білдіреді. Мысалы, білектегі шынтақ сүйегі медиальды орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет