Сейказин Рустем Болатович. 0304000 «Стоматология» мамандығының 0304023 «Дантист»біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы



бет26/30
Дата13.04.2023
өлшемі120,04 Kb.
#82547
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
ПРОКСИМАЛЬДЫ (латынша “proximalis” – “денеге жақын”) - денеге жақын орналасқан сүйектердің шеті немесе мүшелер деген ұғымды білдіреді.
РАДИАЦИЯ альфа, бетта, гамма сәулелерінің жан-жаққа таралып, сіңуін радиация деп атаймыз
РЕТИКУЛЯРЛЫҚ формация (латынша “reticulum” – “торлы” “тор”, “formatio” – “түзіліс”, “түр-тұрпат”) – жұлында, сопақша мида, ортаңғы мида және ми көпірінде орналасқан біртұтас қызмет атқаратын жүйке құрылымдарының жиынтығы. Ол дененің қозғалыс әрекеттеріне бақылау жасайды.
РЕЦЕПТОРЛАР (латынша “receptor” – “қабылдау”, “қабылдаушы”, “сезуші”) сыртқы және ішкі орталардан келген тітіркендіргіштерді қабылдайтын жүйке клеткаларының арнайы сезгіш түзілістері. Олар жүйке жүйесінің белсенді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Рецепторлар жүйке талшықтарының ұштарын құрайды.
САНГВИННИК епті, күшті, шешім тез қабылдайтын, көп нәрседен қорықпайтын, эмоциялық жағдайы тұрақты адам
САГИТТАЛЬДЫ (латынша “sagita” – “жебе”) дененің алдынан және артына қарай бөлетін жазықтық. Сагиттальды жазықтық денені екі симметриялы бөлікке бөледі.
СИМФИЗ (грекше “syn” – “бірге”, “phis” – “қосылу”) – жартылай қозғалыс жасай отырып бірігу немесе қосылу деген ұғымды білдіреді. Мысалы, шат сүйектерінің бірімен-бірінің жанаса қосылуын атауға болады.
СЫНЫҚ сүйектің бүтіндігінің бұзылуын, сыну немесе сынық деп атаймыз. Ол ашық және жабық болып екіге бөлінеді
ТАЛАМУС (грекше “thalamus” – “бөлме”) аралық мидың кейіннен пайда болған орталық бөлігі. Оның қалыптасуы тікелей алдыңғы ми қыртысы мен тығыз байланысты болады. Ол ортаңғы ми мен алдыңғы ми сыңарларының аралығында орналасқан. Ол алғаш рет сүйекті балықтарда пайда болады. Оны кейде көру төмпешіктері деп те атайды.
ТРОМБОЦИТТЕР (грекше “thrombos” – “жентек”, “kytos” – клетка) омыртқалы жануарлар қанында кездесетін қан клеткаларының ерекше бір тобы. Олар жарақаттанған жердегі қанның ұюын қамтамасз етіп қорғаныштық қызмет атқарады.
ҮСІК адам ағзасының температураның төмендеу әсерінен болатын қайтымды және қайтымсыз өзгерістерді үсік деп атаймыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет