Кері сәйкестікте образ бен прообраздың орындары ауысып келетіндіктен f функциясына кері функция болу үшін f: AB f функциясының мәндер жиынының әрбір b f элементінің жалғыз ғана үлгісі болу керек. Бұдан f: AB функциясы өзінің анықталу облысы мен мәндер облысының өзара бір мәнді сәйкестігі болса ғана оған кері функция болатындығы көрінеді.
Егер h(x) = g(f(x)), мұнда хА орындалса h:АС функциясы, ал f және g функцияларының композициясы деп аталады және f(g) белгіленеді.
Көбіне h функциясы f ті g –ң орнына қойғаннан алынды деп айтады. Көп орынды f: Ат В, g: Вn С функциясы үшін f-ті g –ға қоюдың әртүрлі варианттары бар. Нәтижесінде әртүрлі типтегі функциялар алынады. Мысалы, т = 3 және п = 4 үшін h = g (x1, f(у1,у2, у3), х3, х4) функциясында 6 аргумент бар ал оның типі В А3 В2 С. Аргументтерін басқаша атап f1, ..., fn функцияларын бір-біріне қойғаннан алынған функция f1, ..., fn функцияларының суперпозициясы деп аталады. Бұл суперпозицияны және функционалдық белгі мен аргументтердің символдарын сипаттайтын өрнек формула деп аталады.
Функциялардың берілу тәсілдері:
- график түрінде;
- кесте;
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |