"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Сәйкестікті бағалау қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вицеминистріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс

Жалпы ережелер
1. Осы сәйкестікті бағалау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 7-бабы 2- тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәйкестікті бағалау тәртібін айқындайды. Осы Қағидалар өнімнің, көрсетілетін қызметтер мен процестердің Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде, стандарттау жөніндегі құжаттарда және (немесе) өтініш берушінің талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде қолданылады. Осы Ереже сәйкестікті міндетті және ерікті растау кезінде қолданылады.
Өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында және (немесе) сертификаттауды жүргізу және сәйкестік сертификатын беру нысанында жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында өнімдер мен процестердің сәйкестігін растау міндетті немесе ерікті сипатта болады.

Сәйкестікті міндетті растау тиісті техникалық регламентте белгіленген жағдайларда ғана және оның талаптарына сәйкестігіне ғана жүргізіледі