Сейтимбетова Айгерим Байдуллаевна Кауымбек Индира Сейтбеккызы Оразбекова Раушан Асансеитовна «Математикалық есептерді шешуге арналған программалық құралдар» пәні бойынша Дәрістер курсы білім беру бағдарламасы



бет11/14
Дата11.12.2023
өлшемі0,76 Mb.
#137437
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
multi-82977 x475124888

Тақырып 6. Бағдарламалар көмегімен статистикалық мәліметтерді өңдеу

"Электрондық кесте" термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:





  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.




  1. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін

зерттеу.


  1. Тиімді ету мәселелерін шешу.




  1. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

  2. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.




  1. Мәліметтерді статистикалық талдау.

34


Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.

Функция – Excel жұмыс кітабында стандартты есептеулерді орындау үшін қолданылады. Функцияны қолдану үшін, ұяшыққа формуланың бір бөлігі ретінде енгізу керек. Барлық функцияның жазылуының өз синтаксисі бар. Егер синтаксис ережесі бұзылса, онда Excel формулада қате бар екенін хабарлайды. Функция алдында теңдік белгісі қойылу керек. Функция аргументі функция аты жазылғаннан кейін дөңгелек жақшаға жазылады. Функция және дөңгелек жақша арасына бос орын қалдыруға болмайды. Аргумент ретінде сан, текст, логикалық мәндер, массив, сілтемелерді қолдануға болады және аргумент функция типіне сай болып келу керек.


Жұмыс істеу мүмкіндігі қолайлығына қарай Excel-де функциялар келесідей категорияларға бөлінеді: тізім және мәліметтер қорын басқару функциясы, уақыт және мерзім функциялары, ішкі функциялары, инженерлік, финансистік, ақпараттық, логикалық, сілтемелік. Сонымен қатар келесідей


функция категориялары бар: статистикалық, текстік, математикалық.


Текстік функция арқылы тексті өңдеуге болады: символдарды текстен алу, керекті символдарды алу, қатаң белгіленген орынға символдар жазу және тағы басқа.


Мерзім және уақыт функциясы арқылы кез келген практикалық тапсырмаларды орындауға болады.




Мысалы: жасын есептеу, жұмыс стажын, әртүрлі уақыттағы жұмысшылар санын анықтау.

Excel-де математикалық функциялар кеңінен қоланылады. Мысалы: матрицаларға әртүрлі операциялар жүргізуге


болады: көбейту, қосу, анықтауышын табу тағы сол сияқты.


Статистикалық функциялар арқылы статистикалық модельдерді жүргізуге болады.


Математикалық функцияларды келесідей топтарға жүктеуге болады:


1 Тригонометриялық және бұрыштармен жұмыс үшін қолданылатын функциялар





  1. Логарифмдік және дәрежелік функциялар

35


  1. Ықшамдау функциялары




  1. Матрицаларға қолданылатын операциялар

  2. Арифметикалық функциялар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет